График а алматы "Білім" 2012


Мазмұнына байланысты кескіндер көріністер, тіліктер, қималар болып  бөлінеді.  § 12.1 Көріністер



Pdf көрінісі
бет70/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

 
Мазмұнына байланысты кескіндер көріністер, тіліктер, қималар болып 
бөлінеді.
 § 12.1 Көріністер
Көрініс
 
деп бақылаушыға қараған нəрсе бетінің көрінетін кескінін айтады. 
Көріністер негізгі, қосымша жəне жергілікті болып бөлінеді.
Негізгі көріністер
. Мемлекеттік стандарт 
МЕСТ 2.305-68 (СТ СЭВ 363-76)
жоғарыда айтылғандай алты негізгі көріністі белгілейді (
167
-сурет)


181
Басқа көріністер, бөлшектің оң жағынан көретін көрініс – кескіндегі басты 
көріністің сол жағына (
4
) орналасады, астыңғы көрініс – бөлшектің астынан 
қарағанда көрінетін кескін (
5
) басты көріністің үстіне орналасады; артқы 
көрініс – бөлшектің артынан қарағандағы көрініс, бұл көріністі (
6
) сол жақ 
көріністің оң жағына немесе оң жақ көріністің тұсына орналастыруға болады.
Сызбада бөлшектің басты көрінісін салар кезде, оның барлық 
элементтерінің геометриялық формасы мен өлшемдерін анықтаумен бірге, 
басқа көріністерінің де дұрыс, тиімді орналасуын қамтамасыз етуі қажет.
Заттың фронталь проекциялық жазықтығында сызылатын кескінін алдыңғы 
көрініс деп атайды.
Бұл көрініс сызбада басты көрініс ретінде қабылданады, сондықтан оны 
басты көрініс (1) деп атайды. Басты көріністі таңдағанда, жоғарыда атап 
өткендей, нəрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше толық 
мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен бірге сызбада басқа көріністердің 
ұтымды орналастырылуы қамтамасыз етілуге тиіс екені ескерілуі керек. 
Горизонталь проекция жазықтығындағы кескінді үстіңгі көрініс (2) деп 
атайды. Нəрсенің үстінен қарағанда жазықтықтағы кескін бейнеленеді. Бұл 
көрініс басты көрініспен өзара байланыста орналасады.
Профиль проекция жазықтығындағы кескін сол жақ көрініс (
3
) деп 
аталады. Бөлшектің сол жағынан көретін көрініс – кескіндегі басты көріністің 
оң жағына орналасады (
167
-сурет). 
167- 
сурет
1
2
3
4
5
6


182
Бөлшек бетінде көрінбейтін элементтерді көріністерде үзік сызықтармен 
белгілеуге болады (
167
-сурет). Бұл жағдай сызбадағы көріністердің санын 
азайтуға мүмкіндік береді. 
Сызбада көріністердің аттарын жазудың қажеті жоқ. Астыңғы, артқы 
көріністер басты көрініспен проекциялық байланысын бұзып, басқа 
кескіндермен ажыратылса немесе басқа параққа орналасса, бұл жағдайда 
оларды сызбада нұсқамен көрсетіп, нұсқаның үстіне немесе артына қазақ 
алфавитінің бас əрпі қойылып (
168
-суретте көрсетілгендей) белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет