Гормондар биохимиясы



бет44/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Нысана жасушалары: бауыр, миокард, май тіні, β - жасушалар.
Әсер ету механизмі: бірінші механизм, цАМФ арқылы.
Физиологиялық эффектісі: глюкагон биологиялық әсеріне байланысты адреналин сияқты гипергликемиялық гормонға жатады, қанда глюкоза мөлшерін жоғарылатады.
Глюкагон фосфорилаза белсенділігін арттырып, гликогенсинтетазаны тежейді. Бұл гликогеннің ыдырауы мен оның синтезінің төмендеуіне алып келеді. Глюкагонның әсерінің жалпы нәтижесі гликогеннің ыдырауын жылдамдатуы және бауырда оның синтезін тежеуі, соның салдарынан қанда глюкоза мөлшерінің артуы. Глюкагонның гипергликемиялық әсері анықталған, алайда гликогеннің ыдырауымен ғана емес, глюкагонның глюкогенолизге әсері қысқа мерзімді.
Гормонның әсерінен липолиз күшейеді, липолиздің өнімі глицерин глюконеогенез ұшін жұмсалады. Жоғары май қышқылдарының артық мөлшері кетонды денелерге айналады.
Гормонның секрециясы қандағы глюкоза мөлшерімен реттеледі, гипергликемия гормонның түзілуін тежейді, ла гипогликемия керісінше осы гормонның түзілуін үдетеді. Глюкагонның секрециясы сондай-ақ, қандағы кальций иондары және аргининнің мөлшерінің артуы кезінде де жоғарылайды. Глюкагонның секрециясын соматостатин бақылайды. Асқазан асты бездерінің эндокриндік қызметтерінің өзгеруі гипо- және гипер түрінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет