Гипоталамус ОЖЖ-ден келетін сигналдарды қабылдайды және біріктіреді. Осы сигналдарға жауап ретінде гипоталамус либериндер мен статиндер деп аталатын рилизинг факторларын бөледі. Химиялық табиғаты бойынша олар қысқа пептидтер болып табылады(аминқышқылдарының 3-40 қалдықтары). Либериндер мен статиндер қанға бөлінбейді, порталдық капиллярлар жүйесі арқылы гипофизге жетеді және сол жерде гипофиз гормондарының түзілуі мен секрециясын реттейді. Либериндер ынталандырады, ал статиндер бұл процестерді тежейді. - -либериндер (кортиколиберин, тиролиберин, соматолиберин, пролактолиберин, фолликулиберин, гонадолиберин, люлиберин
- - статиндер (соматостатин, пролактостатин, меланостатин )
- Гипофизге түскен либериндер мен статиндер рецепторларымен байланысып , гипофиз гормондарының түзілуі мен секрециясын реттейді
Гипофиз гормондары: гипофиз үш бөліктен тұрады: алдынғы, ортанғы және артқы Гипофиздің алдынғы бөлігінде көптеген тропты гормондар түзіледі, олардың көпшілігі перифериялық эндокриндік бездердің жұмысын ынталандырады Соматотропты гормон (СТГ) - Жай белок болып табылады (191 АҚ)
- СТГ секрециясына ұйқы және стресс әсер етеді. СТГ секрециясының оң ретеушісі соматолиберин және теріс – соматостатин болып табылады
- Нысана-жасушалар: дененің барлық жасушалары мен тіндері
СТГ биохимиялық әсері - СТГ ағза өсу үшін қажет. Бұл әсер соматомедин деп аталатын ИФР-1 (инсулинге ұқсас өсу факторлары – I және II) арқылы іске асады. Ол бауырда қалыптасады және құрылымы проинсулинге ұқсас
- Белоктар алмасуы. СТГ аминқышқылдарының жасушаларға тасымалдануын және олардан ақуыз түзілуін ынталандырады. Нәтижесінде оң азотты баланс қалыптасады. РНҚ мен ДНҚ синтезі күшейеді, сондықтан СТГ анаболикалық гормондарға жатады.
- Көмірсулар алмасуы-СТГ инсулин антагонисті, (яғни қандағы глюкозаны жоғарылатады). Гипергликемия пайда болады
- Липидтердің алмасуы. СТГ әсерінен деподан липидтердің шығарылуы және олардың бауырда тотығуы күшейеді
-
Достарыңызбен бөлісу: |