95
Q проекцияланушы жазықтығын жүргіземіз. Фронталь проекция жазық-
тығында Р проекцияланушы жазықтығы EDGF төртбұрышының қырларын
1 жəне 2 нүктелерінде қиып өтеді. Ал, Q проекцияланушы жазықтығы
EDGF төртбұрыштың қырларын 3 жəне 4 нүктелерінде қиып өтеді.
Бұл табылған нүктелерді горизонталь проекция жазықтығына байланыс
сызықтарының көмегімен түсіріп, 1
1
, 2
1
жəне 3
1
, 4
1
нүктелерін табамыз. Осы
нүктелерді өзара қоссақ, бұл сызықтар АВ қырын К нүктесінде, АС қырын
N нүктесінде қиып өтеді.
Егер осы табылған нүктелерді горизонталь жəне фронталь проекция
жазықтықтарында өзара қоссақ, онда табылған түзу сызық екі жазықтықтың
қиылысу сызығы болады.
Енді кеңістікте қиылысып жатқан АВС үшбұрышы мен EDFG
төртбұрышының горизонталь жəне фронталь проекция жазықтықтарында
жазықтықтардың көрінетін немесе көрінбейтін жақтарын анықтаймыз.
Ол үшін горизонталь проекция жазықтығында бəсекелесіп тұрған 5
пен 6 нүктелерін белгілеп алып, осы нүктелердің фронталь проекция
жазықтығындағы кескінін табамыз.
Осы кескінделген нүктелердің қайсысы бірінші тұрса, горизонталь
проекция жазықтығында сол нүкте немесе сол қыр көрінетін болады. Міне,
осындай жолмен фронталь проекция жазықтығында да көрінетін жағын
анықтап аламыз (93-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: