График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет7/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға
Баылау 
сратары


22
Келешек инженер маманы үшін геометриялық салулар өте маңызды. 
Геометриялық салуларға мектеп бағдарламасында көп көңіл бөлінуі 
керек, себебі геометриялық салулар оқушылардың келешекте көптеген 
мамандықтарды игеруіне септігін тигізеді. Өкінішке қарай бұл мəселеге 
мектепте көп көңіл бөлінбейтіні белгілі, сондықтан қайталау ретінде осы тарауда 
кейбір геометриялық салуларды беріп отырмыз. Геометриялық салуларда 
өзара параллель сызықтарды жүргізу, өзара перпендикуляр сызықтарды 
сызу, кесіндіні екіге, үшке жəне т.б. бөлу, бұрыштарды салу, көлбеулік 
жəне конустылықты салу, жазық көпбұрышты фигураларды салу, шеңбер 
доғасының ортасын анықтау, шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесуді салу, 
доғалар мен шеңберлерге жанама салу, овалдарды (циркульдің көмегімен 
орындайтын қисық сызық) салу жəне лекалалық қисықтарды (циркульдің 
көмегінсіз орындайтын қисық сызықтар) салу жолдары қарастырылады. Бұл 
салулар қарапайым сызу құралдары – сызғыштың, циркульдің көмегімен 
орындалады. Төменде шеңберді тең бөліктерге бөлу мен түйіндесу тақырыбы 
қарастырылады. 
§ 2.1 Шеңберді тең бөліктерге бөлу 
2.1.1 Шеңберді тең үш бөлікке бөлу
Радиусі R болатын шеңберді тең үш бөлікке бөлу үшін, алдымен шеңбердің 
ось сызықтары қиып өткен А, В, С жəне D нүктелерін белгілеп алып, осы 
нүктелердің біреуінен радиусі R болатын доға жүргіземіз (17-сурет). Ол 
үшін, циркульдің инесі бар ұшын А нүктесіне қойып, радиусі R болатын доға 
жүргіземіз. Доға шеңберді К жəне М нүктелерінде қиып өтеді. Осы нүктелер 
мен С нүктесін өзара қосатын болсақ, онда біз теңбүйірлі үшбұрыш салған 
болар едік, яғни бұл теңбүйірлі үшбұрыш радиусі R болатын шеңберді тең 
үш бөлікке бөледі (17-сурет). Суретте теңбүйірлі үшбұрыш қызыл сызықпен 
көрсетілген. Бұрыштардың бұрыштық шамасы 60
0
градус болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет