«Графика және модельдеу» 7cынып курсына арналған қосымша оқулық



Дата29.09.2022
өлшемі9,43 Mb.
#151150
түріОқулық
Байланысты:
000192c8-d9aca976







Макеттеу
«Графика және модельдеу» 7cынып курсына
арналған қосымша оқулық
құрастырған: Ташимова А. А.
№8 гимназия
Буйнелеу өнері, сызу және
Технология пән мұғалімі

Макет (полиграфияда) — газет-журналда немесе кітапта берілетін материалдардың, мәтіннің немесе суреттердің орналасуын алдын ала көрсететін үлгі-жоба. Макет материалдарды бетте дұрыс және дәл орналастыру әрі газеттің немесе журналдың сыртқы көрінісін тартымды ету үшін қажет. Баспа мекемелерінде кітаптың жалпы таралымын шығармас бұрын байқау нұсқасын да макет деп атайды. Макеттеу — басылымды көркем безендіру, сапасының жоғары болуын алдын ала айқындайтын көрсеткіш. Кітаптар мен журналдарда, негізінен, жапсырма макет — терім, клише көшірмелерін үлгі қағазға жапсыру арқылы жасалған макет; газеттерде график. Макет — газет беттерінің графикалық шартты сызық белгілері арқылы үлгі қағазға түсірілген нақты жобасы қолданылады. Қазіргі уақытта баспа мекемелерінде компьютерлік техниканың кеңінен қолданылуына орай макет жасау едәуір жеңілдеді. 2) Макет, декорация макеті - театрда спектакльдің декорациялық шешімінің белгілі масштаб бойынша кішірейтіліп жасалған моделі. Ол театр суретшісінің эскизі (нобайы) бойынша орындалады. Макет сахна кеңістігін композиц. тұрғыдан бағдарлауға, актерлер ойынына арналған ашық алаң мен мизансценаларды белгілеуге мүмкіндік туғызады. Макеттің негізінде декорация сызбасы жасалады. Әдетте макеттің көрмеге қоюға және жұмыс барысына арналған екі түрі болады.

  • Сәулеттiк макет - ғимараттардың көлемдi суретi.

  • Түпнұсқа-макет - келешек баспа шығарылымымен толық дәл келетiн түпнұсқа.

  • Электрондық макет - бұйым және электрондық түрдегi оның компоненттерi туралы қорытылған мәлiмет.

  • Қала құрылыс макет - табандатқан шағынаудан немесе қаланың макетi. Масштабта жиi 1:1000-1:5000Көрiнiс макетi - жердiң макетi. Тау, Көл, бедер, қандыағаштар және тағы басқаларды бейнелейдi.

  • Интерьер макеттерi - пәтер немесе коттедждiң iшкi жайғасуларының көрсетедi.[1]

  • Әдістемелік нұсқауда макетті орындау тарихынан мысалдар келтірген және қазіргі уақыттағы оның алатын орнын көрсеткен. Макетті орындау техникасының мүмкіндігін және материалмен жұмыс істеу әдістері қарастырылған. Макеттеудің дағдысын дамыту үшін, жаттығулар әдістері қарастырылған.

Кіріспе



Макеттеу – оның графикалық (жазықтықтың) бейнелеуден өзгешелігі – материалды модел түріндегі форманың туындысы және ол өзінің көлемді түрін айқын көрсетіп, елестетеді.
Ірі құрылымдарды салу кезінде кіші масштабтағы оның формасының көшірмесін орындаған мысалдары бізге сәулет өнерінің тарихынан белгілі. Болашақтағы құрылымдардың детальдарын және кеңістіктік шешімдерін көрнекті етіп көрсету үшін олардың көлемді моделдеріне соңғы жылдары тағы да қызығушылық пайда болды.
Оқушылар графикалық дайындықпен қатар көлемді моделдеу дағдысын дамыту керек етеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда архитектураны оқытуда макеттеуді қолдану шекарасының және мүмкіншіліктерін қарастырады. Қағазбен, құрал – жабдықтармен, материалдармен және желімдердің түрлерімен жұмыс істеудің жаттығу әдістерін ұсынады.
Оқушылар практикалық сабақтарда макет жасауды үйретуді – курс өзіне мақсат қояды.
Жаттығулар мен курс жұмыстарын орындау кездерінде осы әдістемелік нұсқау студенттерге көмек көрсетіп, орындау тәсілдерін практикада үйренулеріне көмектеседі.
Кеңістікті - көлемді композиция. Макет орындау.
Тұрғын үй жобасының ерекшеліктерімен танысу. Көлемді кеңістік композициясын құрудағы заңдылықтар. Макетті жасаудағы ерекшеліктер. Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауды меңгеру.
Кеңістікті-көлемді композиция. Бір-бірімен үлкендігіне сәйкес орналасуында кескін көлемді форманың шектеріндегі көлемді-пластикалық моделировканың элементтері. Планда көлемді форманы әртүрлі орналастыру және әртүрлі жарықтандыруы 16 ғасырдың педагогикалық және шығармашылық практикасында негізгі көмекші тәсіл болған. Планда түс бояуларын және түстік-көлеңкені ажырата білу көркемдік шеберліктің негізі болып табылады.
План - (лат. Рlanus - жазық, тегіс) Әртүрлі бөліктерінде кеңістіктік зона, бейнелеудің көрінетін бөліктеріне сәйкес келеді және кеңістікте тереңдікті берудегі негізгі тіреу пункті мәнін алады (әсіресе пейзажда). Бірінші (алдыңғы), екінші (орта) және артқы (алыс) болып бөлінеді. Планда, классикалық схемада пейзажға қоңыр, жасыл және көк түстер тән. Жие план саны көп болуы мүмкін, ол суретшінің композициялық ойы, мотивті таңдау мен көзқарасына байланысты. Планның тереңдігі, ара-қашықтық пен олардың арасындағы шегі айқын болмауы мүмкін.
Сурет салудың алғашкы сатысында заттардың кеңістікте орналасу жағдайын анықтау үшін визирлеу әдісі деп аталатын әдіс көп колданылады. Мұның мәнісі мынада: сурет салушы қолын алға созып, қарындашты көзінің деңгейінде ұстап отырып, қашықтықта түрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың көлемдерімен салыстырады.
Визирлеу әдісі кеңістіктегі заттың шын мәніндегі орналасу жағдайын анықтап, оны суретте бере білуге көмектеседі. Сонымен бірге бұл әдістің зиянды жағы да бар, мәселен, көзбеы мөл-шерлей білуге үйренуге кедергі жасайды.
Нәрсе бөліктерінің пропорцияларын визирлеу. арқылы тексеру, суретті салмай тұрып салынып біткеннен кейін істеледі. Суретті салмастан бұрын визирлеу зиянды, өйткені алдын ала өлшеп алуға үйренген суретші көз мөлшерімен есептеуге дағдылана алмайды.
Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым.
Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар, жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді.
Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.
14-сурет. Тұрғын үй макеті.
Берілген ортаның макетін жасау.
Макетті құрастыру – үйдің құрылысы тәрізді нақтылық пен жауапкершілікті талап ететін шығармашылық үрдіс.
Макет жасау шығармашылық ойды қалыптастырып дамытады. Сәулетті макеттер натуралық объектен басқа материалдардан жасалады, бірақ сапа жағынан айырмашылықтанады, натуралық материалдарды имитациялайды. Негізінде макеттер кеңістік, кейде пластикалық ерекшеліктерді көрсетеді.
Макеттеу жұмыстары этаптарға бөлінеді: эскиздеу, шығармашылық ізденіс, көлемді-кеңістік үйлесім (жұмыс макеті); келешек құрылысты жарықтандыру мен статикалық сапасын көтеру; проекттеудің соңғы сатысы; бақылау тексеру.
Берілген ортаның жобасын жасау. Берілген ортаның жобасын жасау алдымен масштабын белгілейді, кейін бүктелген картонның бірнеше қабатын жинақтайды. Ағаштардың орнына кіші көлемді ұқсас бұтақшаларды қолданады. Үлгі ретінде сіріңкенің корапшаларын қолдануға болады.
Жоспар құрылымды модельдеуге аппликация қодануға болады.Түрлі түсті қағаздардан 1:100 немесе 1:50. пропорционал көлемді төртбұрыштарды қиып жапсырады.
Тұрғын үйдің социалды моделдеуі жоспарланған құрылымды дайын макет негізінде орындалады. Тығыз жылтыр қағаздан қабырғалар мен аралықтарды қиып бөлме шекараларына бекітеді. Бөлме биіктігін еніне сәйкестендіріп алады.Қиындылардан терезелер мен есіктерді анықтап бөлме қырларын майыстырады.Дайын шешімдерді негізге қырларымен жабыстырады.
Моделдеу жұмыстары келешек құрылыстың статикалық сапасын көтеруге әсерін тигізеді.
Моделдеу жұмыстары саздан, ермексаздан, пенопласттан, қағаздан орындалу мүмкін. Макеттін алғашқы негіздері куб тәрізді пішіндер болу мүмкін.
Макеттеу жалпылама пішімдермен, көлемді фигуралар, тірек каркас көмегімен орындалады.
Макет жасаудың мақсаты – сәулет ғимараттың көрнекі мағыналы сыртқы пішінін көрсету, тұрғын үйдің жалпы және бөлшектерінің өлшемдерін, пропорцияларын, ғимараттың жалпы конфигурациясын, құрылыстың түстік шешімін анықтау: қабырға, терезе, шатыр, мансард, веранда, террасаның өлшемдерін.
Моделдеу жұмыстары шығармашылық ойды талдауға көрнекі түрге айналдырады, мәселені шешу үшін белсенді іс-әрекеттерді тудырады: келешек құрылыстың визуалды және пластикалық тұжырымы, нұсқаларды тексеру және салыстыру.
Моделдеу жұмыстары ғимараттың көрнекі үйлесімді және құрылымды шешімін табу мақсатында арзан, пластикалық материалдардан орындалады.Ерекше назар құрылымның шынайы материалдардың тектоникасына аударады.
Макет 1:50 масштабта орындалса келешек құрылыстың өте тиімді ракурстарда фотосуреттерін жасауға болады.
Үлгі макет қатты материалдардан орындалады: ағаш, металл. Макеттің негізгі бөліктері: іргетас, подвал, цоколь, баспалдақтар, чердак, шатыр, қабырғалар корапшасы.

1 Көлемді макеттеудің өткендегі тәсілдері және оны көркем – сурет жүйесінде моделдеу


Сәулеттік жобалаудың көлемдік – жазықтықтық көп бейнелі формаларының проблемаларын тек қана графика тәсілімен шешу жеткіліксіз.


Жобалау нысандарының күрделі жазықтық және көптеген көлемдерін қарапайым графика тәсілімен орындау методы нақтылы көрнекті нәтиже бермейді. Сондықтан графикалық тәсілмен қатар оған көмек ретінде, әрбір өткен кезеңдерде сәулетшілер, көлемді макет үлгісіндегі формаларды қолданды.
Ренессанс дәуірінің ұлы шебер – сәулетшілері өздерінің творчествалық жұмыстарында жобаланатын құрылымдардың көлемді моделдерін кең түрде қолданды. Оны өзінің «Истории архитектуры» атты еңбегінде О. Шаузи былай дейді: «Исполнение зданий обыкновенно поручалось по конкурсу... Единственное средство, которым конкуренты могли сделать их мысль доступной всем, состояло в материализации ее каким – либо способом: они передовали ее насколько можно с помощью рельефа. Так именно были исполнены проекты купола собора Санта Мария дель Фьоре во Флоренции. Также известно, что на окончательных проектах Собора святого Петра в Риме остановились после обсуждения их по модели ».
Архитектуралық жобалау үшін моделдің маңызы туралы Ж. А. Альберти өзінің «Десять книг о зодчестве» атты трактатында XV ғ.
30 жылдарында былай депті: «я всегда хвалю древний обычай зодчих вновь и вновь обдумывать... все сооружение и отдельные размеры его частей не только на чертеже и рисунке, но и в моделях и образцах, сделанных из досок или чего – нибудь еще, и прежде чем приступить к чему – нибудь из того, что требует издержек или заботы, исследовать это. При изготовлении моделей представляется прекрасный случай видеть и обсудить... число и порядок частей, поверхность стен... В них можно беспрепятственно добавлять, убавлять, обновлять и переиначивать, чтобы все было правильным и приемлемым ».
XIX ғ. Петербургте әсем ғимараттарды салу кезінде кең түрде масштабты моделдер қолданды. Үлкен масштабты (1:100) Исаакиевский соборының, Фонды биржасының және Смольный соборының модельдері осы күнге дейін Россияның Сурет Академиясында сақталуда. Модельдерде ғимараттардың ішкі және сыртқы детальдарын, қолданған материалдарының фактураларының бейнелерін толық көрсетілген.
Өткен ғасырдың атақты сәулетшілері – Мис ван дер Рое, Гропиуса жобаларында макеттерді қолданған.
Көлемді макеттеудің ролі қазіргі уақытта да жоғары, себебі макет сәулеттік композицияны жан – жағынан және әртүрлі жарықпен тексеруге мүмкіншілік беруінің арқасында, біз жобаланған нысанның формсын тұтастай, нақтылы көреміз.
Қазіргі кездегі практикада жобада макеттің келесі түрлері қолданады: кіші масштабты жобалар үшін (М 1:200 - деталды жоспарлау үшін, М 1:1000 немесе 1:500 – тұрғын ауданды орналастыру жобасы үшін); нысанның ішкі сәулеттік көлем – жазықтығының шешімі (М 1:200, 1:100 және басқ.); архитектуралық – конструкциялық шешімдері (конструкцияның ішкі және сыртқы бір – бірімен байланыстары); ішкі кеңістіктің (интерьердің) ; конструкция мен детальдардың фрагменттері.
Жобалаудың барлық этаптарында графикалық эскизден тыс жұмыс макеттерінің варианттық шешімдерін орындау шығармашылық ізденіс болады. Студенттің мінезіне жұмыс макеті белсенді ізденіс тұрғыдан әсер беріп қана қоймай, оның барлық элементерін бір – бірімен салыстыру, барлық көру нүктелерін тексеру және ең бастысы – оның ішкі және сыртқы кеңістіктерінің салыстырмалығын тексеріп, анықтайды. Макеттеу студенттердің көру түйсігінің мүмкіншілігін арттырады және шешімінің дұрыстығын анықтап, ойын нақтылы көрнекті етіп жеткізеді.
Жоғары талаппен орындалған макет диплом жұмысының тақырыбын, идеясын одан әрі көрнекті етіп, тұтас көруге мүмкіндік береді.
Мысалы, оқушылар Сарайы, туристік орталық кешендері – архитектура мен ландшафтың байланыстарын ашады және күрделі ұйымдастырылған жүйедегі компонент түріндегі жеке ғимараттарды студентердің тәрбие тұрғысынан түсінуіне ықпал жасайды (1 сурет).
Клуб, мектеп, кинотеатр сияқты жеке нысандардың макеттерін орындау курс жұмыстарын көлемді – жазықтықта ішкі архитектуралық бейнесін іздеуге көмектеседі және оқушылардың құрылымды үш өлшеммен көруіне түсінік береді (2 сурет).
Архитектуралық пластиканы сезу және көруді макеттеу тәсілімен үйретеді. Төменгі және жоғарғы курстарда қолданатын көлемді – кеңістіктік моделдеу тәсілі тапсырманы осы тәсілмен орындауды жүктейді және әр деңгейдегі - ең қарапайымнан (жайпақ, модульді) күрделіге дейіңгі (жазықтықтық) жаттығулар әр түрлі макеттерді орындауды қарастырады.
1 сурет - 1200 келушілерге арнаған Оқушылар сарайы. Макет.



2 сурет - Сәулет мектебі. Макет.
Мамандықтың төменгі және жоғарғы курстарында әрбір курс жұмысы мен жобасын орындау үшін макет техникасын орындау жаттығуларын керек етеді. Аяқталған жобаның құрамына демонстрациялық макет те кіреді.
2 Қағазбен жұмыс істеу тәсілдері
2.1 Материалдар мен құрал - жабдықтар
Макеттеу техникасын орындау жұмысы үшін міндетті түрде келесі материалдар мен құрал – жабдықтар керек:

  • «ватман», «торшон» түріндегі сызу қағаздарының беттері;

  • арнаулы кесуге арналған пышақ;

  • қайшы;

  • фаскасы бар сызғыш (темір сызғыш та жарайды);

  • ПВА, резина желімдері (резина желімі ақ түсті болғаны дұрыс);

  • қатты қарындаш.

2.2 Қағаз


Қағаз материалының сапасы әр түрлі заттарды жасау үшін шексіз жағдайлар туғызады. Біз үшін қағаздың сапасы көлемді модел жасау үшін тек қана материал ретінде қажет.
Қағаздың сортын анықтаған соң, оны орынды жұмыста қолданады. Әрбір жағдайларда қағаздарды қолдану сферасы тек қана оның құрылысына ғана байланысты емес, сонымен қатар жасалған моделдің жарыққа әсері де қарастырылады. Фактурасы ірі түршіктерден жасалған макет көптеген ұсақ көлеңкелердің арқасында салмақты болып көрінеді. Көлемді моделдер жасау үшін тегіс бетті қағаздар ыңғайлы. Оларды бүгуге, кесуге, бүктеуге және желімдеуге ыңғайлы.
2.3 Умаждау
Тегіс қағаздың беті практика жүзінде жарықты біркелкі шағылыстырады. Горизонталды орналасқан жағдайда тіпті де байқалмайды.
Умаждалған қағазды алайық. Макеттің бетінің фактурасын көрсету үшін умаждалған қағазды қолдануға болады. Ол үшін газетке пайдаланатын және папирусты қағаз сорттарын қолдануға болады. Осындай қағаздарды тегіс бетті қағаздарға желімдегенде – ол декоративті және көлемді болып көрінеді. Осы қасиет моделге тура жарық түсіргенде байқалады.
2.4 Бүгу және бұжырлау (гофрирование)
Қағазды алдын ала сызылған сызықтар бойынша бүгу немесе бұжырлағанда оның салмақ көтеру қасиеті артады және оған нақтылы мінездеме береді. Алдымен қағаздың бетіне керекті сызықтарды сызған соң, оны өткір құралмен (пышақпен) аздап тіледі. Тілікті сыртқы бет жағынан істеген дұрыс , яғни қағазды қай жаққа бүктеленетінін біліп барып қана тілген дұрыс. Осыны ескермегенде қыры түзу болмайды.
Бетті бұжырлау кезінде, ең бірінші бір жағын тіліп алып бүккенсоң, орталарын келесі жағынан тіліп бүккен дұрыс. Өлшемдерінің дәлдігіне, бұрыштарының түзулігіне өте көңіл аудару керек.
Қағазды бүгу және бұжырлау арқасында күрделі композицияларды орындауға болады. Осылай, ойланып және дәл орындаған моделді пішу арқасында көп нәтижелерге жетуге болады.
2.5 Үзу және кесу
Қағазды үзу және кесу кезінде беттің жаңа мінездегі үлгісі пайда болады. Осындай қағаз беті кеңістігімен, мәнерлігімен және композициялық толықтығымен әсер береді. Қағазда фигураларды кесіп, (үшбұрыштар, шеңбер, рамалар) бүгу арқылы жасалған моделдердің жалпы мінездемелері жарықтың түсу бұрышына байланысты өзгереді.
2.6 Үлкен пішіндерді желімдеу
Цилиндр, конус, призма, куб секілді ең көп тараған геометриялық пішіндердің жасалуы өте қарапайым. Күрделі көлемді пішіндерді жасауда - ең әуелі олардың құрамдас бөліктерін дайындап, сонан соң ұқыптылықпен біріктіру керек.
Пішіндердің қырларын екі түрлі тәсілмен желімдеуге болады :

  • «түйістіріп»;

  • желімдеуге бос орын қалдырып.

3. Жаттығуларды орындаудың әдісітері
3.1 №1 жаттығу. Макет жасау техникасындағы негізгі жұмыс тәсілдері
Тапсырманың мақсаты: қағазбен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін тексеріп көру (умаждау, бүгу, қию, фактуралық бетін бүрмелеу).
Мақсаты:
1 Қағаздың модель жасау материалы ретінде қаншалықты пластикалы екендігін зерттеу;
2 Қағаздың бетін өзгерту тәсілдерімен танысу;
3 Скальпелді пайдалануды, макетті желімдеуді, модельді пішу дағдыларына үйрету;
Талаптар:
1 Жаттығу А-3 форматында орындалады (бірнеше жазықтық фрагменттері);
2 «Ватман», «торшон» типті қағаздар, скальпель, ПВА желімі пайдаланылады.
3.2 №2 жаттығу. Еркін пластикаға негізделген рельеф
Тапсырманың мақсаты: Сурет элементтерінің (пейзаж, натюрморт) кеңістіктегі қатынасын түрлі фактуралық қағаздар арқылы беру (көрсету). Үлгі ретінде сурет репродукцияларын пайдалануға болады.
Мақсаты:
1 Белгілі бір абстракциялық үлесімен берілген заттың жатық макетін орындау.
2 Суреттің жоспары мен оның элементтерінің арасындағы кеңістік қатынасты қағаз фактурасының көмегімен көрсету.
Талаптар:
1 Макет А-3 немесе А-4 форматында орындалады.
2 Әртүрлі форматты қағаздар, ПВА желімі, скальпель пайдаланылады.
3.3 №3 жаттығу. Көлемді пішіндерді конструкциялау
Тапсырманың мақсаты: рациональды пішу негізінде басты геометриялық пішіндердің (куб, цилиндр, пирамида, конус, параллелепид) макетін жасауды үйрету; макетті сапалы жасай білуге қол жеткізу.
Мақсаты:
1 Қарапайым геометриялық пішіндердің макетін жасау (куб, конус, параллелепид және т.б.)
2 Макетті орындаудың бүкіл процесін алдын ала ойластыру, элементтерді желімдеу кезегін белгілеу, егер қажет болса желімдеуге бос орын қалдыру.
Талап ету:
1 Дайын заттың биіктігі 6-8 см. Басқа периметрлері пропорциональды күйде таңдалынады.
2 Пішінді сапалы қиюды және желімдеуді қадағалау.Қырларын желімдегенде пышақтың ұшымен (жатқызып) үстінен жеңіл ғана бастырып өту.
3 Аяқталған макетті негізге орналастыру.
3.4 №4 жаттығу. Геометриялық денелерден жасалған көлемді – жазықтықтық композиция.
Мақсат:
1 №3 жаттығуда қолданған элементтерден композиция құрастыру.
2 Бір – біріне кірген модельдерді ескеріп, пішіндерді құрастырудың ең бір рационалды әдісін табу.
Талап ету:
1 Элементтердің биіктіктері 6 -8 см. қысқа болмау керек, өзге өлшемдері сәйкестеніп өседі.
2 Дайын макетті негізге отырғызу.
3.5 №5 жаттығу.Күмбездер мен қабыршықтар
Мақсат: Моделдеуді үйрену және практикада макеттерді модуль жүйесінде (кеуекті) орындау.
Тапсырма:
1 Модульді элементтерден күмбез, қабыршық пішіндерін құрастыру.
2 Форманы көрнекті етіп жасау үшін қағаздың мүмкіншілігін және макеттеудің басқа да әдістерін іздестіру.
Талап ету:
1 Макет үшбұрышты, көпбұрышты, квадрат және басқа формалар модуль элементтерінен орындалады.
2 Элементердің санын және олардың өлшемдерін А - 4 форматында шектеледі.
3 Картон сияқты қағаздың қатты сорттарын және скальпель, ПВА желімін т. б. пайдалану.
3.6 №6 жаттығу. Каркасты – стерженді жүйені макеттеу
Мақсат: Стержінді модульді элементерден құралған көлемді және кеңістіктік формаларды модельдеудің әдістерін меңгеру.
Тапсырма:
1 Конструкциясы стерженнен жасалған структурасының макетін орындау.
2 Қималары үшбұрышты, квадратты, шеңберлі стержендерді қолданып, көрнекті модель жасау үшін макеттеудің әдісінің мүмкіндігін көрсету.
Талап ету:
1 Элементтердің өлшемдері мен сандары А – 3 форматымен шектеледі.
2 Картон, ағаш және қағаздың қатты сорттарын пайдаланады.
3 Дайын болған макет негізге қойылады.
4 Курс жұмысын орындау алдындағы дайындық жұмыстар
«Графика және модельдеу» пәндерінің курс жұмыстарын тек қана графикамен ғана орындап қоймай оның моделінің макетін де жасайды. Оқу жылында әрбір тақырыптардан дәріс оқылған соң курс жұмысының тапсырмасы беріледі. Практика сабақтарында дайындық ретінде жаттығулар жасалады. Жаттығуларды бітірген соң студентерге архитектуралық композиция принциптерінен дәріс оқылып, формалардың абстракты қалытасу, орналасу және бір – бірімен байланыс (бірлік, салыстыру, бағыныштылық) заңлықтарынан жұмыстар жасалады. Қарапайым тәсілдерге сүйеніп алғашқы дайындық деңгейінде формаларды дайындау (формалардың ұқсастығы, параметрлердің өзгеру ньюанстері, элементтердің қарама –қайшылықтары, салмақтылық және кеңістіктік). Жаңа мемлекеттік стандарт бойынша біріккен үш пәннің (сәулеттік жобалау негіздері, композицияның негізері және сәулеттік графика және макеттеу) бір – бірімен байланыстарын тұтас қарап, қарапайым элементтерден күрделі элементтерге ауысуының жалпы заңдылықтарын студенттерге жеткізу өте маңызды.
Практика сабақтарында қағазбен, материалдармен жұмыс істеу және орындау тәсілдерінің құрамдары курс жұмысының көлеміне кіреді.
Жұмысты оқушылар өздері сабақтан тыс уақыттарда жасайды. Мұғалім бір студентке 2 сағат көлемінде консультация береді.
Курс жұмысының (макеттің) өлшемі – еркін, бірақ А -3 форматынан үлкен болмау керек.
Жұмыстың бағасын тек қана композициясы мен эстетикалық қасиетіне қарап қоймай, оның орындау сапасын да ескеру керек.
Курс жұмысының мақсаты:
- оқу барысында үйренген макеттеудің практикалық дағдыларын көрсете білу;
- композицияға бағыныштылықпен қойылған талап бойынша анықталған макеттің күрделі деңгейінін нақтылы көрсете білу;
- үш өлшемді форманың пропоция байланыстарын көре білу.
Талап қою:
1. Макет қатты сортты қағаздардан жасалады.
2. Жұмыстың көлемі А – 3 форматынан аспау керек, биіктігі 10 -15 см.
А қосымшасы(міндетті)
Қағаз жазықтығын диагональды – қатпарлы бөліктеу

а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс

Б қосымша(міндетті)


Тік төртбқрышты қималы қатпарлар

а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс
В қосымша (міндетті)
Үшбұрышты қималы қатпарлар.

а) үстінен қарағанддағы көрініс б) жалпы көрініс

Г қосымша(міндетті)


Қима сызығы бойымен біріктірілген қатпарлар.


а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс
Д қосымша(міндетті)
Көлемді күмбезді құрылым

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс
Е қосымша(міндетті)
Элементтер модуль негізіндегі күмбез.

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс

Ж қосымша (міндетті)


Көлемді жұлдызшалы құрылым


а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс
З қосымша(міндетті)
Көлемді шатылы конструкцияның моделі

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс

И қосымша (міндетті)


Жиналмалы конструкцияның макеті

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс
К қосымша (міндетті)
Серженді конструкция

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс

Л қосымша (міндетті)


Стерженді кеңістіктік конструкцияның макеті

а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет