График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет3/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға
§ 1.3 Сызба сызықтары 
Сызбаны оқу жəне сызу үшін сызатын жəне безендіретін сызықтар түрін 
білу керек. Сызбада сызықтар түрі мен олардың өлшемдерін (ұзындықтары 
мен қалыңдықтары) «Сызба сызықтары» деп аталатын мемлекеттік стандарт 
бойынша оқытып үйретеді. 
Мемлекеттік стандарт бойынша тоғыз сызық түрі тағайындалған:
- тұтас жалпақ негізгі сызық;
- тұтас жіңішке сызық;
- тұтас ирек сызық;
- тұтас жіңішке сынық сызық;
- үзілме сызық;
- нүктелі үзік сызық;
- қос нүктелі үзік сызық;
- жуан нүктелі үзілме сызық;
- үзік сызық.
Сызбадағы сызықтардың жуандығы сызбаның пішімі мен сызбаның 
күрделілігіне байланысты 0,5 миллиметрден 1,4 миллиметр арасында болады. 
Бұл жуандықты латынның s кіші əрпімен белгілеп қояды. 
Егер сызба бірдей масштабта сызылса, онда сызықтардың жуандықтары да 
бірдей болады. Осымен қатар үзік, нүктелі үзік сызықтардың сызықшалары 
да бірдей ұзындықта болып, сызбаның күрделілігіне байланысты сызықшалар 
қысқа жəне ұзын болады. «Сызба сызықтары» мемлекеттік стандарты 


8
бойынша А1 пішімінде сызылатын сызбадағы тұтас қалың негізгі сызықтың 
қалыңдығы қаламмен сызғанда 1,0 миллиметр болуы қажет. Ал, бұдан кіші 
пішімдер 0,8 мм болады. 
Төмендегі 1-кестеде сызықтардың түрлері мен өлшемдері көрсетілген.
Үзік жəне нүктелі үзік сызықтардың сызықшалары мен олардың 
арақашықтықтары бірдей ұзындықта сызылады. Сызбада үзік сызықтар 
міндетті түрде тұтас қалың негізгі сызықпен түйіседі. Нүктелі үзік 
сызықтардағы сызықшалар шеңберден немесе айналу денесінен міндетті 
түрде екі, үш миллиметр шығып, өзара қиылысуы қажет. 
1-кесте
 
 
N/N 
 
 
СЫЗЫҚТЫҢ
 
АТАУЫ
 
 
 
СЫЗЫҚТЫҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет