Государственного педагогического


Список использованной литературы



бет29/29
Дата25.12.2016
өлшемі8,2 Mb.
#5258
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Список использованной литературы:

1. Деградация и охрана почв. //Под ред. Добровольского Г.В.Москва,2002,-654с.

2. Кузнецов М.С., Глазунов Г.П. Эрозия и охрана почв.-М.: МГУ, 1996, -334с.

3 Мирцхулава Ц.Е. Деградация почв и пути предсказания неблагоприятных ситуаций при орошении.// Почвоведение. 2001, №12, С.1503-1510.

4. Сейтказиев А.С., Салыбаев С.Ж., Байзакова А.Е., Музбаева К.М. Экологическая оценка продуктивности улучшения засоленных земель в пустынных зонах республики Казахстан. Тараз, 2011,-274с

5.Овчинникова М.Ф. Влияние различных факторов на гумусное состояние пахотной дерново-подзолистой почвы // Сб. “Развитие почвенно-экологическихисследований” (Ред.Минеев В.Г., Головков А.М.). М.: МГУ. 1999. С.154-162.

6.Овчинникова М.Ф. Влияние факторов природного и техногенного происхожденияна свойства и биопродуктивность дерново-подзолистой почвы//Агрохимия.2001. №8.С.18-26

7.Мустафаев Ж.С.,Сейтказиев А.С.,Успанова Б.Б. Методические основы оценки экологического потенциала ландшафта// Международн. заочную научно-практ. Конф.Россия, г. Новосибирск,4 апреля 2012 г. С.4-7

8. Панкова Е.И., Айдаров И.П. Вторичное засоление почв в бассейне Аральского моря как проявление антропогенного опустынивания.// Национальная программа действий по борьбе с опустыниванием в республике Узбекистан. Ташкент, 1999, С. 59-76.
Аннотация. Кешенді көрсеткіштер зерттеу нәтижесі негізінде , табиғаттағы ықпалдардың байанысы мен антопогендік жүктеме сипаты , топырақтың бұзылу түрлері және дәрежелік белгілерін бағалауды көрсетеді.Топырақтың қалыптасуындағы климаттың өзгеруіндегі алатын орнын бағалау үшін ,табиғи жағдайлардағы ылғал мен жылудың арақатынасындағы байланысты анықтайтын гидротермиялық алмасу көрсеткіштері анықталды.

Annotation. On the basis of results, the complex of indexes, allowing to estimate character and degree of expressed of signs depending on nature of factors, character of the anthropogenic loading, type of degradation, is worked out. For the estimation of role of climate in forming of soils,certain index of the hydrothermal mode, reflecting .

59(4Жам)

Ш78

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚЫСТАП ҚАЛАТЫН ҚҰСТАР.
Шолпакулова Г., Аралбек Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Табиғатта ерекше орын алатын тірі ағзалардың бірі – құстар. Құстар ерте заманнан бері әртүрлі мақсаттарға пайдаланылып келеді. Олар адамға тек дәмді ет, мамық және жұмыртқа беріп қана қоймайды, олардың сонымен қатар ауыл шаруашылығына да тигізетін пайдалары өте зор. Құстар негізінен күн жылы кезде белсенді тіршілік етіп, күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетіп отырады, бірақ құстар жылы қанды жануарлар қатарына жататындықтан, олардың біраз түрлері қыс айларында ұялаған аймақтарында қыстап қалып отырады.

Қыс - көптеген жануарлар үшін ауыр мезгіл. Құстар өздерінің тұрақты температураларының арқасында осы ауыр мезгілді еш қиындықсыз өткере алады.

Біздің Тараз өңірінде көбнесе қыстыгүні тек сүтқоректілер мен жылы қанды жануарлар, яғни құстар ғана активті тіршілік ету қаблетін сақтайды. Біздің Тараз қаласы оңтүстікте орналасқандықтан, қыс айлары соншалықты қатал болмайды, сол себепті де құстардың көптген түрлерін Тараз қаласынан кезіктіруге болады.

Көк кептер (Columba livia) – баршаға белгілі және таныс кептер. Орташа денелі (240-360 г, қанатының аламы – 60-70 см), басқа кептерлерден айырмашылығы: белі – ақ және қанатында екі көлденең қошқыл жолақ болады. Дәл осы түр барлық мәдени формалар мен қолтұқымдардың ата тегі болып саналады. Көк кептер баяғыдан бері Солтүстік Африкада, Еуропаның оңтүстік бөліктерінде және Азияда ұялап келген. Алайда адам қолға үйреткен соң Еуразияға, Қазақстанны барлық аумақтарында тарлған.

Көк кептер бастапқыда жартастарда және өзендердің жарында өмір сүрді, ал енді құрылыстардағы әр алуан қуыстарды пайдаланады. Шоғырлы құстар, барлық маусымдарда қауымдасып жүреді. Отырықшы құс болғандықтан, жылыстамайды. Ұясында екі ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқалардыаналығы мен аталығы он жеті күндей басады. Балапандар ұядан бір ай мөлшерінде немесе одан да көп мерзімде ұшады. Аталық пен аналық біраз күннен соң келесі жұмыртқаларды ұяға салуға кіріседі. Кептерлер қалада жылы шатыр астында өмір сүріп, жыл бойы көбейеді. Алуан түрлі азықпен қоректенеді, негізінен алғанда өсімдік тұқымын жейді, дегенмен адаммен қатарлас болған соң тағам қалдықтарымен де қоректенуге көшкен. Көк кептердің пайдасы айтарлықтай көп емес, бірақ оның етінің айрықша дәмі бар және оны әуесқой адамдар үй жағдайында әсемдік үшін қолда өсіреді. Ал зиянды жағы жаппай топтасқан орындарда, әсіресе адам қоныстанған жерлерде антисанитарлық жағдай туғызып, жұқпалы аурулар таратып, зиян келтіруі мүмкін. Көк кептер адамдарға жақын аумақтарда жүретіндіктен, сол аумақтарға жақсы бейімделген. Соның бір дәлелі: кептерлер жыл бойы тағам қалдықтарымен қоректенеді.

Қараторғай ( Sturnus vulgaris) – қараторғай туысының және бүкіл қараторғай тұқымдастарының ең танымал өкілі. Аталығы да аналығы да жылдың көп бөлігінде жасыл және қызыл металл реңкті жылтыр қара түсті болады. Жаз аяғында түлеу соңынан қараторғайдың жабын қауырсынындағы әрбір қауырсынның ұшы ағарады, сондықтан құстың барлық сәнді көрінісі жақыннан – шұбар, алыстан сұр реңді болып көрінеді. Алайда қыс бойы қауырсындардардың ақ ұштары тозып, түлемеген қараторғай қайтадан металл жылтырлы қара реңді болады.

Бұл қоңыржай ендікте кең таралған құс, Тараз қаласынан саябақтар, танымбақтар, тіпті көпқабатты пәтерлердің шатырларынан да көптеп кездестіруге болады. Қараторғайлар – адамға ең таныс құстардың бірі, өйткені олар өмір сүретін аймағының көп бөлігін адаммен қатар өткізеді. Адам көптеген жүзжылдықтарда оларды өзіне үйір етіп, халық қараторғай қапасы атап кеткен арнайы ұялау орындарын даярлап ілді. Қараторғайлар жұптасып өмір сүреді. Қараторғайдың көптеген жерлерде өршелен сайраған әуені көктемнің келгенін білдіреді. Сонымен қатар қараторғай нашар сазды әуеніне басқа әуендерді және айқайларды – тіпті құлынның кісінегеніне дейін, иттің үргенін, тежегіштің сықырын, адамның дауысын қосып, әуенін құбылтады.

Ұясындағы 5-6 көгілдір жұмыртқаларды аналығы 12 -14 күн басады. Балапандар ұядан ұшқан соң үлкен топ құрып, ұша бастайды. Ал аналықтары мен аталықтары қайтадан жұмыртқа салып, екінші рет балапан басадыМұнымен қатар кешеуілдетіп жарық көрген балапандарына аталық пен аналық тек қана бунақденелілер емес, құрттар, сондай –ақ жидектерді, соның ішінде мәдени өсімдіктерді де тасиды. Бұл кезде қараторғайлар жаппай түнеп шығуға жиналады. Әдетте қалың өскен қамысқа немесе ну бұталарға мың– мыңдап топталады.

Қараторғай құсының адамға тигізетін зияны өте көп, атап айтатын болсақ, қалаға жақын елді мекендердегі егіншілікке орын ауыстырып, жаздың соңында және күзде де жүзімдікке мыңдап топталып, көбнесе бүкіл түсімді жойып жібереді. Қазақстанның оңтүстігіндегі көптген шаруашылықтарда қазір жүзімдіктен үркіту үшін акустикалық әдіс қолданылады: күшейткіш арқылы қараторғайлардың үрейлену дауысы жазылған магнитафон таспасы мезгіл – мезгіл ойнатылады. Бұл құстың дыбысқа еліктегіштік дарыны бұрыннан белгілі. Бізде тіршілік ететін қараторғай оңай музыкалық шығармаларды, көбіне әйгілі әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды.

Қарғалар тұқымдасы Тараз қаласында кең таралған және қыста ең көп кездесетін құстар. Бұлар – басы біршама үлкен, дене бітімі мығым және әмбебап үлкен тұмсығы, құрлықта да,ағаш бұтақтарымен де жүруге бейімделген күшті аяғы бар құстар. Қарға туысының 30 – ға жуық түрі бар. Таразда солардың үш түрі кездеседі. Олар: көк қарға, қара қарға, ала қарға.

Ала қарға (Corvus cornix) –қарғалар туысының ең адамға белгілі түрі. Дене мөлшері 441-600 гр. бола тұрып, оның өзіне тән реңі бар: басы, қанаты, құйрығы және тамағы – қара, ал қалған жабын қауырсындары – сұр. Бұл – жыртқыштыққа икемді айқын көрінетін ірі құс. Ормандағы қарға – барлық ұсақ қанаттыларға төнген қатер, ал көлдерде және суларда жүзетін құстардың ұяларына үлкен нұқсан келтіреді. Адам, үйректің, қасқалдақтың немесе сұқсырлардың ұяларына тиіп кетсе болды, қарғаны сол жерден көруге болады. Сөйтіп, бірнеше минуттан соң ұядан тек жұмыртқаның қабығы ғана қалады. Ол балапандарды да дәл солай жәукемдейді.

Әдетте қыс кезінде тау етегіндегі далада және қалалар мен ауылдардың көшелерінде жүреді. Ала қарғалар қыс жылы болса, тіпті тауға биіктей көтеріледі.

Ала қарғаның пайдасы, ауыл шаруашылық егістіктеріне зиян келтіретін шегіртке сияқты насекомдармен қоректеніп, оларды құртып отырады, ал бірақ кейде егістерді жапырып, ауыл шаруашылығына өзі де зиянын тигізеді.

Қара қарға (Corvus corone ) – ұзаққа өте ұқсас, аздап денесі үлкендеу, реңі – қара, дене бітімі дөрекілеу, тұмсығы – қарулырақ, қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады.

Тараз қаласынан қара қарғаларды ағаштары биік саябақтардан және терек көп өсетін елдімекендерден көптеп кездестіруге болады. Қара қарға ала қарғамен ұялау орнында кездеседі және ала қарғамен будан түзеді. Оларды жабын қауырсынындағы қара түсінің көбірек болуынан ажыратуға болады. Тауларда жоғары шегіне дейін көтеріліп, қылқанды ормандарда, ал шөлдерде өзендер бойындағы қопалы ормандарда ғана емес, жамырылған қамысқа ұя салып, өмір сүреді.

Ұясындағы 4-5қалың теңбілді жұмыртқаларды аналығы 18-20 күн басып, балапандарды аталықпен бірлесіп қоректендіреді. Ұя маңында өте сақ жүреді және адамның көрінуін алыстан сезінеді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді, ал жазда көбнесе бунақденелілермен қоректеніп, ұсақ омыртқалыларды жейді және құстардың ұяларын бұзып, жұмыртқалары мен балапандарын жояды.

Көкқарға ( Coracias garrulus) – көкқарғатәрізділер отрядының бір түрі. Қазақстанның оңтүстігіндегі аумақты мекендейді, сондай-ақ Жайық өзенімен оның тармақтарындағы аңғарларда, Ертіс өзені маңында кездеседі. Дене мөлшері кептерден сәл кішірек, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, салмағы 180 – 200 г. Көкқарғаны басқа құстардан жабын қанатының жасылдау көгілдір реңі бойынша және өте жылдам ұшатынына байланысты оңай ажыратуға болады. Жерде қолапайсыз жүретіндіктен, көбінесе Көк қарға ағаш бұтағына қонақтайды. Көкқарға әдетте, жұп құрады және ұяны бір жұбынан екінші жұбы едәуір алшақ салады. Көкқарға – жыл құсы. Қазақстандағы орманды-далалы аймақтарға, жалғыз ағаш өскен ашық далаға, шөлейтті жерлерге мамырда ұшып келіп, өзен жарқабақтарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі құрылыстардың бұғат, саңылауларына ұя салады. Ұядағы ақ реңді 2 – 7 жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп басады. 18 – 19 күнде жұмыртқадан қызылшақа балапан шығады. Балапандары 26 – 28 күнде қанаттанады. Көкқарға бұзаубас, шегіртке, шекшек, қоңыздармен қоректенеді. Кейде кесірткелерді, бақаларды, тіпті ұсақ кемірушілерді де жейді. Көкқарға әр түрлі зиянды жәндіктерді жеп, пайда да келтіреді.

Қарғалар адамға жақын аумақтарда мекен етуіне байланысты, тағам қалдықтарымен тіпті қоқыстағы қалдықтарды да қорек етеді. Бірақ ол тек қыс айларында, жазда олар көбнесе насекомдармен қоректенеді.

Үй торғай (Pаsser domesticus) – бүкіл континенттерде, қай жерде болса да адамға серіктес және таныс құс. Үй торғайлардың аталығы көріксіздігі туралы пікірдің кең тарағанына қарамастан, зәйтүн түстес – сұр, сарғылт – қоңыр, қара және ақ түстерден едәуір ашық реңді болып келеді. Тараз қаласындағы аумақтың үлкен бөлігінде – адам қоныстанған жерлердің барлығында да ұялайды. Ол отырықшы өмір сүреді, жылдың көп бөлігінде үйір түзеді, алайда жеке жұп болып ұялайды.

Ұясы түрлі–түрлі қуыстарда, адам салған құрылыстарда басым – көше шамдары мен ескі пошта жәшіктерінде орналасады. Ұяны аталығы мен аналығы 2-9 күнде салады. Ұясындағы 5-7 теңбілді жұмыртқаларды тек қана күндіз басады. Балапандар 10 – 18 күннен соң жұмыртқаны шығарады. Жұмыртқа басу орташа есеппен он екі күнге созылады. Балапандар ұяда 11-19 күн болады. Оларды аналық пен аталық ұядан шыққан соң бір аптаға жуық жемдейді. Бір жазда екі рет ұялайды. Ұялас балапандар екінші рет ұядан ұшқан соң, басқа торғайларменүйірге бірігіп, дәндә дақылдар пісіп жетілген егістікке шабуыл жасайды. Алайда қалада өмір сүретін торғайлар жыл бойы қоныс аудармайды.

Үй торғайлар үйір – үйір болып, қорегін бірігіп табатындықтан ауыл щаруашылығына келтіретін пайдасы өте зор. Жау шегірткелер және шекшектер сияқты зиянды насекомдар көбейіп кеткен кезде үй торғайлар топтанып ұшып барып, оларды түгелдей дерлік құртып жібереді. Олар егістіктегі ірі насекомдарды жеп қана қоймай, олардың топырақ астында дамып келе жатқан личинкаларын жеп қояды,сонымен қатар зиянды насекомдарды жойып, пайда келтіреді.

Сауысқан ( Pisa pisa) – халық ауыз әдебиетіне «алақанат» сауысқан аталған әр түрлі халықтар ертегісінің тұрақты кейіпкеріне айналған құс. Оның ақ – қар жасануы бірнеше рет қайтара сипаттап жазылған. Сауысқанның желпуіш қауырсындарының, әсіресе бұлқын қауырсыдарының қара болуы жайдан жай емес, ол – ерекше әдемілікке беретін металдық нұрлы реңк. Тауыспен бірге сауысқанның да көне заманда жалын – құс туралы тарихи аңыздардың біріне ілігуі де мүмкін.

Тараз қаласында қандай болса да ағаш – бұталар өскен жерлердің барлығында сауықан кездеседі. Бұлардың ішінде далалық орман тілкемелерінде де, елді мекендер де – қалалық танымбақтар мен саябақтарда да кездестіруге болады. Сауысқандар жұбымен кездеседі, ерекше жағдайда болмаса, олардың тобымен кездесуі де өте сирек. Ұдайы жем табуға оңай болғандықтан, адамға жақындай түсетіні бомаса, сауысқан қыста ешқайда кетпейді. Дегенмен сауысқан жазда бунақденлілерді көбірек жейді, ал қыста өзімдіктекті азықтарды, адамға жақындап – оның үстіндегі қалдықтарды жеп күнелтеді.

Тараз қаласының маңындағы елді мекендердегі ауыл тұрғынының көпшілігіне құрғақ бұтақтардан ұқыпсыз жасалған қақпағы бар абажадай ұясы жақсы белгілі. Соңғы жылдары ондай ұяларды қалалық табиғи көрініс арасыынан да жиі – жиі көре бастадық. Ұясындағы 5-6 теңбілді ашық реңді жұмыртқаларды көбнесе аналығы 17-19 күн басады. Ал балаапндарын ата – енелері үш аптаға жуық уақыт қоректендіреді. Сауысқандардың ұяларында сәуірдің әр түрлі күндеріі жұмыртқалар пайда болады, ал балапандар ұялас балапандарды қоректендіру кезінде зиянды бунақденлілерді жаппай қырып, адамға сөзсіз пайдасын тигізеді. Алайда ұсақанаттылардың ұяларын бұзу әдеті бұл әдемі құстың қадірін адамдардың көз алдында едәуір төмендетеді.

Ақ шымшық ( Pаrus cyanus) – шағын денелі шымшық. Ақ шымшық көкшіл шымшыққа өте ұқсас, алайда өте ақшыл: жоны , қанаты, құйрығы – көгілдір, басы, бүкіл бауыры және қанатындағы көзтартары – ақ. Тұмсығы басқа шымшықтардан қысқарақ, оның есесіне құйрығы ұзындау болып келеді. Дауысы – қоңыраудың сыңғырындай сыңғырлақ – «тиррр». Ақ шымшықтың әуенінде де осы дыбыс болады.

Ақ шымшық Тараз қаласындағы жазықтардың жапырақты ормандарында қоныстанады. Елді мекендерден, тіпті қалалардағы танымбақтардан қашқалақтамайды. Қысты осы жерде өткізеді, тек қана қорегін іздестіріп, үйірлерімен көшпенділік жасайды. Ақ шымшықтар жеке –жеке жұбымен орын тебеді. Ұяларын дайын ағаштар қуысына немесе қазылған індерге орналастырады; қолдан жасалған ұялағыштарды белсене пайдаланады. Ұясындағы ақ теңбілді қоңырқай жұмыртқаларды аналығы екі аптаға жуық уақыт басады. Балапандарда ата – енелері сонша уақыт қоректендіреді. Қыстыгүні құстардың өзара түр көріністері жаздыгүнге қарағанда басқаша болады.

Құстардың адам өміріндегі маңызы зор. Олар қаншалықты жылықанды организмдер болғанымен, олар қыстың суық аяздарына шыдай алмай көбнесе саны азайып жатады, сондықтан оларды қорғау үшін қазіргі кезде көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, солардың бірі қыста құстарға жасанды ұя жасау. Сол арқылы құстарды және олардың балапандарын аязда үсіп қалу салдарынан құтқарып қалуға болады. Болашақ жастардың қолдарында болғандықтан мектеп жасындағы балаларға табиғатты аялап, құстарды қорғауға тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Құстар санының күрт азаюы қыс айларында көптеп байқалады. Қазіргі кезде,жастардың міндеті-табиғатты қорғау,соның ішінде-құстар. Сондықтан қыстың суық айларында оларға жасанды ұялар жасап, қоректендіріп барынша санын сақтап қалуға тырысуымыз керек!
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ошмарин П.Г., Ликунов Д.Г Следы в природе «Наука» 1990г – 220 б,

  2. Бароновский А.В «Механизмы экологической сегрегации домогого и полевого ворбьев» 2014г – 125-128 б.

  3. Хоромов В.В., Скляренко С.Л « Краткий справочник по птицам Казахстана» 2009г – 155-162 б.

  4. Смогоржевский Л.О. «Пернатые друзья» 1977г – 68 б.

  5. Ильичев В. Д. «Общая орнитология» 1992г – 54 б.

  6. Андреев А.В. «Адаптация птиц к зимним условиям» 1980г -125-145 б.


Аннотация. В этой статье дано объяснение о птицах города Тараза и их биологическое описание, и рассмотрены проблемы их питания и гнездо в зимние периоды. Цель нашей работы: дать полное описание птицам города Тараза.

Abstract. Тhis article explains about birds of the city Taraz and their description, and the problems of their food and nest in winter periods. The purpose of our work: to give a full description of the birds of the city of Taraz.

632.9

Ш78
ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРІЛЕТІН КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ.
Шолпанкулова Г., Татимбетова Ж. М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Көкөніс дақылдары өсіп-өнуіне ыңғайлы жылыжай жағдайлары түрліше ауру қоздыратын организмдердің күшті қарқынмен дамуына қолайлы орта болып есептеледі.

Жылыжайлардың ішінде тазалық сақтау - өсімдік аурулары мен зиянкестердің болмауын қамтамасыз етеді. Бірақ, жылыжайды үнемі санитарлық тазалықта ұстау мүмкін емес, сондықтан ауру түрлері мен, сол ауруларды тарататын зиянкестермен күресу шаралары үнемі жүргізілуі қажет.

1.Жылыжайлық аққанат.Аққанаттың өмірлік топтамасы: Аққанатттың мекиені жұмыртқаларды (бірінші кезең) жапырақтың астыңғы бетіне салады, 5-10 күн өткен соң дернәсіл шығады (оларды бірінші, екінші, үшінші, төртінші деген жастарына бөледі) жапыраққа жабысып алады да онда қимылсыз қалады. Аққанат дернәсілінің кезеңі 10-14 күнге созылады. Одан соң аққанат дернәсілінде қызыл көздер және үсті балауыз шапқынмен (нимфа кезеңі) жамылады. Нимфа кезеңінде аққанаттар кез келген химиялық препаратқа өте төзімді келеді. Кейін ересек аққанатқа (имаго кезеңі) айналып, қоректенеді және көбеюге қатысады. Жылыжайда аққанат мезгіліне 15 тұқым беруге қабілетті. Сол себепті оның саны қолайлы температурада өте тез ауқымданады, ал онымен күресу өте қиын. Дернәсіл мен аққанаттың ересек түрі шырынды өсімдіктен сорады, оларды өлердей жәбірлейді. Зақымдалған жапырақтарда көлемі ұлғайып жатқан сарғыш дақтар пайда болады.

Күресу шаралары: көктем, жаз айларында жылыжайға зақымдаушыларды енгізбеу керек. Вегетация барысында жылыжайларда зақымдаушыларды жою мақсатында химиялық препараттар қолданылады, «Фосбецид»: 10 л суға 40 мл препарат қосады, 1м2 жерге 0,1-0,2 л шашылады. Сонымен қатар инсектицид препараттарын қолдануға болады, олар: «Актеллик», «Фуфанон», «Интавир», «Децис». Биологиялық препараттардан "Вертициллин" пайдаланады. Жаңа тшығарылған препарттары - «Циперметрин», «Талстар», «Арриво», «Фьюри».

Өсімдіктің өңдеуі сарымсақтың қайнатпасын дайындау: ұсақ туралған сарымсақтың (170 гр) 1 л суда 5 тәулік жабық шыны ыдыста тұндырылады. Қолданылатын ерітінді дайындау үшін 6 грамм тұнбаға 1 литр су қосылып шашылады.

Ұшып жүрген аққанаттарды жылыжайда сары желімді тұзақ дайындау (сары түс аққанаттарды өзіне тартады): сары түске боялған полиэтилен үлдірді алып, төртбұрышты етіп өзімізге керекті өлшемде кесіп, үстіне «Пестификс» секілді желім жағып, жылыжайға іліп қою.

Индустриялық жылыжайларда аққанатты жоюдың биологиялық әдісі: энкарзии немесе эретмоцерус (1м2 10 дана өкілін үш қайтара жіберу керек). Қызанақ пен бұрышта тиімді әдістердің бірі: макролофус (1м2 5 түрін 2 аптада бір қайталау). Аққанаттың алғашқы ошағын энтомопатогенндік саңырауқұлақтардың негізінде бірнеше микробиологиялық препарат қолдануға болады.

Бұл ұсақ жәндік ақ балауыз шапқынмен және ұнды ақ қанаттарымен қысқа мерзім уақытында өсімдікті жойып жібереді. Аққанат қиярларда жерсінеді, олардың шырынын сорып, қантты заттарды бөліп күйелі саңырауқұлақшасымен қатырады. Бұдан әрі қиярдың мұртшалары мен жапырақтары қарайып кетеді және өледі. Жылыжайды аққанаттардан сақтау үшін желкөздер мен есіктерді қалқалап, арамшөптерді уақытысында жұлып, арнайы жәндіктер жабысқыштар ілу керек. Тиімді бүркудің бірі – толық вегетациялық кезеңде 2- 3 мәрте актофиттің (0,2%) биопрепаратын қолдану.

2.Құмырсқа. Құмырсқаны зиянды жәндік деп атауға болмайды, бірақ парниктер мен жылыжайларда пайдасы да шамалы. Оған қоса жылыжайға егілген дақылдарға зияны келеді.

Жас шыбықтарын жеп, олар өз ұяларын көкөністердің жүйек аралықтарына салады. Осылайша өсімдіктің тамыр жүйесін зақымдайды. Ағаш немесе қолдан жасалған жылыжайларда олар көптеп кездеседі, ал поликарбонатты материалдан жылыжай соғылса онда құмырсқа әсері баяулайды.

Егер де жылыжайда құмырсқа пайда болса, оны әртүрлі әдіс тәсілдермен жоюға болады. Мысалы, ашытқы мен тосаптың қоспасын дайындауға болады, бірнеше сағатқа қойып, дайын болған қоспаны жылыжай ішіне еліктіру мақсатында қоюға болады. Құмырсқалар осы қоспадан масаяды екен, осылайша ұя ішіндегі басқа өкілдерін асырай алмай түр жойылып кетеді.

Құмырсқа ұясынан аналығын қазып алып тастау керек, ол болмаса құмырсқалар көбейе алмайды. Егер жылыжай ішін қазғанды қаламасақ, қант пен бураны араластырып, соқпақ жолға себеді. Жәндіктер улы қоспанын дәмін татса, бірден ұясына таситын болады. Осылайша барлығы улы қоспадан өледі.

Жермай, сарымсақ және химиялық препараттар.

Жәндіктерге жермайдың өткір иісі жақпайды, сондықтан құмырсқаларды осы тәсілмей жою тиімді. 2 ас қасық жермайды 10 литр суға араластырып, құмырсқа ұяларына құю керек. Бұл тәсілді бірнеше мәрте қайталау керек, себебі жермайдың иісі ұшқыш.

Құмырсқаларды жылыжайда жоюдың тағы бір тәсілі сарымсақты пайдалану. 2-3 дана сарымсақты шелекке езіп, үстіне мұздай су құйып, бірнеше күнге қояды. Сосын ұяларына бірнеше қайтара құяды, сонда құмырсқалар өз ұяларының орнын ауыстыруға мәжбүр болады екен.

Тағы бір жолы ескі шәйнекті немесе ыдысты алып, ішіне қара түсті мата салады, үстіне құмшекер себеді. Ыдысты ұя жанына қояды, сонда құмырсқа аналығы міндетті түрде осы жаңа ұяға көшеді, сосын ыдысты сыртқа шығарып жойып жібереді.

Құмырсқалармен күрес үшін жылыжайларда формалин мен карбофостың 1:10 қатынасында ерітіндісін пайдаланады. Ерітіндімен жылыжай ішін толықтай жәндік бар деген жердің барлығын бүрку керек.

Кейін жылыжайда құмырсқалар жойылған соң, олардың қайдан пайда болғанын анықтап алған жөн. Олар құрал-жабдықтармен, көшеттермен кіруі мүмкін. Сондықтан аса ұқыптылықпен қараған жөн.

3.Бақшалық биті. Бақшалық бит – ол сорушы жәндік, өсімдікті зақымдайды, бұзады, қиярды ғана зақымдап қоймай, асқабақты, кәдірлерді, боташықты да зақымдайды. Ұзындығы 1,2-2 мм, сарыдан қою жасыл түске дейін,тіптен қара түстілері де кездеседі. Дернәсілі сары немесе жасыл болады. Бит немесе дернәсіл арамшөптерде қыстайды.

Бұл зиянды жәндікті қиярдан шілде-тамыз айында жапырақтың артқы беті-нен және сабағынан байқауға болады. Олардың отарлары өсімдіктің шырынымен азықтанады, оны аздыра, биттер қиярды вирустық ауруларға шалдығуына ықпал етеді. Осы жас жәндіктердің өзі 2мм, түстері қара немесе қою жасыл түсті, өсімдікті толықтай жаулап алуға қабілетті және егісті жойып жібере алады. Алғашқы шыбық пен жапырақтары бүрседі, қабысады, ал кейін бітеді.

Күресу шаралары: бит жылыжай қиярларында негізінен арамшөптерден көбейеді, сондықтан оны уақытысында жұлып тастаған жөн. Кейбір көкөкніс өсірушілер жылыжай қиярының биттерімен күресудің басты шарасының бірі – қызыл бұрыш тұнбасы деп есептейді. Оны дайындау үшін ыстық судың 10 литрына 200 гр темекі тозаңы және ащы бұрыштың 30гр қажет. Бір тәуләктей тұндырып қойып, сосын сүзіп, үстіне 1 ас қасық сұйық кір сабын және 3 ас қасық сүректі шәйір қосу керек. Алғашқы бүркуден кейін араға бір апта салып қайталаған жөн. Бүркуді тек өсімдікке ғана емес, сонымен қатар арық арасындағы жолдармен, соқпақтарды да жасаған дұрыс. Алғаш отырғызылғандарға химиялық терапияны жасауда пайдалы препараттар «Интр-вир» (10 литр суға 1 дана дәрі) немесе «Стрела» (10 л суға 50 гр дәрі) жақсы көмектеседі.

Арамшөптерді жою, жылыжайға қанқызын жіберу және сабын ертінідісін (100-200г) немесе қоламтаны (200г қоламтаны және 50 г сабын) пайдаланған жөн. Сонымен қатар өсімдікті қоламта мен сабын ерітіндісін дайындау: 2 стақан сүректі қоламтаның 10 л ыстық су, 1 ас қасық сұйық сабын құяды. Бірнеше тәулікке қойып, сүзіп, өсімдікке шашу керек. Жақсы нәтиже алу үшін «Карбофос» ерітіндісі (30 °10 л жылы суға 60 гр) салады, жылыжай ішін, жолдарын, төбесін, жерді және өсімдікке шамалап өседі. Бүрку барысында есіктер мен желкөз жабық тұрғаны дұрыс. Жылыжайда ауа тарылып бит өледі. Егер өсімдікті «карбофоспен» бүркитін болса, 40 г «карбофосты» 10 л суға езеді. Жаппай өсімдікке шашылады, әсіресе өсімдіктің төменгі бөліміне көп шашу қажет. Бір сағаттан соң арықтың беткі бөлімін 2-3 см етіп қопсытып, бірақ өсімдіктің беткі тамырын зақымдап алмай ұқыптылықпен жасалады.



Битпен күрес үшін ең жаңа препаратты «Искра ДЭ» пайдаланылады. Сонымен қатар препарат құрамында калий тыңайтқышы бар. 1 дана дәріні алып (10 г) судың 10 л салады, араластырып шашады. Себу алдында дақылды жинап алған жөн. Екінші жаңа препараттың бірі – «Командор», 10 л суға 1 мл, 100 м 2 шашылады.

4.Жылыжай трипсы. Көкөністердің көптеген зиянкестерінің бірі – жылыжай топырағында айрықша орын алатын жәндіктер отряды – трипстер (бахромчатокрылые немесе пузыреногие), 5 мыңдаған түрі кең таралған. Экологиялық бейімделгіштігіне байланысты бұл құрт-құмырсқалар (таралу ареалы – солтүстік пен оңтүстік белдеу) көкөніс пен декоративті дақыл мәдениеттерінің ең сұм зиянкесі. Қорғалған топырақтарда 20 жуық трип түрі дақылдарға зиянын келтіреді. Бірақ тәжірибе жүзінде қарасақ, өте зиянды трипс – полифагтар, олар көптеген өсімдік тұқымдастарымен қоректенеді және қорғалған топырақта өсетін дақылдарды зақымдайды. Трипс түрлері: темекі трипсы (ThripstabaciUna.), теплицалық трипс (HeliothripshaecmorrhoidalisBauche), қара түкті трипс (ThripsnigropilosusUzel). Триптердің жеке көрінісі мен құрамы өзгеріп отырады. ХХ ғасырға дейін зиянды түрлері темекі және теплицалық трипс болатын. Зерттеулерге қарасақ, қиярда темекі және батыс гүлді трипсы аралас популяция түзуде. Трипстер – өте қозғалғыш, ұсақ жәндіктер, ұзындығы 0,5 – 2 мм. Трипс денесі ұзарған сопақ пішінді, бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Ересек дернәсілі біркелкі бояулы, ашық сары, қоңыр және қара түсті. Популяцияда бір жылыжайда ақшыл және қара қоңыр дернәсілі кездеседі, ондай айырмашылық жылыжай температурасына және ылғалдылыққа тікелей байланысты. Басында, кеудесі мен қанатында – қылтанақ пен қылшықтар бар, олардың өлшемі мен орналасуы диагностикалық мағынаға ие. Алдыңғы қылтынақтары біршама ұзын және көлемді, артқысы шашақ түрінде орналасқан. Трипстердің түр қажеттілігін ересек аналығына қарап анықтайды. Ол аталығынан біршама үлкен өлшемімен ерекшеленеді. Тағы бір ерекшелігі – құрсағының түсі міндетті түрде қара қошқыл түстес болады. Ересек трипстер (көбіне мекиендер) өсімдік қалдықтарында, топырақтың жоғарғы қабатында қыстайды, ал темекі трипсы - пияздың қабыршақтарының арасында қоймаларда қыстайды. Трипстердің жұмыртқа салғыш мекиендері (темекі, батыс гүлді, қара түкті) бүр пішіндес жұмыртқаларын көкөністің жапырақ ұлпасына, өркендеріне және гүлдеріне салады. Баданалы трипстың бас мекиендердің жұмыртқа салу кезеңі болмайды, оған қарамастан субстраттың бетіне сопақ жұмыртқаларын бекітеді, көбіне гүлдердің ішіне салады. 3-5 күнде дернәсілге айналады, субстратта 8-10 күндей азықтанады. Дернәсілдер линькиден кейін топыраққа түседі, пронимфа (азықтанбайтын кезең) кезеңіне өтеді, содан кейін толықтай нимфаға айналады. Нимфадан имаго шығады, кей түрлері осы даму сатыларының барлығын өсімдікте өткізеді. Ересек түрінен дернәсілдер қанатының жоқтығымен және көздерінің редукциялануымен ерекшеленеді. Өңі сары, ақ және қызғылт. Жылыжайлар мен оранжереяларда трипстердің бір даму сатысы 22-30 күнге созылады, ал мезгіліне 10-ға жуық ұрпақ дамиды. Триптердің дамуы үшін үйлесімді шарттар: ауаның температурасы 25...300С, ауаның ылғалдылығы – 80-85%. Егер температура 350 –тан жоғары, ылғалдылық 50%-дан төмен болса, зиянкестер дамудың барлық кезеңінде жойылып кетеді. Өсімдікпен қоректене отырып, трипстердің дернәсілдері мен ересек түрлері өсімдіктің клеткалық шырынын сорып, ұлпаларын жояды.

Жылыжай - бұл шектеулі кеңістігі бар жабық орын болғандықтан, ондағы зиянкестер мен ауруларды жою қарапайым бақшаларда гөрі анағұрлым жеңілірек.Жасанды субстраттарда өскен көкөністер ауруға бейім болады. Ауру бір өсімдіктен екіншісіне тез тарайды. Себебі организмдердің споралары қоректік ерітінді арқылы бүкіл жылыжай ішінде тез таралып, барлық өсімдікті тез зақымдайды. Ауру қоздырғыштар қоректік ерітіндірерді ауыстырғанға дейін жойылмайды.

Сонымен, жасанды ортада өсімдіктерді өсіріп, көкөніс дақылдарына зиянкестердің тигізетін әсерін анықтау, жасанды ортада өсімдіктерді өсіру технологиясы, жылыжайларда өсірілетін өсімдіктердің зиянкестері мен ауру қоздырғыштарына қарсы шараларды қолдану қарастырылды. Бүгінгі күні көпшілікті толғандырып жүрген жылыжай кешендерінің құрылысы мен қолданылу аясы зерттеліп, ондағы зиянкестер мен олардың күресу шаралары да баяндалып өтілді. Егер елімізде жылыжайлар санын көбейтіп, ондағы көкөніс дақылдарын сапалы етіп өндірсек, еліміздің экономикасына қосқан үлесіміз болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. С.А.Бабаев.Г.С. Құсайынова. Қазақстанның қысқы жылыжайларында өсірілетін қызанақ өнімділігі. //Жаршы//-2007. №1. Б.96.

  2. Н.А.Филатов. «Справочник молодого овощевода»Москва 1963 239с

  3. Егеменді Қазақстан газеті. Қазаақстанда жылыжайда көкөніс өнімдерін өсірудің қазіргі жағдайы . 2005 7- наурыз 4б.

  4. Т.Е.Айтбаев,В.Н.Лукьянец. Қазақстанда көкөніс және бақша дақылдарының тектік қорын қалыптастыру. 2005 №11. Б.96.

  5. Г.Т.Каплина, А.Г. Сиривля, Л.Н. Синенко. Рекомендации по выращиванию рассады и ранних овощей под пленкой в Южном Казахстане. Алматы «Кайнар», 1970г.

  6. Б.Эрат, Д.Вулстон. Индивидуальные теплицы в современном жилище. Москва. 1997г


Аннотация. В этой статье дано биологическое описание овощным вредителям тепличных условиях, рассмотрены меры борьбы с вредителями. Цель научной работы: выяснить вредителей овощных культур в теплицах и меры борьбы с ними.

Abstract. In this article biological description is given to the vegetable wreckers hothouse terms, the measures of fight are considered against wreckers. Aim of the advanced study : to find out the wreckers of vegetable cultures in hothouses and measure of fight against them.

639

Ш78

АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ШАБАҚТАРЫНА ТІРІ ЖЕМ ДАЙЫНДАУ
Шолпанкулова Г., Бегзат А.Н

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Табиғаттағы ғажайып байлықтардың бірі - су асты әлемі. Мінез-қылығы өте күрделі, пішіні әрқилы тірі организмдер тіршілік ететін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме-су асты әлемінің терезесі аквариум. Бұл суға толы ыдыста әлемнің түкпір-түкпірлерінен әкелінген балықтарды өсіреді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдерде өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады.

Аквариум балықтарын лаборатория жағдайында генетика, эмбриология, гисталогия, физиология, этология және т.б ғылым салаларында тәжірибиелер жүргізуде қолданады. Олардың көмегімен тірі ағзаға құрамында әр түрлі тынайтқыштар, пестицид, гербицид, ауыр металдар кездесетін судын әсерін зерттейді. Медицина саласында да аквариум балықтары көптеген қызығушылықтар тудыруда.

Аквариумдағы балықтардың дұрыс көбейіп, жақсы өсуіне жағдай жасауда жем негізгі роль атқарады. Олардың тіршілік әрекеті жемнің мөлшері мен сапасына тікелей байланысты. Балықтың дене құрылымы, энергия түзуі және тіршілігіне қажетті процестер жемге байланысты жүзеге асады.

Балықтарға қалыпты өсу үшін әртүрлі жем береді. Аквариум балықтарының бірі-жануар текті, екіншісі - өсімдік текті, біреулері - аралас (өсімдік текті және жануар текті) жеммен қоректенеді. Балықтар түрлі және тіршілік ету мерзіміне орай әртүрлі жеммен түрліше жемделуі де мүмкін.

Қалай болғанда да жемнің барынша құнарлы, құрамында белок, минералды зат, витаминдері мол болуы керек. Аквариум балықтарына тірі және кептірілген жем беріледі. Балықтарды күніне екі рет, белгіленген уақытта ғана жемдеу керек.

Балықтардың көпшілігі құрғақ жемді ұнатады, мысалы гуппи құрғақ жем жесе, шабақтайды, бірақ шабақтары әлжуаз, реңсіз болып шығады. Құрғақ жем беруге арналған жемшашарлар дүкендерде сатылады, тіпті оны қолдан да жасап алуға болады. Құрғақ жем шашатын жемшашарды пласмассадан және басқа да судан жеңіл заттардан жасайды. Мұнда жем суда теріс таралып кетпей, бір жерде жинақталып. Су бетінде қалқып тұрады.

Балықтарға ең пайдалысы және қолайлысы тірі жем. Енді аквариум балықтарына берілетін тірі жемнің кейбір түрлеріне тоқталайық.

Балықтарға берілетін жем турлері және жемді сақтау тәсілі. Өсіп келе жатқан шабақтар тірі жеммен ғана, әсіресе инфузория, тармақмұрт шаяндармен қөректенеді. Тірі жем жеген балықтардың өсімі артады, олар аквариумда сергек жүзіп жүреді.

Ересек балықтар көбінесе масақұртпен қоректенеді. Масалардың кейбір түрлерінің личинкасы жалпы масақұрт деп аталады.

Масақұрт-балық үшін құнарлы азық, оның денесінде белокты жене минералды заттар өте мол. Денесі буылтықты, ашық қызыл реңді масақұрттар тұнбалы суқоймаларда жиі кездеседі. Қалада масақұртты дүкеннен алуға да, сондай-ақ тоспа сулардан аулауға да болады. Ол үшін тұнбалы тоспа судың түбінен ұзап сапты ожаумен тұнбаны көсіп алып, кешкене елеуішке салса, майда бөлігі сүзіліп, масақұрт пен ірі түйіршіктер елеуіште қалады. Масақұрттарды жеке бөліп алу үшін елеуішті суға бір батырып, бір шығарса, масақұрттар су бетіне қалқып, тұнба түйіршіктерді су астына түседі, осы кезде масақұрттарды шолпуықпен сүзіп алады. Маса құрттардың ірі де, ұсақ та болуы мүмкін, балықтарға ұсақ масақұрт көбірек беріледі. Тоқтау суларда масақұрттардың бір жыл кейде екі жыл тіршілік ететіні мәлім.

Масақұртты сақтаудың тәсілдері өте көп, дегенмен ең қолайлысы - қалыңдығы 1см мөлшерінен арттырмай, Петри табақшасына салып, қақпағын жауып қою, болмаса дымқыл кенетке орап тастауға болады. Құм салынған ыдыста да масақұрт сақталады, мұндайда ыдыстың түбіне қалыңдығы 1-2см құм жайып, үстінен су құяды да масақұртты сол суға жібереді, масақұрт дереу құмға еніп кетеді. Балық жемейтін кезде тесігінен құм өтетін сүзгімен құмды сүзіп, сүзіндіден қалған масақұртты балыққа беруге болады. Әлсіз, сондай – ақ өліп қалған масақұрттарды алып тастау керек, балықтар тек тірі масақұрттармен жақсы көректенеді.

Суқойманың таяз жерінен кейде маса личинкасының басқа түрі де кездеседі. Дене тұрқы 10-12 мм, құмға көмілмейтін мөлдір денелі личинка қарғатұмсық деп аталады. Қарғатұмсықты салқынсу құйылған жайпақ ыдыста ұзақ сақтауға болады, бірақ аквариумда өсіру тиімді емес, ол шабақтарды құртады. Мұның құнарлығы шамалы, тек жем мүлде болмай қалған кезде ғана пайдалану керек.

Шаянтәрізділер. Омыртқасыз жәндіктердің шаянтәрізділер класына жататын өкілдері де аквариум балықтарына жем бола алады. Мұнда тармақмұрттылар және ескекаяқтылар отрядына жататын шаяншалардың маңызы зор.

Тармақмұрт шаяншалардың түрлері өте көп, бірақ аквариуммен шұғылданушылар солардың барлығын тек дафния деп түсінеді. Дене тұрқы 5-6 мм тармақмұрт шаянша үлкен дафния деп аталады, ол бөгендер мен шұқырдағы суларда тіршілік етеді. Кішкене суқоймаларда дене тұрқы 3-4 мм қағажақ дафниялар таралған, ал таяз және терең тоспа сулардан ұзын жон дафниялардың сан алуан формаларын көре аламыз. Дафниялардың түрі өте көп, оның кейбіреуі суретте көрсетіледі. Тірі туатын дафниялар да бар, денесі жұмсақ болғандықтан, балықтар оларды сүйсін жейді.

Тармақмұрт шаяншалардың қорегі-балдырлар, бактериялар, инфузориялар. Шаяншалар - өте жарық сезгіш жәндіктер. Аквариум балықтарына көбінесе ескекаяқты шаяншалардың екі туысы жем ретінде пайдаланылады, олар қосескек және циклоп.

Қосескек пен циклопты бірінен-бірін ажырату оңай: қосескек ашық суда тіршілік етеді және басындағы екі антена жәрдемімен суда қалқи жүзеді, ал циклоп су жағасына тақау мекендейді де алдыңғы қысқа мұртшасының жәрдамімен бүргеше секіріп жүреді.

Тармақмұрт және ескекаяқты шаяншаларды тоқтау судан шолпуықпен аулайды. Ауланған шаяншаларды су толтырылған аумақты ыдысқа жіберіп, оны салқын жерге сақтайды. Балыққа жем үшін дафния мен циклоп қажет болғанда ыдыстағы тірі жемнен оларды шолпуықпен сүзіп алады. Егер ыдыста өлген шаяншалар қалған болса, оны дереу суымен бірге төгіп тастау керек. Балықтарға жемге берілетін шаянша денесінде өлгенжатқан судан жұғын қалмау үшін, дафния немесе циклопты таза суға малып, денесін тазарту –балық денсаулығын сақтау кепілі.

Жемге сақталатын дафнияларды табиғи судан көктемде аулаған дұрыс. Ең алдымен бір шаршы метрге 50г дафния келетіндей 20-25С

Су әзірлеп алу керек, сонда бір литр суда 200 дафния жүзіп жүреді. Аналық дафниялардың жақсы өсуі үшін суға қан тамызылады немесе ет жуған шайынды су құйылады. Аналық дафнияның әр қайсысы 3-4 күн сайын 80-ге жуық өрбітеді, ал жас дафниялар 12- 14 күнде өздері де ұрықтанып, көбейеді, сөйтіп балықтарға қажетті тірі жем үнемі толығып отырады.

Тірі жем болмай қалғанда балықтарға құрғақ жем ретінде кептірілген дафнияны беруге болады. Дафниялардың қауырт көбейетін мезгілі - көктем. Осы кезде дафнияны көп етіп аулап, төрт жағы ағашқа керілген дәкеде күн көзіне қойып кептіреді. Жемге арналып кептірілген дафнияны аузын дәкемен жауып, байланбаған шыны банкіде сақтау керек.

Хайуанаттар дүкенінен шаяншалардың дафниядан да басқа да түрлерін сатып алуға болады, солардың бірі-жамбасқұрттарға жататын гаммарус. Аквариум балықтары кептірілген гаммарусты сүйсіне жейді. Шаяншаның бұл түрі бір қырымен жантая жүзеді, сондықтан оны қазақша жантақеспе деп атауды дұрыс көрдік. Жантақеспе-тұзды және тұщы суларда кең таралған жәндік, оның дене тұрқы 0,5-2,5мм аспайды.

Суы тұзды суқоймаларда өсетін бейнеке де балықтарға тамаша азық. Оның дене тұрқы 8-11 мм, жұмыртқасынан өрбіген жас бейнекені шабақтар сүйсіне жейді. Температурасын 24-25 С, 5 проценттік түз ерітіндісі құйылған суда жұмыртқадан бір тәулікте жас бейнеке өрбіп шығады. Балықтар көбінесе тек жас бейнекемен ғана қоректенеді.

Құрттар. Балық шабағын құрттар тобына жататын зымырақпен қоректендіруге болады. Зымырақ-мөлшері туфелькадай ғана шағын денелі, құрылысы өте күрделі көп клеткалы омыртқасыз жәндік. Ол кірпікшелерінің жәрдемімен тым шапшаң қозғалады, сондықтан да зымырақ деп аталған.

Зымырақтарды жер жүзіндегі барлық тұщы су тоспаларынан кездестіруге аламыз. Олардың негізгі қорегі-микроорганизмдер. Аквариумда өсірілетін балық шабақтарына жаңбыр суында тіршілік ететін зымырақтарды жем ретінде пайдаланған жөн.

Зымырақтарды шыны ыдыста өсіруге болады. Зымырақтар пішен таяқшасы бар дистильденген суда тез көбейеді. Сондықтан 1л дистильденген суға 10г пішен салып қайнатады да 2-3 күн тұрғаннан кейін сүзеді,пайда болған тұндырманың бір литіріне 2л дистельденген су қосады. Осы 3л тұндырмаға зымырақтарды жіберсе, келесі күні тұндырмадағы пішен таяқшасын қорек еткен зымырақтардың қаптап жүргені байқалады. Оларды енді шолпуықпен сүзіп алып, балықтарға жемге беруге толық жарайды.

Уылдырық шашатын балықтарды микрожеммен қоректендіреді. Микрожем - дене тұрқы 1-2мм –ден артпайтын ұсақ жұмыр құрттар. Сондай жұмыр құрттың бірі-түтік тұлға. Ол-ұрпағын тірі туатын құрт. Микроскоппен сәл үлкейтіп қараса, аналық түтіктұлғаның ішінен бұратылған жас дарақтар айқын көрінеді. Түтіктұлғаны жем үшін өсіруде онша қиындық келтірмейді. Тарелкаға немесе Петри тостағаншасына су құйып, ботқа қалпына келгенше талқан салады және оған түтіктұлға жібереді. Ыдыстың қақпағын ауа кіретіндей етіп жауып, бірнеше күнге, ботқа ашығанша сақталса, құрт тез көбейе бастайды. Микрожем даяр болған кезде оны сурет салатын қылқаламның жәрдемімен аквариумдағы суға салады. Шабақтар су түбіне түсе бастаған түтіктұлғаны дереу іліп алып жейді.

Аквариумда өсірілетін ересек балықтарға буылтық құрттарды жем ретінде пайдаланылады. Солардың бірі-жауынқұрт. Біздің елімізде бақ, бау-бақша топырақтарында 50-ден астам жауынқұрт түрлері тіршілік етеді. Балықтарға берілетін жауынқұрттың неғұрлым кішірек болғаны жөн. Жауынқұрттар ылғалды құм, шым немесе мүк салынған жәшікте апта бойы тірі сақталады. Жәшік салқын жерге қойылып, дегдіген кезде су себіліп тұрса, балықтар жемнен тарықпайды.

Лай сулардың түбінде денесін жартылай тұнбаға жасырып, құйрығы сыртқа шығып жататын кернейше дегенбуылтық құрт тіршілік етеді. Мұны да балықтар сүйсініп жейді. Су түбінен кернейшені тұнбамен бірге оңай жинап алуға болады. Оны легенге салып, күніне екі рет суын алмастыру керек. Кернейшені балыққа жемге берерде денесін тазартып, шырыштан арылтпаса болмайды.

Өте өсімтал буылтық құрттардың бірі-өндіршін. Оның дене тұрқы 20 мм шамасында , реңі ақшыл . Өндіршін топырақтың (10см тереңдікте ) тіршілік етеді, сондықтан оның қалыңдығы 10-12 см етіп ылғалды қарашірік топырақ салынған қайың немесе қарағай жәшікте өсіреді. Топыраққа сүт немесе суға малынған қан кесегін көмсе, құрттар соған шоғырланып, тез көбейеді. Денесінде тұз бен витаминдер мөлшері аз болғандықтан, өндіршінмен балықтарды үнемі қөректендіру тиімсіз. Кейбір балықтар өндіршін мен жемдегенде мүлде көбеймей қояды.

Балық шабағын кейде жұмыртқаның сарыуызымен қоректендіруге тура келеді. Мұндайда сарыуыз үгіндісін 3-4 қабатты дәкеден тігілген дорбаға салып, нәрін суға шығарады. Шабақтар сол нәрмен қоректенеді. Бірақ жұмыртқа сарыуызы суды тез бүлдіреді. Шабақтарды жемдеу соңынан аквариум суын жартылай ауыстыруды қажет етеді, сондықтан жемнің бұл түрі өте сирек қолданылады.

Аквариумда өсірілетін ірі балықтар тірі балықпен де қоректенеді. Ескеретін жайт: бөгеннен немесе тоқтау судан ауланған балықпен аквариум балығын жемдеу өте қауіпті, ондайда індет таралуы да ықтимал. Сондықтан аквариум балықтарын жеке өсірілген гуппимен жемдеген жөн Бақаның итшабағын қорек ететін де балықтар кездеседі. Ондайда балық өспейтін шалшық судан аулаған итшабақтарды жемге пайдаланған дұрыс.

Балықтарды ұсақ жеміс шыбыны-дрозофильмен, сондай-ақ маса, шыбынмен қоректендіреді. Ұнтақталған кейде ұсақ етіп туралған шикі ет те балық үшін таптырмайтын жем.



Балық шабағына жемді түрлендіріп беру


Шабақтар тобы

Жем

Дәрежесі



Даму кезеңдері

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Өте ұсақ шабақтар

1

Хлоррела, эвглена және басқа жасыл балдыры бар су

Тоспадан ауланған ұсақ инфузория

Зымырақтар

Ұсақ дафниялар, микрожем

2

Кепкен салат үгіндісі

Үйде өсірілген инфузория (көп беруге болмайды)

Үйде өсірілген инфузория

Туралған өндіршіндер

Орташа мөлшерлі шабақтар:

Барбус,


данио, албырт тұқымдастар

1

Тоспадан ауланған ұсақ

инфузория



Зымырақтар

Науплиустар



Ұсақ дафниялар, микрожем


Орташа мөлшерлі дафниялар

өндіршіндер



2

Үйде өсірілген инфузория

Жұмыртқадан шыққан бейнеке

Туралған өндіршіндер

Ұсақ

өндіршіндер



Ірі шабақтар: айғызбұғақ тұқымдастар, орғуырлар, алтын балықтар

1

Науплиустар

микрожем


Ұсақ және орта мөлшерлі дафниялар

Ірі дафниялар, дрозофильдер, беймұрттар

Масса личинкасы, ірі дафниялар


2

Үйде өсірілген инфузория

микрожем

Туралған өндіршіндер

Туралған ұн құрты, шыбындар

Балықтарға әсіресе тірі жемнің қажеттігі-түсінікті нәрсе. Бірақ кейде ондай жемнің болмай қалуы да ықтимал. Сондай кезде балықтарға витамин қосылған балық майына құрғақ жемді араластырып беруге болады. Жем әрқашан да жаңа және алуан түрлі болуы керек. Балықтарға жем неғұрлым түрлендіріліп берілсе, олар соғұрлым ширақта дені сау болып өседі. Балықтарға кейде топырақта тіршілік ететін беймұрттарды жем ретінде беруге болады. Беймұрттарда мұрт және көз болмайды, ауыз бөлігіде онша жетілмеген. Беймұрттың денесі бастан және денеден құралады, көкірегі мен құрсағы бір-бірінен айқын бунақталмаған.

Дұрыс жемделіп өскен балықтар қашанда ширақ болады, олар ашықпайды да, ал жем көрсе-бірден ұмтылады. Егер балықтар шашылған жемге дереу ұмтылмаса, онда не ауру болғаны немесе семіріп кеткен деп есептелінеді.

Аквариум балықтарын дұрыс дамып мол ұрпақ беруі үшін дұрыс күтім мен құнарлы қорек ең басты шарттардың бірі. Қазіргі таңда елімізде аквариумдық жағдайда балықтарды өсірумен қатар, оның тіршілігіне қажетті жағдайды жасау үлкен жетістіктерге жетелейтіні айдан анық. Осыған орай елімізде аквариумдық жағдайда балықтарды жасанды жолмен көбейту көптеген жастарымыздың ғылымға деген қызығушылығын арттыра түсуде.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қайымов Қабылрашид. Суасты әлемінің айнасы (аквариум)-Алматы: Қайнар,1989,-176 бет

2. Тропикалық аквариум балықтары. Аудармашысы:В.Фельдман. А.ВНеелова. редакциясы. Артия, Прага баспасы, 1984.

3. Байгужиев. С Аквариум әліппесі. Алматы. «Қайнар» баспасы,1986.

4. Иляин М.Н Аквариумный рыбоводства. МГУ баспасы, 1968.

5. Қайымов. Қ Балықтар әлемінде. Алматы «Қайнар» баспасы, 1981.

6. Махлин. М. Д Занимательный аквариум. М. Пищевая промышленность, 1975.
Аннотация. В этой статье вы найдете ответы на вопросы о том, какие есть виды кормов, как правильно кормить аквариумных рыб. Цель научной работы: приготовить живой корм для мальков аквариумной рыбки и сохранять живой корм.

Annotation. In this article you will find answers to questions about what types of feed there, how to feed aquarium fish. The aim of scientific work: prepare live food for aquarium fish fry and save a live feed.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Жарияланым төмендегі элементтерден тұрады:

а) ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу)

б) мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);

в) авторлар туралы мәлімет;

г) мақаланың мәтіні;

д)  әдебиеттер тізімі (5-10);

е)  ан­но­та­ция.

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында немесе соған сәйкес редакторларда терілген 3-10 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ, орыс немесе шетел тілдерінде тапсыруға болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: KZ Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см.

Мақала төмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет:

- Редакцияға келіп түскен материалдарда ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ұйымның мөрі басылған пікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды.

- қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме; шетел тілдеріндегі мәтін үшін – қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail.

Мақала төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі, екінші бас әріптермен (қою шрифтпен) – мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады.

- әдебиеттерге жасалған сілтемелер дәйектемеден (цитата) кейін, төрт бұрышты жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сәйкес нөмермен көрсетіледі. Дәйектемені (цитата) беру үлгісі [10,81б.]. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемесі беріледі.

Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде немесе анық сызба (тушпен) түрінде орындалуы қажет. Суреттің нөмері қағаздың сырт жағында қойылады және қай бетке және қай жерге орналасатындығы жазылады. Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі.

Сілтеме жасалатын формулалар ғана нөмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-суреттен аспау керек.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды және авторға кері қайтарылады.

Журналдың бір нөмерінде автор бір рет мақала жариялайды, екінші рет тек басқа автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.



УСЛОВИЯ ОФОРМЛЕНИЯ СТАТЬИ
Пуб­ли­ка­ция со­сто­ит из следующих обязательных эле­мен­тов:

а) УДК (универсальная десятичная классификация)

б) за­гла­вие ста­тьи;

в) об ав­то­ре (све­де­ния)

г) соб­ст­вен­но текст ста­тьи;

д) спи­сок ли­те­ра­ту­ры (не менее 5 и не более 10 названий);

е) ан­но­та­ция.

При написании и оформлении статей для печати редакция журнала просит придерживаться следующих правил для авторов.

Статья может быть представлена на казахском, на русском или иностранном языках в объеме 3-10 страниц формата А4, включая таблицы, иллюстрации, список литературы. Материал статьи обязательно должна быть в электронном варианте. Рукописи большего объема принимаются по специальному решению Редколлегии. Гарнитура для текстов – KZ Times New Roman, размер шрифта – 12, интервал – одинарный, поля с каждой стороны – 2 см. Статья оформляется только в текстовом редакторе Microsoft Office Word 2003 или 2007.

Статья должна сопровождаться следующими документами:



  • Материалы, направляемые в редакцию, должны иметь внешнюю (стороннюю) рецензию кандидата или доктора наук (с указанием полных сведений о рецензенте), подписанную и заверенную печатью организации (отделом кадров). Рецензент несет ответственность за содержание статьи, достоверность представленных материалов. Рецензия доктора или кандидата наук для авторов, не имеющих ученую степень. Наличие положительной внешней рецензии не является достаточным основанием для публикации статьи. Окончательное решение о целесообразности публикации принимается редколлегией журнала.

  • аннотация для текстов на казахском языке – на русском и английском, для текстов на русском языке – на казахском и английском; для текстов на иностранном языке – на казахском и русском.

  • резюме автора: Ф.И.О., должность, место работы, домашний и служебный телефоны, по возможности – факс и e-mail.

Статьи должны быть оформлены в строгом соответствии со следующими правилами:

  • На первой странице вверху по левому краю – индекс УДК, на второй строке – прописными буквами – название статьи, на третьей указываются инициалы и фамилия автора(ов), после которого через двойной интервал печатается текст статьи.

  • Список литературы дается в конце статьи. Список литературы для оригинальной статьи – не более 10 источников. Список литературы составляется в алфавитном порядке – сначала отечественные, затем зарубежные авторы. Если ссылку приводят на конкретный фрагмент текста документа, в отсылке указываются порядковый номер и страницы. Сведения разделяются запятой. Например: В тексте: [10, с. 81], В за текстовой ссылке (Список литературы): 10. Бердяев Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. 

  • После списка литературы представляется резюме на казахском, русском и иностранном языках.

Иллюстрации (графики, схемы, диаграммы) должны быть выполнены на компьютере или в виде четких чертежей (тушью) на отдельном листе формата А4. Математические формулы должны быть набраны как объект Microsoft Equation.. Количество графического материала должно быть минимальным (не более 5 рисунков).

Статьи, оформленные с нарушением требований, к публикации не принимаются и возвращаются авторам.

В одном номере журнала автор имеет право публиковаться один раз, второй раз в соавторстве. Рекомендуемое количество авторов одной статьи – не более трех.

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

ВЕСТНИК ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЖУРНАЛ

18



2014

(сәуір – мамыр – маусым)


Медиа орталық басшысы

Кожимбетова Р.Қ.


Редактор:

Джунисова А.А.,


Техникалық редактор:


Кузембаева Н.Б.,

Абдраманов А.Е.,

Иващенко В.Н.



Мұқаба дизайны:


Осерова Ж.Н.

Корректор:

Мамбетова А.С.


Басуға 30.06.2014 жылы қол қойылды.

Пішімі 210 х 297 1/16. Офсеттік қағаз.

Бағасы келісім бойынша. Есепті беті 23; Шартты беті 14

Таралымы 70 дана. Тапсырыс № 634

Подписано в печать 30.06.2014 г.

Формат 210 х 297 1/16. Бумага офсетная.

Цена договорная. Уч. изд.л. 23; Усл.п.л.14



Тираж 70 экз. Заказ № 634


ТарМПИ, Баспа және дизайн секторы

080000, Тараз қ., Төле би к., 62

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет