бағдарламасының курстары бойынша Біліктілік емтиханының тапсырмалары
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»
Қала, Оқыту орталығы
Аудитория нөмірі
Тыңдаушының
орнының нөмірі
ТАƏ
ЖСН
Емтиханның өткізілу уақыты: 90 минут
ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
1. Сұрақ кітапшасын аудиториядағы бақылаушы рұқсат бергеннен кейін
ашыңыз.
2. Сұрақ кітапшасында берілген барлық 38 тест тапсырмасын орындаңыз.
3. Тек қана қара сиялы қаламсапты (гельді емес) қолданыңыз.
4. Жауаптарыңызды алдымен сұрақ кітапшасына белгілеп алып, сонан соң
жауап парағына көшіріңіз.
5. Сұрақтардың жауаптарын Сізге берілген жауап парағындағы дұрыс толтыру
үлгісіне сəйкес белгілеңіз.
6. Емтихан аяқталған соң аудитория бойынша бақылаушыға сұрақ кітапшасы
мен жауап парағын тапсырыңыз.
ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
А блогындағы тест тапсырмаларында бес жауаптың бірі ғана дұрыс болады.
Осы блоктағы əрбір дұрыс орындалған тест тапсырмасы 1 балмен бағаланады.
В блогындағы (сəйкестікті орнату немесе дұрыс реттілікті анықтау)
сұрақтардың жауабы мына үлгіде болуы мүмкін:
- дұрыс реттілікті анықтауға – 1В, 2А, 3Е, 4С, 5D;
- сəйкестікті орнатуға – 1В, 2А, 3Е, 4С, 5D немесе 1АС, 2В жəне т.б., яғни
бір сұраққа бірнеше дұрыс жауап таңдалуы мүмкін.
Осы блокта 100% дұрыс орындалған əрбір тест тапсырмасы үшін 2 балмен,
50% жəне одан жоғары – 1 балмен; 50%-дан төмен – 0 балмен бағаланады.
Сіз жинай алатын балдың ең жоғары саны – 50.
2
3
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының
емтихан сұрақтары
А блогы. (1-26 – тек бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары)
1. Оқушыда кез келген өмірлік жағдайларда пайдалана алатын терең білім
қалыптастыруды мақсат ететін оқыту тəсілін көрсетіңіз
A) танымдық оқыту
B) белсенді оқыту
C) деңгейлік оқыту
D) сындарлы оқыту
E) тəжірибелік оқыту
2. Өзіндік ерекшелігі мектепті жетілдіруде нақты мақсатқа
бағытталушылық болып табылатын бөлінген көшбасшылық түрін көрсетіңіз
A) бастамашылық бөлініс
B) кезеңдік бөлініс
C) мəдени бөлініс
D) прагматикалық бөлініс
E) стратегиялық бөлініс
3. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысында «өзгеріс енгізуге қатысты
əріптестерінің кеңесінен» кейінгі қадамын көрсетіңіз
A) атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру
B) кəсіби білім дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс
C) дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер
D) зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық
E) маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтарды анықтау
4. Оқу нəтижесі білімнің сандық ұлғаюы болатын тұжырымдама
негізделетін факторды көрсетіңіз
A) əлеуметтік
B) мəдени
C) сыртқы
D) тұлғалық
E) ішкі
4
5. Құндылық пен тиiмдiлiк компоненттерінен тұратын, «мен»
тұжырымдамасын қолдаушы маңызды мотивтің бірін көрсетеңіз
A) əріптестерін бағалау
B) өз қажеттілігін анықтау
C) өзгенің пікірін тыңдау
D) өзін-өзі бақылау
E) өзін-өзі сыйлау
6. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауындағы пайым ерекшелігінің
сипатын көрсетіңіз
A) барлық қорытындыларды бағалау
B) дəлелдердің деңгейін, маңызын мойындау
C) ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу
D) кез келген дəлелді есепке алып отыру
E) тиянақты, нақты жəне жан-жақты болу
7. Дарынды жəне талантты оқушылардың креативті ойлауына қатысты
сипаттаманы көрсетіңіз
A) басқалармен жылдам тіл табысады
B) қиялы дамыған жəне тың идеялар табады
C) өзін-өзі сынайды жəне бағалай алады
D) өткінші шешімдерге күмəн келтіреді
E) проблемаларды анықтайды жəне шешеді
8. Блум таксономиясы бойынша дəйектер мен себептерге сəйкес ақпаратты
тексеру жəне жіктеу кезеңін көрсетіңіз
A) білу
B) түсіну
C) қолдану
D) талдау
E) жинақтау
5
9. Білім алу үдерісі ретінде сананы зерттеген ғылыми бағыт
A) əлеуметтік-жағдаяттық
B) бихевиористикалық
C) гештальт
D) гуманистік
E) когнитивтік
10. Оқушы өзінің оқып-үйрену үдерісінің мəнін түсініп, кейін оның
нəтижесін өз тəжірибесінде саналы қолдануы
A) сын тұрғысынан ойлау
B) қалай оқу керектігін үйрену
C) мəселелерді дұрыс шешуге ұмтылу
D) өз санасына ой жүгірту
E) ұқсастық бойынша үйрену
11. Іс-əрекеттерді қалай орындау керек екені жөнінде білімдер сақталатын
жады түрі
A) жұмыс жадысы
B) оперативті жады
C) рəсімдік жады
D) семантикалық жады
E) эпизодтық жады
12. Əр түрлі жастағы табысты сыныптарда мұғалімнің оқу үдерісін
бағыттап, толықтырып, қолдап отыру рөлі
A) бақылаушы
B) жетекші
C) дəріс оқушы
D) білім беруші
E) үйлестіруші
6
13. Оқушының өзін-өзі ынталандыру қабілетін көрсетіңіз
A) өзіндік ереже
B) өзіндік тəртіп
C) сыртқы уəж
D) тұрақты зейін
E) ішкі уəж
14. Дж. Флейвелл бойынша, оқушыға білмеген тапсырманы орындауға кеңес
берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай
алмауы
A) білімге мұқтаждық
B) оқуға салғырттық
C) өнімділік тапшылығы
D) тəжірибенің аздығы
E) шектеулі уəжділік
15. Оқушының проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған əдіс-
тəсілдерді өздігінен таңдауы
A) өзін-өзі бағалау
B) өзін-өзі білу
C) өзін-өзі құрметтеу
D) өзін-өзі реттеу
E) өзін-өзі тану
16. Коучинг үдерісінің сипаттамасын көрсетіңіз
A) жүйелі қарым-қатынас ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін
B) кездесу қажеттілігіне қарай бейресми сипатта өтуі мүмкін
C) кездесулер дамудың нақты мəселелеріне бағытталады
D) кеңес беру ұзақ жəне көп аспектілік негізде көрсетіледі
E) мұғалімнің тұлға ретінде өсуіне басты назар аударылады
7
17. Коучинг пен тəлімгерлік үдерісін салыстыра отырып, тəлімгерлікке
қатысты сипаттаманы табыңыз
A) кездесулер дамудың нақты мəселелеріне бағытталады
B) кездесулер жоспарланған, құрылымдық сипатта болады
C) кеңес беру нақты, қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізуді көздейді
D) кеңес беру ұзақ уақыт жəне көп аспектілік негізде көрсетіледі
E) қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала белгіленеді
18. Г.Иган бойынша тəжірибелі көмекші моделінің бірінші кезеңінде жүзеге
асырылатын əрекеттерді көрсетіңіз
A) əрекеттерді талдау, тиісті стратегияны таңдау жəне іс-əрекет жоспарын
əзірлеу
B) күтілетін нəтижені анықтау, тəжірибені талдау жəне іс-əрекет
жоспарын əзірлеу
C) мақсат қою, мақсаттың тиімділігін жəне күтілетін нəтижелерді анықтау
D) мақсат қою, мақсаттың орындылығын анықтау жəне тиісті
стратегияларды таңдау
E) тəжірибені талдау, проблеманы анықтау жəне өзекті проблемаларға
көңіл бөлу
19. Нəтижесі - оқушының пəннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір
арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы болып табылатын оқу түрі
A) ақпарат жинақтау
B) білімнің сандық ұлғаюы
C) ақпараттарды есте сақтау
D) мағынаны ұғыну жəне мəнін анықтау
E) шынайылықты түсіну жəне түсіндіру
8
20. Сабақты зерттеу үдерісінде топ мүшелерінің түйінді идеяларды зерттеуге
қатысты жауап іздеуі үшін жүргізілетін əрекетін анықтаңыз
A) жоспарлауда қолдану үшін зерделенген əдебиеттер нəтижелерін
қорытуы
B) қандай сынып пен «бақылаудағы үш оқушы» назарға алынатынын
шешуі
C) мұғалімдердің зерттеу сабағы туралы бірнеше оқушымен сұхбат
жүргізуі
D) топ мүшелерінің зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау
жүргізуі
E) топтың жұмыс нəтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасауы
21. Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болатын жəне əрқайсысы өз
шешімдерінде қалатын əңгімелесу түрі
A) əңгіме-дебат
B) əңгіме-сұхбат
C) зерттеушілік əңгіме
D) кумулятивтік əңгіме
E) шығармашылық əңгіме
22. Жаттап алынған білімді тексеру үшін қойылатын сұрақ
A) басқаға бағыттау
B) жоғары дəрежелі
C) сынақтан өткізу
D) төмен дəрежелі
E) түрткі болу
23. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске
асыру əдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау түрі
A) жылдық бағалау
B) кезеңдік бағалау
C) оқу үшін бағалау
D) оқуды бағалау
E) тоқсандық бағалау
9
24. Тестілеу өткізіп, кейін өзіндік түзету жəне тестілеу жұмыстарын
қайталап өткізудегі бағалау мақсатын көрсетіңіз
A) білім, дағдыларды болжау жəне сұрыптау
B) оқудағы қиындықтарды анықтау
C) оқыту мазмұнын жəне стилін бақылау
D) стандарттарды бақылау жəне орындау
E) уəж түріндегі кері байланыс орнату
25. Сабақта қолданылатын əдіс-тəсілдерді, мақсатты аудитория сипаты мен
бағалау стратегияларын білуді қамтитын білім саласын көрсетіңіз
A) мазмұндық білім
B) пəнге негізделген білім
C) педагогикалық білім
D) психологиялық білім
E) технологиялық білім
26. Оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастыруда технологиялық, педагогикалық
жəне мазмұндық білімдердің қиылысуын алғаш қарастырған ғалымдар
A) Mишра П. жəне Кёлер М.
B) Бандура А. жəне Mишра П
C) Дьюи Дж. мен Келер М.
D) Пиаже Ж. мен Овертон У.
E) Шульман Л. жəне Мерсер Н.
10
В блогы. (27-38 – сəйкестікті немесе дұрыс реттілікті анықтауға арналған
тест тапсырмалары)
27.Сабақты зерттеу тəсілінің алғашқы үш кезеңінің реттілігін көрсетіңіз
A) сабақты зерттеуді жүргізу жəне қатысушылардың сабақты бақылауы
B) жеке немесе топпен бірлесіп, сабақтың мақсатын қою жəне дайындау
C) сабақты зерттеуге қатысушылардың барлығының сабақты талқылауы
1)____ 2)____ 3)____
28. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мазмұнын
құрылымдайтын сұрақтарды реттілігімен орналастырыңыз
A) Қалай істеу керек?
B) Неліктен оқыту тəсілдерін өзгерту керек?
C) Сыныпта не істеу керек?
1) ____ 2) ____ 3) ____
29. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмыстары кезеңдерінің реттілігін көрсетіңіз
A) зерттеуге негізделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық
B) дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер
C) атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру
D) құндылықтарды анықтау
E) кəсіби міндеттерді анықтау
1)________2)_______3)_______4)_______5)_______
30. Білім аспектілерін мұғалімнің білім, білік, дағдысының сипаттамаларымен
сəйкестендіріңіз
1) білімнің педагогикалық
аспектісі
A) тақырыпты түсіндіру үшін компьютерлік
модельдерді көрсетеді
2) білімнің технологиялық
аспектісі
B) жаңа тақырып өткенде кездесетін
кедергілерді болжап, баяндау, көрнекілік
сияқты əдістерді қолданады
C)тақырыпқа қатысты мəліметтерді
интернеттен алынған көрсетіліммен
толықтырады
11
31. Соңғы зерттеулерге сəйкес оқу үдерісінің түрлерін оларға тəн
белгілерімен сəйкестендіріңіз
1) ассоциациялар арқылы оқу A) адамдар зерделеу, эксперимент,
басқалардың жетекшілігімен зерттеу, ойлау
арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып
білім алады
2) белсенді зерттеулер
арқылы оқу
B) адамдар мнемоника, жаттығулар,
имитация, нұсқаулық беруді пайдалана
отырып, білім алады
3) диалог арқылы оқу C)адамдар талқылау, дебат, ынтымақтастық,
білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен
дағдыларды қалыптастыра отырып білім
алады
32. Тəжірибелі көмекшінің моделі бойынша мұғалімнің іс-əрекетін
сипаттамаларымен сəйкестендіріңіз
1) проблеманы анықтау A) өзгерістерді енгізу үшін іс-əрекет
жоспарын жасау
1) мақсат қою B)тиімді шешім таңдау
2) стратегияны таңдау C) тəліптің іс-əрекетін жəне оның тəжірибені
өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтау
33. Ми бөліктерін атқаратын қызметіне қарай сəйкестендіріңіз
1) желке бөлігі
A) қол жəне дене қозғалыстарын реттеу
2) жоғарғы бөлігі
B) визуалды бейнелерді қабылдау
3) самай бөлігі C) ауызша жəне тұжырымдамалық
білімдерді сақтау
12
34. Коучинг пен тəлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ететін үш негізгі
мəселені сипаттамаларымен сəйкестендіріңіз
1) мəнмəтін A)коучингіні іске асырудың белгілі бір
мəтіндік жиынтыққа сəйкес келуі
2) өзектілік B)ақпарат пен ұсынымдардың мұғалім үшін
барынша өткір болуы
3) жүйелі тəлімгерлік C) мұғалімдерге жақында алған дағдыларын
бейімдеуге қолдау көрсету
35. Білім салаларын мұғалімнің білім, білік, дағдысының сипаттамаларымен
сəйкестендіріңіз
1) пəндік білім A)өзі оқытатын салаға байланысты
теорияларды жақсы біледі
2) педагогикалық білім B) оқытуға көмектесетін бейнеқұрылғы,
компьютер, аудиоқұралдар мүмкіндіктерін
біледі
3) технологиялық білім C) оқыту жəне оқу үдерісін жоспарлауды,
ұйымдастыруды, оқыту жəне бағалау əдіс-
тəсілдерін біледі
36. Бөлінген көшбасшылықтағы мəдени бөліністің қарым-қатынас түрлерін
сипаттамаларымен сəйкестендіріңіз
1) адалдық A)өзара сенімді жəне шынайы қарым-
қатынас
2) жеке қарым-қатынас B) басқаның пікірін тыңдау жəне бағалау
3) құзыреттілік C) орнықты жəне кəсіби өзара қарым-
қатынас
4) құрметтеу D)басқалармен өзара қарым-қатынас
барысында күтілетін нəтижеге қол жеткізе
білу
13
37. Дарынды жəне талантты оқушылардың сипаттамаларын мазмұнына қарай
сəйкестендіріңіз
1) қалай оқитындығының
сипаттамасы
A) əлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан
2) креативті ойлаудың
сипаттамасы
B) жоғары сынып оқушыларымен,
ересектермен тіл табысады
3) табандылық сипаттамасы C) жаңа идеяларға сынақ жүргізуге жəне
қателесуге тəуекел етуге дайын
4) қоғамдық көшбасшылық
сипаттамасы
D) логикалық жəне сараптамалық ойлау
жүйесі дамыған
38. Дж.Макбеттің зерттеуіне сəйкес бөлінген көшбасшылық түрлерін
сипаттамаларымен сəйкестендіріңіз
1) бастамашылық бөлініс A) мектептің сыртқы жағдайларға сəйкес
əрекет етуіне байланысты жұмыс
жүктемесінің өзгеріп отыруы
2) жай бөлініс B) кадрлық тағайындаулардың мұқият
ойластырылуы
3) кезеңдік бөлініс C) көшбасшылықты мұғалімдердің өз
еркімен таңдауы
4) прагматикалық бөлініс D) өздеріне көшбасшылық тəн екендігін
көрсете алған мұғалімдерге
жауапкершіліктің көп жүктелуі
5) стратегиялық бөлініс E) персоналдың олар үшін белгіленген
лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуі
14