Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі. Еттің тағамдық құнарлылығы



Дата06.07.2018
өлшемі12,95 Kb.
#48173
түріСабақ
Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі. Еттің тағамдық құнарлылығы.

Сабақтың мақсаты: қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктеріме таныстыру. Білімділік: еттің құнарлылығын анықтауды үйрету; білімдерін жүйелеу және тереңдету;жаңа деректермен таныстыру. Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: пәнге қызығушылықтарын арттыру; қарым-қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ өткізу әдістері: -әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандусу, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.

-Құралдарын көзден өткізу

-Сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру, қайталау:

Оқушыларға сұрақтар қою: -Электр плитасы жанында қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

-Асханада қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу:

Қазақтың негізгі азығы етпен сүт. Сиыр, қой,и жылқы, түйе етінен-шүжық, қазы, қарта, ысталған еттен тағамдар дайындаған. Ал сүт өнімдерінен түрлі суындар-айран, қымыз. Шұбат дайындаған.Қазақтың еттен дайындайтын тағамдарының көбісі мал мүшесіне сай аталады: қабырға, төстік, жамбас, жал-жая, белдеме т.б.Қазақша ет құрамына: мол ет, қамыржәне қою майлы сорпа жатады.Сонымен қатар ішек-қарын, өкпе-бауырды бір-бірімен жақсы үндестіре білген.Қазақтың ұлттық асханасында тамақ технологиясының шарттарын толығымен орындайды. Оларды тұтынатын ыдыстарыңда өз ерекшеліктері бар.Ет тартудың өзіндік дәстүрі бар. Сыйлы қонаққа бас, ал бас ұстаған адам балаларға құлаұ, жас келіншектерге таңдай береді. Бұл-балалар құймақұлақ, келіншектер мен қыздар тапқыр-еңбекқор болсын дегені.Қойдың басы мен жамбасы сыйлы қонаққа, төс күйеу балаға беріледі. Төсті істікке іліп қуырып береді. Сонымен қатар құдаларға төс түйістіріп туыс болдық деген мағынада төс тартылады. Ал қыз төркіндеп келсе қабырға мен құйымшақ ұсынады.Қазақ халқы еттің тартылуына аа мән берген. I V. Өтілгенді бекіту:

1.Қазақ халқы қандай ұлттық тағамдар пісірген?

2. Етті ұзақ сақтау үшін қазақтар қандай әдістерді қолданған.



3.Құдаларға қандай ет тартылған?

V. Үйге тапсырма: Үйде етті жіліктеп тартуды жіктеп жазу және ет тартудағы ырымдар туралы деректер жазу.

VI. Бағалау.

VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Каталог: uploads -> doc -> 0f6a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f6a -> Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты
0f6a -> Сабақ атауы А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
0f6a -> Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестің ерекшелігі (5- сынып) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет