Бөлімі: Қ. М. Т.Қ. Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат» Мақсаты



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі20,58 Kb.
#85162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМТҚ Дьенеш ашық сабағым

2–ші тапсырма
« Вагондарды цифрлармен белгіле»
-Вагондардың орындары ауысып кетпеуі үшін,оларды цифрлармен белгілеп,тура және кері санау керек.
-Міне пойыз дайын,енді пойызға отыру үшін не керек?(билет)
-Дұрыс,билет алып,орнымызға отырамыз.
(«Дьенеш» блогымен жұмыс,балаларға шартты белгілері бар карточкалар таратылады,осы белгілерді оқу арқылы өздеріне керек геометриялық пішіндерді тауып , сондай пішіндер жапсырылған орындықтарға отырады)
Билет тексеру.
-Бәрі дұрыс,енді жүруге болады.
«Поезд» (тіл жаттығуы)
Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу-гу,гу-гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
-Ал,енді баратын жерімізге жеткенше мен есептер айтайын,сендер ойланып,жауабын тауып айтыңдар.
Логикалық есептер:
1.Ағашқа қонды 5 торғай,
Жел соғып ұшып кетті 1 торғай.
Қалды сонда неше торғай?(4)
2.Болды менде 3 алма,
Беремін досыма 1 алма.
Қалды менде неше алма?(2)
3.Көл бетінде 3 үйрек,
Ұшып келді 2 үйрек.
Жүзді сонда неше үйрек?(5)
-Жарайсыңдар,бәріне дұрыс жауап бердіңдер.Міне балалар сиқырлы пішіндер еліне де жеттік.
-Шаршаған боларсыңдар,келіңдер серігіп алайық. Содан кейін саяхатымызды жалғастырамыз.
Сергіту сәті:
Оңға 1 қадам,шапалақ ұрамыз, Солға 1 қадам,шапалақ ұрамыз. Алға 1 қадам,шапалақ ұрамыз, Артқа 1 қадам ,шапалақ ұрамыз.
-Ал енді саяхатымызды жалғастырайық,қараңдар қандай әдемі сандық.
(Сандыққа жақындайды,оны зерттейді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет