171
Өндірісте жəне күнделікті өмірде жұмсақ қаңылтыр темірлерден əртүрлі
техникалық пішімдерді жасағанда, алдымен сол нəрселердің алдын ала
жазбалары жасалынады. Беттердің жазбасы дегеніміз - беттің барлық бетін
бір жазықтыққа беттестірген көрінісі. Кей жағдайда беттердің жазбасын бір
жазықтыққа беттестіру мүмкін болмайды, онда бұл жағдайда беттің бетін
кесуге тура келеді. Беттердің əртүрлі болуларына байланысты жазбалар
жазылатын жəне жазылмайтын болып екіге бөлінеді.
Жазылатын беттердің үш қасиеті болады:
-
жазылатын беттің бетіндегі кесінді ұзындығы мен жазбадағы кесінді
ұзындығы өзара тең;
-
жазылатын беттің бетіндегі қиылысып жатқан сызықтардың арасын-
дағы бұрыш пен жазбадағы қиылысып жатқан сызықтардың арасындағы
бұрыш өзара тең;
-
жазылатын беттің бетінің ауданы мен жазбадағы беттің ауданы өзара
тең.
Көпжақты беттердің дұрыс жəне жай көпжақты түрлерінің барлығы жазы-
латын беттерге жатады. Ал, айналу беттерінің ішіндегі сызықтық беттері
жазылатын беттерге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: