Гормондар биохимиясы


Жасуша пролиферациясына әсері



бет43/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Жасуша пролиферациясына әсері: инсулин тирозино-фосфатты каскад арқылы әсер ете отырып, сонымен қатар жасуша бөлінуінің күшеюіне алып келетін транскрипция факторларының белсенділігін ынталандырады.
Секрециясының реттелуі: инсулиннің секрециясы қандағы глюкоза мөлшерімен реттеледі. Гипергликемия қанға инсулин түсуін жоғарылатады. Кетонды денелер, ЖМҚ, бірқатар аминқышқылдары, оның ішінде аланин, аргинин және лейцин, глюкагон деңгейінің артуы, симпаткикалық жүйке жүйесінің тонусы және қандағы кальций мөлшерінің жоғарылауы да гормонның секрециясын күшейтеді. Гипогликемия кезінде гормонның синтезі тежеледі. Инсулиннің секрециясын СТГ және соматостатин бақылайды.
Глюкагон. Глюкагон 29 аминқышқылы қалдығынан құралған біртізбекті полипептидтік тізбектен тұрады. Лангерганстың α-жасушаларында препроглюкагоннан түзілетін асқазан асты безінің гормоны. Ішектің клегейлі қабығының кейбір жасушаларында түзіле алады. Ішектік глюкагон жергілікті әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет