График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет1/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға


Ə.К. Бəйдібеков, 
Т.К. Мусалимов, Ж.М. Садықова, С.Ə. Қолбатыр 
И Н Ж Е Н Е Р Л І К 
 Г Р А Ф И К А 
Алматы 
"Білім" 
2012


УДК 741/744(675.8)
ББК 38.2 я 73
И 54
Баспаға Қазақ мемлекеттік сəулет-құрылыс академиясының құрылыс жəне сəулет маман-
дықтары бойынша оқу-əдістемелік Кеңесі (№4 хаттама, 20.05.2011 ж.) жəне Л.Н.Гумилев 
атын 
дағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-əдістемелік Кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар: - педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Айтжан Мұхаметжанұлы Əбдіров 
- техника ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қамидолла Рафикұлы Фазылов 
И 
Бəйдібеков Ə.К,
 
Мусалимов Т.К, Ж.М. Садықова, С.Ə. Қолбатыр 
ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА: - Алматы, "Білім",
2012. 264 бет.
ISBN 9965-31-279-6
Оқу құралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру 
стандартына сəйкес орындалған. Негізгі мақсаты – «Инженерлік графика» пəнінің 
негіздерін үйрету; сызбаларды салу мүмкіндіктерін арттыру; сызбаларды түсіндіру 
əрі түсінікті салдырту; сызбалар салудың түрлі əдістерін меңгерту; сызба əдістерін 
пайдалана отырып түрлі есептер шығару т.б. Кітапта сызбалардың көмегімен 
техникалық есептерді шешу теориясы да қарастырылған.
Оқу құралы құрылыс, cəулет, жер өңдеу, жол құрылысы жəне басқа да 
техникалық мамандықтарында оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттері мен 
оқытушыларына арналған.
УДК 741/744(675.8)
ББК 38.2 я 73
ISBN 
9965-31-279-6 
© 
Бəйдібеков 
Ə.К.,
Мусалимов Т.К.,
Садықова 
Ж.М., 
Қолбатыр 
С.Ə., 
2012 
© 
"Білім" 
баспасы 
2012
2004020000
00(05)-12
Б


3
Ата-бабадан қалған аманат – байтақ жеріміздегі қазба байлықтарды 
игеруде, еліміздегі халықаралық жəне қалааралық автомобиль жолдары мен 
жаңа қалалар салуда, ауыл шаруашылығын дамыту мен инженер - мамандар 
дайындауда инженерлік графика пəнінің маңызы үлкен. Көбіне студенттер 
сызба геометриясы секілді инженерлік оқу құралдарын оқығанда, алдымен 
тақырыпты суретіне қарап түсінеді.
Сызбаны сызу жолдары дүние жүзіндегі елдердің барлығына бірдей 
ортақ болғандықтан, мектеп қабырғасында өтетін сызу пəні халықаралық, 
интернационалдық техника тілі болып табылады. Себебі, сызбаны орындау 
кезінде үлгі қалып (стандарт) бойынша белгілі тоғыз сызық түрі қолданылады. 
Француздың атақты ғалымы жəне мемлекет қайраткері Гаспар Монж 
(1746 – 1818) өзіне дейінгі кескіндерді салу туралы мағлұматтарды жинақтап, 
белгілі бір жүйеге келтіре отырып, алғаш рет 1795 жылы «Сызба геометрия» 
атты еңбегін жазып шықты. Міне, осы уақыттан бастап сызба геометрия жеке 
ғылым ретінде қалыптаса бастады. Жоғарыда айтып кеткендей, егер сызба 
техника тілі болса, онда сызба геометрия осы тілдің грамматикасы болып 
табылады [7, 8, 11]. Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген Эсхилдің (б.д.д. 
525-456 ж.ж.), Анаксагордың (б.д.д. 500-428 ж.ж.), Демокриттің (б.д.д. 460-
380 ж.ж.), Евклидтың (б.д.д. III ғасыр) жəне Витрувийдің (б.д.д. I ғасыр) 
еңбектерінде сызба геометрия негіздері болған. Бұл саланың ғылым ретінде 
қалыптасуына орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз əл-Хорезми (780-850), 
əл-Фараби (870-950), əл-Бируни (973-1050), Насредин Тусидің еңбектері 
мен зерттеулері ұшан теңіз. Қайта өрлеу заманында өмір сүрген Леонардо 
да Винчидің (1455-1519), Декарттың (1596-1650) жəне Дезаргтың (1593-
1662) жасаған теориялары сызба геометрияның жеке ғылым болып жетілуіне 
себепкер болған. 
Сызба геометрия пəні сызбаны қалай оңай жəне түсінікті салуға, сызбаны 
сызудың əдістері, сызбаны қалай оқуға, сызба əдістерін пайдалана отырып, 
қандай есептер шығаруға болатыны т.б. секілді сұрақтар мен мəселелердің 
КІРІСПЕ


4
шешілу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, сызба геометрия сызбаны 
салу мен ол туралы білімді жəне сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді 
шешу теориясын меңгертетін пəн болып саналады [1, 2, 3].
Сызба геометрия төмендегідей бөлімдерден тұрады: проекциялау əдіс тері;
аксонометриялық проекциялар; нүкте мен түзу сызық проекциялары; қисық 
сызық пен жазықтық проекциялары; беттер проекциялары; тұрғылықты 
(позициялық) жəне өлшем (метрикалық) есептері; сызбаны түрлендіру 
тəсілдері; көлеңкелер. Осы бөлімдерді толық меңгерген студент өзінің ойлау 
қабілетін өрістете отырып, кеңістікте орналасқан нəрселердің кескіндерін 
салу, сызбадағы кескіндер арқылы жаңа бір нəрсені құрастыру жəне сызбадағы 
түрлі есептерді шығару мəселелерінен мол мағлұмат алады.
Қазіргі инженерлік графика пəні – жоғарыда аталған сызба геометрия пəні 
мен машина жасау жəне құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін 
ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен 
ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда. Сондықтан жер 
жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды 
жобалау жəне тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттар-
ды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік 
графика теориясы арқылы біліп үйренеді [9, 10 12, 13].
Кітапты жазу барысында авторлар өзара төмендегідей тарауларды бөліп 
жазған: кіріспе мен 1-6, 8, 9, 10, 11-тарауларды т.ғ.д., профессор Ə.К.Бəйдібеков, 
7-тарауды п.ғ.д., профессор Т.К. Мусалимов, 12-тарауды аға оқытушы 
Ж.М.Садықова, ал 13 жəне 14-тарауларды аға оқытушы С.Ə.Қолбатыр.


5
Елімізде жəне басқа да мемлекеттерде кез келген бұйым, стандарттар 
тағайындаған ережелер бойынша жасалуы тиіс. Себебі дайындалған 
сызбаны басқа адамдардың да оқуы үшін жəне сол сызба арқылы бұйым 
жасап немесе құрылыс тұрғызу үшін сызба бірқалыпты стандарттарға сай 
орындалуы керек. Стандарт ағылшынның үлгі, өлшем деген сөзінен шыққан. 
Бұл дегеніміз барлық елдер үшін ортақ құрылған бірыңғай конструкторлық 
құжаттар жүйесі болып табылады. Ол құжаттар жүйесі мынадай топтарға 
бөлінеді: жалпы жəне негізгі жағдайы; бұйымдар мен конструкторлық 
құжаттардың белгіленуі; сызбаларды орындаудың жалпы ережелері; машина 
жасау бұйымдары мен аспап жасау ережелері; конструкторлық құжаттарды 
тіркеу, сақтау жəне пайдалану ережелері; бұйымдарды пайдалану жəне 
жөндеу құжаттарының ережелері; сұлбаларды орындау ережелері; құрылыс 
жəне кеме жасау құжаттарын орындау ережелері. 
Осы аталған мемлекеттік стандарттар топтамасынан сызбаларды 
орындаудың жалпы ережелерін қарастырамыз. Ол жиырма бір түрге бөлінеді. 
Біз осылардың ішіндегі кейбір түрлеріне тоқталамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет