ҚМТҚ-дан ұйымдастырылған ашық оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы. (Дьенеш блогын қолдану әдісі. Ортаңғы топ.) Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі: Қ.М.Т.Қ.
Тақырыбы:«Пішіндер еліне саяхат»
Мақсаты: 1.Геометриялық пішіндердің 3 қасиеті бойынша(пішіні,көлемі,түсі) анықтауды дамыту;
2.1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды жалғастыру;
3.Кеңістікті бағдарлау дағдыларын бекіту (ортасы,жоғары,төмен,сол жақ,оң жақ); 4.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
5.Тапсырманы орындау барысында ынтасын,талабын арттырып ,зейінді,білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер Демонстрациялық материалдар:«Хат»,«Дьенеш» блогы,1-5 ке дейін үлкен сандар жинағы, вагондардың орнына шартты белгі салынған пойыздың суреті,геометриялық пішіндер жапсырылған орындықтар,шартты белісі бар құлып,сандық, блок қасиеттерінің модельдік сипаттамасы, блоктар тұратын үйдің схемасы,көңіл күй орындықтары.