1 орта мектеп Тақырыбы: : Ж. Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі Пәні: Әдебиет



Дата31.12.2019
өлшемі82,5 Kb.
#54053
Мұнайлы ауданы

1 орта мектеп





Тақырыбы: : Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі

Пәні: Әдебиет

Сынып: 7 «Г»

Күні: 25.11.2011ж


Өткізген: Дюсенбаева С.С

2011-2012 оқу жылы

Тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік – Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын

шығармасына негіздей отырып талдау,

сөйтіп қайталанбас суреткер екеніне көңіл

бөлу, жазушының өз бейнесін көру үшін

шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы

өмірі, арман – мұраты, ақын –

жазушылардың өнер тақырыбын меңгеру,

ән өнерінің құдіретін таныту

шеберліктерін аңғарту.

Тәрбиелік - өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер

адамдарына деген көзқарасты

қалыптастыру.

Дамытушылық – қаламгердің суреткер ретіндегі

мүмкіншілігін таныту, идеялық,

эстетикалық мәнін ашу үшін логикалық

ойларын дамыту, поэзия мен прозадағы

өнер тақырыбын жырлаған ақын-

жазушыларды салыстыра талдай отырып

өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың түрі:білім,білік, дағды
Сабақтың әдісі: СКТ әдістері, топтастыру, талдау әдісі, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) сынып тазалығына көңіл бөлу

2. Үй тапсырмасы



  1. Ақтамақ хикаясын жалғастырып келу...

  2. Әміре Қашаубаев туралы ізденіс


3. жаңа сабақ

І. Топтастыру

ақын прозаик драматург



Жүсіпбек Аймауытов

кім?
ғалым журналист – публицист психолог


ІІ Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына сатылай кешенді талдау


  • Қаламгердің аты – жөні: (Ж.Аймауытов)



  • Туған жылы:(1889ж )




  • Туған жері:(Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Қызылту атырабы)



  • Ең алғаш алған білімі:1. (ауыл молдасынан)


2.(Баянауылда, Павлодарда оқыған оқу орны:орыс-қазақ

мектептері )

  • Семейдегі оқу орны: (мұғалімдер семинариясы)




  • Атқарған қызметі: («Қазақ тілі» газетінің редакторы)




  • Шоқтығы биік шығармасы: («Ақбілек» романы)




  • Оның басты кейіпкері: (Ақбілек)




  • Тақырыбы: (ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ


ауылының саяси- әлеуметтік ахуалы)

  • Идеясы: (мезгіл мінезінің сипаты)




  • Өмірден өткен уақыты: (1931 ж)

ІІІ. Әңгіме бойынша 2 қатарға жетек сұрақтар:

  1. Ж. Аймауытов кім?

  2. Қандай шығармалары бар?

  3. Жетішатыр қаласының сипаты, халқының тұрмысы мен салты.

  4. Шәкет үйінің көрінісі.

  5. Алғашқы ойын-сауыққа дайындық.

  6. Шығармадағы Бержабай кімдер?

  7. Әмірқанның әні, оның тыңдаушыларға әсері.




  1. Әмірхан әншілік өнерді кімдерден үйренді?

  2. Әмірханның мінез-құлқын мәтіндегі қай жолдардан байқадыңдар?

  3. Шығармадағы “шүлеңгір”, “қашаба” сөздерінің мағынасы қандай?

  4. Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды?

  5. Шығармадағы Әмірқанның басты прототипі кім?

  6. Жетішатыр қазіргі қай қала?

  7. Ақтамақ хикаясы” туралы айтыңыз.


ІV. Мәтінмен жұмыс


Мәтін

Өз пікірім

Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Бет – аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шығама? Ән салу көңілден ғой... Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқымда келмейді.






V. Мәтінге сатылай кешенді талдау




  • Тақырыбы: ән,өнер,ғұмыры әнмен өткен өнер адамының өрелі биігі




  • Жанр түрі:проза (әңгіме)




  • Идеясы:ән құдіретін таныту




  • Кейіпкерлері:Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ,студент жастар,ұрылар




  • Басты кейіпкердің прототипі: Әміре Қашаубаев




  • Туған жылы:1888ж




  • Өнері:әншілік,артистік,актерлік




  • Әдеби – теориялық ұғымдар:

1.Теңеу:атқан таңдай, шайдай,сыбызғының үніндей,асқар

тауындай,күзді күнгі дауылдай,тас бұлақтың суындай.т.б

2.Портрет:

Әмірқан-кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.

Ақтамақ-үріп ауызға салғандай жұтынып тұрған сұлу.

  • Тәрбиелік мәні: әңгімені оқи отырып, ән өнерінің құдіретін түсінеміз. Оқушыны ән өнерін,өнер адамдарын бағалауға тәрбиелейді.


VI.Семантикалық карта 1





Қымыз әкелейін бе?” – дегендей көзі күлімдей карады

Шәуілі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер жігіт

Сұлу, паң, үріп ауызға салғандай


-Кәне, ән сал!

- Нағыз

жігіт екенсің!


Ұрылар











+

Шәкет


+










Әмірқан





+







Ақтамақ








+




Дәулетжан














Семантикалық карта 2






Шәкет


Ақтамақ


Әмірқан


Қала жігіттері


Дәулетжан

Шын сүйсең,сүй!”- деді




+










Менің жүрмеген жерім, көрмеген елім бар ма?







+







Балалар жоғары шығыңдар!


+













Қалжыңға топас келетін...










+




Көл жағалап кетті













+



VII. Қорытынды:
Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан. Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы ұлылығының айғағы десекте болады.

Әміре Қашаубаев - ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті. Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
VIІI.Үйге тапсырма «Егер мен жазушы болсам...»
І Х Бағалау.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет