Графен болашақтың материалы 2015 ж. Маусым 27



бет1/3
Дата23.03.2022
өлшемі23,11 Kb.
#136546
  1   2   3
Байланысты:
Графен каз


Графен – болашақтың материалы
2015 ж. Маусым 27
1.71k
Қазір ғалымдар жаратылыстың пайда болуын, нанотехнологияны дамыту және графен алу сынды маңызды бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әлемдік ғылымда трендке айналған бұл салалары Қазақстанда да жан-жақты дамып, қазақ ғалымдары әлемнің назарын аудара бастады. Ғалымдар графен алудың бірнеше түрін меңгеріп, жан-жақты жұмыс істеуде. Айталық, Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің ізденушісі Бағила Байтымбетова екі әдіспен графен алып, еліміздің абыройын асқақтатты. Осы ретте жас ғалымды әңгімеге тартып, графенді қалай алғаны жайында сұрадық.
Бағила ханым, екі әдіспен графен алғаныңызды естідік. Ғылыми ортаның назарын аударған әдісіңіздің мәні мен мазмұны жайында айтып берсеңіз?
– Бірден айтайын графен алу ісімен Қазақстанда біраз ғалымдар айналысады. Айталық, бұл бағытта Зұлхайыр Мансұров басқаратын Жану мәселелері институтының ғалымдары күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жалпы, графиттен графен алудың түрлі жолдары бар. Ұстазым Борис Михаилович екеуміз графен алуды бастағанда ароматикалық көмірсутек пен ультрадыбыстың көмегіне және магнетронды тозаңдандыру әдісіне арқа сүйедік. Енді графиттен таза графенді қалай алғанымызға тоқталсам. Графиттер қатпар-қатпар графендерден тұрады. Сол графендердің арасында Ван дер Ваальс күші бар. Зертханалық жағдайда арнайы ыдысқа таза графенді салып, оған көмірсутекті бензол мен толуол сұйықтығын құйдық. Бұдан кейін арнайы құрылғылардың көмегімен қатар-қатпар графендердің арасындағы Ван дер Ваальс күші ультрадыбыс пен сұйықтық әрекеттесіп, графеннің бір қабатын бөліп алды.
РЕКЛАМА
Бүгінде электроникалық бұйымдардың көпшілігін шалаөткізгішті элементтерден жасап келеміз. Ал шалаөткізгіш заттарға – кремний, германий, калий, арсений сынды элементтер жататыны белгілі. Алдағы уақытта графен осы заттардың орнын алмастырады. Өйткені графенде электрондар өте жылдам қозғалатынымен ерекшеленеді. Осының арқасында графеннен жасалған ұялы телефондар мен компьютерлер жылдам жұмыс істейтін қасиетке ие болады.
Мынаны айтыңызшы, сонда графит тек қана графеннен тұра ма?
– Жоқ. Графит Менделеев кестесіндегі №12 көміртек болып саналады. Оның бірнеше түрі бар. Олар – алмас, графит, фурелен, нанотүтікше және графен болып жіктеледі. Осыдан-ақ бір графиттен қаншама зат алуға болатынын байқаймыз. Көміртектің алты бұрышты бензол сақинасынан тұратын қабатын графен деп атаймыз. Жалпы, бізге дейін көптеген ғалымдар бірнеше сатыдан тұратын әдістерге сүйеніп, графен алған. Олардың кейбіреулері ультрадыбыспен және термонданат калиймен алды. Біздің ароматикалық көмір қышқыл мен ультрадыбыстың көмегіне сүйеніп графен алуымыз тың тәсіл болғандықтан, біз өзіміз ойлап тапқан тәсілімізді елімізде патенттеп алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет