Қант диабетін емдеу. Инсулинге тәуелді қант диабетін емдеудің негізгі жолы – бұл диетотерапия, инсулинотерапия болып табылады. Диетамен диабетті емдеуде қатаң ережелер қолданылады: тәулігіне 4-5 рет тағам қабылдау, жеңіл сіңірілетін көмірсулық тағамдануға шектеу қоя отырып, қант, пиво, спиртті сусындарды, сироптарды, шырындарды, тәтті шарапты, печенье, банан, жүзім, тәтті нан тағамдарын және осы тектес тағамдарға мүлдем тоқтату қажет болады. Кейде диета сақтауды диабетті емдеудің ең дұрыс жолы деп те қарастырады. Алайда, инсулинотерапияға жүгіну арқылы да емделуге тура келеді. Бұл бәрібір диетамен емделудің бірден-бір жолы болып қала береді. Бұл әдіс негізінен гликемияның қалыпты жағдайда жүруін, басқаша айтқанда негізінен майлар мен гликоген тәрізді энергия берушілер алмасуын бақылау болып табылады.
Инсулинді тағамның құрамы мен қабылдау санына қарай белгілі ара-қашықтықпен және де науқастың инсулиннің биологиялық әсеріне сезімталдығына байланысты денеге егеді. Әдетте, күніне 1 немесе 2 инъекция қажет деп табылады, ал күніне 3 және одан көп инъекция қабылдау аурудың соңғы күрделенуінің (осложнений) алдын алудан жақсы қорғайды. Алайда, гликемияны медициналық бақылау қалыпты панкреатикалық аралшаларда қамтамасыз етілетін нәтижелерді дәл бере алмайды. Онда декомпенсация және кетоацидоздың қаупі сақталады, және соңғы күрделену де дамиды. Ем қабылдау өмір бойы жалғасады. Осындай ем қабылдай отыра, науқас 100 жасқа дейін де жасаған жағдайлар белгілі. Бірақ, бәрібір де науқастың орташа өмір сүру ұзақтығы жалпы орташа өмір сүру ұзақтығына қарағанда ⅓ -ге кем, бұл аурудың соңғы күрделенуіне байланысты.