Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен



бет1/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#28919
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18.21.21/03-2013



ПОӘК

«Гүл шаруашылығы және әсемдеу ісі» пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар



басылым орынына




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 Агрономия

мамандығына арналған

«Гүл шаруашылығы және әсемдеу ісі»

ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013

МАЗМҰНЫ




  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс

  5. ОСӨЖ және СӨЖ


Дәріс 1

Раушан гүлі

Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп екенін байқаған боларсыңдар. Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар күлтеге айналдырылды.

Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер бойынша раушанның 25000 іріктемесі шығарылыпты. Раушан гүлінің күлтесінен май алынатынын естіген боларсыңдар. Раушан майы - өте бағалы май, хош иісті заттар алуға пайдаланылады.

Шығу тарихы

Бағзы заманнан бұл гүл, гүлдердің патшайымы болып есептеледі. Көне Индияда әлемнің сұлуы деп есптелген сұлу Лакшми, розаның гүлінен пайда болыпты да оның бесігі — роза гүлі жаратушы құдыреттің құпиясының айғағы екен деген аңыз. Көне индияның заңында патшаға роза гүлін әкелген адам одан сұрайын деген затын(нәрсесін) сұрап алған екен.


Мұсылмандар аңызында Жердің бүткіл өсімдіктері Алладан ылғи шала ұйқыда немесе өте паң Лотостың орнына басқа бұйырушы(повелитель) беруін сұрағанда Аллаһ оларға ең керемет гүл — Розаны жасап беріптіміш.
Персияда розаны кереметтей көретіндіктен сол елдің өзі Гүлстан аталып кетуіне себеп болды.

Ал гректерде — өмірдің тым қысқалығының символы ретінде яғни осы бір әсемде хош иісті гүлдің жаратылысы мен солуындай деп қарайды. Оларда: «Егер сен розаны байқамай жанынан өтіп кетсең қайта іздеме» — деген мәтел бар… Қысқасы — аңыздар көп!

Ақ немесе қызыл розалардың гүлдерінен жасалған сироп әйелдердің жүкті болуына себепкер болады, егер «кінәрәт » әйелден болса. Ер адамға емдеоу үшін тек қызыл немесе алқызыл түсін таңдау керек.
Халық емінде өкпе ауыруына, тыныс жолдарын емдеуге де қолданылады.

Дәріс 2

Ерекше раушан гүлі

Қазақстанның туы іспеттес раушан гүлі де жақын арада шығып қалады екен. Жапониядан алдырған көк раушан гүлі мен сары түсті раушанды араластырып гибрид алуға тәжірибелер жасалып жатыр.



Лалагүлдер тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Мында өту: шарлау, іздеу

Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.



Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.


Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) (қазжуаның формуласы).


Галамшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады.




Шырыш (эромурус) техникалық өсімдік болып саналады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама десеңдерші?! Бөлмеле өсірілетін: кірпішөп өздеріңе таныс та болар. Сирек кездесетін түрлері де бар. Қазақстан Қызыл кітабына лалагүлділердің 14 түрі тіркелген. Демек Қызыл кітапқа тіркелген гүлдерге ерекше қарап, оларды қорғау - сендердің де міндеттерің.

Дәріс 3

Лапыз



Ақ лапыз


Лапыз - көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік . Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз мысалында тіршілігі мен құрылысын қарастырайық.

Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады.

Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады.

Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктердің даражарнақтылар класына жататын құртқашаш, лалагүлділер, пияз, інжугүл және астық тұқымдастар өкілдерімен таныспақшымыз. Құртқашаш және лалагүл тұқымдастар - шөптекті, кейде шала бұталы, көпжылдық өсімдіктер. Олардың тамырсабағы, түйнектері, түйнекті пиязшықтары және пиязшықтары болады. Жапырақтары қандауыр немесе таспа пішінді болып келеді. Бұлар - қосжынысты. Жемісі - үш ұялы қауашақ немесе жидек. Қазақстанда сирек кездесетін лалагүлділердің 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Құртқашаш және лалагүл тұқымдастар негізінен сәндік өсімдіктер. Олар медицинада дәрі-дәрмек ретінде пайдаланылады.



Дәріс 4



Калохортус Натолла



  • «Жауқазын» - гүлді өсімдіктің жалқы атауы, ал «қызғалдақ» - ақындар сипатындағы жалпы атауы. Көктемде шығатын өсімдік жауқазынның бір түрі екенін ақын Абай былай бейнелеген: «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын».

  • Қазжуа - лалагүл тұқымдастардың ең кішкене түрі. Биіктігі көбінесе - 3 ем, кейде 35 сантиметрге дейін жетелі. Оның өсімді мерзімі өте қысқа, жер бетіне жалғыз ғана талдырмаш жапырағы мен алты жіңішке күлте- жапырақты сары гүлі пайда болады да, көп ұзамай тіршілігін жолды. Топырақта кішкене пиязшығы қыстал, келесі көктемді күтеді.

  • Баршынгүл (латынша «гладиюс» - семсер, орысша -«шпажник») - түйінпиязшықты құртқашаш тұқымдас көпжылдық өсімдік. Еуразия және Африкада жабайы түрде өседі. Жапырағы - семсер пішінде және қатқыл. Баршынгүл сәндік өсімдік ретінде XVII ғасырдан бері өсіріліп келеді. Қазіргі кезде 10000-ға жуық іріктемесі шығарылды. Кейбір іріктеме гүлінің диаметрі 14 сантиметрден асып түседі.

  • Дәріс5

Білмекке құмарлар үшін



Құртқашаш гүлдерінің сан алуандығы

Құртқашаш тұқымдастар - даражарнақтылар класына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдік . Құртқашаш тұқымдастардың ғаламшарымызда 1 800-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың Қазақстанда 36 түрі өседі. Құртқашаштар тропикте және субтропикте таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер (құртқашаш, баршынгул (гладиолус), запран(шафран), т. б.). Олардың тамырсабағы, түйнектері, түйнекті пиязшықтары және пиязшықтары болады.

Жапырақтары қылыш тәрізді немесе таспа жапырақты болып келеді. Гүлдері - ірі, қосжынысты, дұрыс, кейде бұрыс гүлді. Құртқашаштардың гүлсерігі жай күлте тәрізді болады. Гүлінің жеке өсуі де, гүлшоғырлы болуы да мүмкін. Гүлсерігі 6 жапырақшадан құралган, күлте тәрізденіп, айқын көрінеді. Аталығы - 3. Бір аналығы болады, аузы үштелімді. Көпшілігінің үш ұялы жатыны төмен орналасады. Жемісі - ұш ұялы қауашақ. Құртқашаш тұқымдастар гүлінің формуласы: *Гс6А3Ж1 (Ге - гүлсерік) немесе К (күлте) деп те атауға болады. Дәрілік, тағамдық, басқа да мақсаттарға қолданылатын құртқашаш тұқымдастар бар. Халық құртқашашты кейде «жыланқияқ» деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет