График а алматы "Білім" 2012


§ 1.6 Сызбаның негізгі жазуы



Pdf көрінісі
бет6/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға
§ 1.6 Сызбаның негізгі жазуы 
Барлық сызылған сызбалардың негізгі жазуы болады. Негізгі жазу сызбаның 
төлқұжаты, сондықтан оның маңызы өте үлкен. Бұл сызылған негізгі жазулар 
мемлекеттік стандартта белгіленген ережелер бойынша орындалады. Негізгі 
жазулар барлық пішімдердің оң жақ төменгі бұрышына орналастырылады. 
Мемлекеттік стандарт бойынша негізгі жазулардың пішіні төрт түрлі. 
Олардың үшеуінің ұзындығы 185 мм, ал төртіншісінікі 120 мм. Осы секілді 
негізгі жазу пішінінің ендері де əртүрлі болады: бірінші, екінші пішіндердің 
ені 55 мм-ге тең болса, ал үшіншісінікі 40 мм, төртіншісі 15 мм. Негізгі 
жазуды орындағанда тұтас қалың жəне жіңішке сызықтар пайдаланылады. 
Негізгі жазу 11 жолдан жəне 14 бағанадан тұрады. Сызбаның негізгі жазуын 
орындағанда тұтас жуан, жіңішке сызықтар пайдаланылады (13-сурет). Енді 
жоғарыда айталған бағаналар туралы төмендегідей мəліметтерді ұсынамыз:
1-бағанаға сызбаның аты, биіктігі 7 мм болатын алфавиттің бас əріптері 
мен қиғаштығы 75
0
болатын сызба шрифтімен жазылады;
2-бағанаға сызылған бұйымның белгіленуі жазылады; 
3-бағанаға сызылған тетіктің жасалу материалы жазылады;
4-бағанаға құрылмалық құжатқа берілген белгі (литер) жазылады. 


18
Техникалық ұсыныстың белгісі «П» əрпімен, техникалық жоба «Т» əрпімен 
белгіленеді. Ал оқушылар мен студенттер (білімгерлер) орындайтын сызбалар 
«У» əрпімен белгіленеді;
5-бағанаға сызбадағы бұйымның салмағы (массасы) жазылады;
6-бағанаға сызбаның масштабын «М» əрпін жазбай жазып қояды;
7-бағанаға сызбаның реттік саны жазылады;
8-бағанаға сызбаның қанша беттен тұратыны көрсетіледі;
9-бағанаға сызбаны орындаған мекеме аты жазылады;
10-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен 
тұлға ардың атқарған жұмыстары жазылады;
11-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен 
тұлғалардың аты-жөндері жазылады;
12-бағанаға сызбаны орындаған, тексерген, қабылдаған жəне бекіткен 
тұлғалардың қолы қойылады;
13-бағанаға сызбаның қол қойылған күні жазылады;
14-бағанаға сызбаға енгізілген өзгерістің реттік саны жазылады;
15-бағанаға сызбаға өзгеріс енгізген беттердің саны жазылады;
16-бағанаға өзгеріс енгізуге негіз болған сызбаның нөмірі жазылады;
17-бағанаға сызбаға өзгеріс енгізген тұлғаның қолы қойылады;
18-бағанаға өзгеріс енгізген күні жазылады;
19-бағанаға салынатын ғимараттың мекен-жайы жазылады.
Ескерту, екінші жəне сегізінші бағана жазулары бас əріптерінің биіктігі 5 
мм болады. Қалған бағана жазулары бас əріптерінің биіктігі 3,5 мм, қиғаштығы 
75
0
болатын сызба шрифтерімен жазылады. Ал оқушылар мен студенттер 
(білімгерлер) орындайтын сызбалар үшін 14 бағанадан 18 бағанаға дейінгі 
аралық толтырылмайды. 
Жоғарыда айтылған, сызбаға арналған нөмірі бірінші пішіннің түрі 
төмендегідей (13-сурет). Бұл пішін сəулет-құрылыс сызбаларын орындағанда 
пайдаланылады.
Екінші пішін құрылыс сызбалары мен машина жасау сызбаларына арналған 
(14-сурет). 
Сызбаға арналған нөмірі үшінші пішіннің түрі төмендегідей (15-сурет). 
Бұл пішін мəтіндік құжаттарды орындағанда, соның ішінде сипаттізімнің 
(спецификацияның) бірінші бетін рəсімдегенде пайдаланылады.
Төменде сызбаға арналған нөмірі үшінші пішіннің түрі берілді (16-сурет). 
Бұл пішін де мəтіндік құжаттардың (сипаттізімнің (спецификацияның)) 
бірінші, екінші, үшінші беттерін рəсімдегенде пайдаланылады.


19


20


21
1. МЕСТ дегеніміз не?
2. Пішімдер дегеніміз не?
3. Пішімдердің неше түрі бар?
4. Негізгі пішімдер дегеніміз не?
5. Қосымша пішімдер дегеніміз не?
6. Масштабтар дегеніміз не?
7. Кішірейтілген масштаб дегеніміз не?
8. Нақты масштаб дегеніміз не?
9. Үлкейтілген масштаб дегеніміз не?
10. Сызба сызықтары дегеніміз не?
11. Сызба сызықтарының неше түрі бар?
12. Негізгі жуан жəне жіңішке тұтас сызық дегеніміз не?
13. Сызба сызықтарының қалыңдығы қалай анықталады?
14. Сызба қаріптерін дегеніміз не?
15. А типті сызба қаріптері дегеніміз не?
16. Б типті сызба қаріптері дегеніміз не?
17. Сызба қаріптерінің биіктіктері қалай анықталады?
18. Сызба қаріптері қандай көлбеулікте сызылады?
19. Сызба өлшемдерін сызбада қалай түсіреді?
20. Сызба шығару сызықтары дегеніміз не?
21. Құрылыс сызбаларында өлшем сызықтары қалай қойылады?
22. Сызбада бұрыштық өлшем қалай қойылады?
23. Сызбада шеңбер өлшем қалай қойылады?
24. Сызбада квадрат өлшем қалай қойылады?
25. Сызбада конус қалай қойылады?
26. Сызбаның негізгі жазуы дегеніміз не?
27. Негізгі жазудың қанша түрі бар?
28. Құрылыс сызбасында қандай негізгі жазу қолданылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет