Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан әртүрлі композициялар жасау. Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі27,46 Kb.
#47189
түріСабақ
Накипбаева Ажар Бакытовна

6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Пәні: Еңбекке баулу

Сыныбы:4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан әртүрлі композициялар жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғи материалдардан әр түрлі композициялар жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың пайдасын меңгерту.

Дамытушылық: өз бетінше,топпен жұмыс жасауға,ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау, еңбекке құштарлығын,қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде,оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету, интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу, математика, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,түгендеу.Оларды 3 топқа бөлемін. Аяз ата тобы,Ақшақар тобы, Аққала тобы.Топ басшысын сайлайды.Назарларын сабаққа аудару.



Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ шешу

Табиғат сөзіне сөзжұмбақ құрастыру











Т
















а






















б




























и
















ғ















а




















т






  1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

  2. Тігін құралы (Қайшы)

  3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)

  4. Тігін құралы (ине)

  5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)

  6. Ұлттық киім (камзол)

  7. Үтіктеу құралы (үтік)

Олай болса табиғат туралы түсінігімізді еске алайық

1.Табиғат дегеніміз не?Оны не істеуіміз керек?

2.Табиғи материал дегеніміз не?

3.Оны неше топқа бөлуге болады?

4.Оларды қалай сақтаймыз?

5. Табиғи материалдан нелер жасауға болады?

6. Композиция дегеніміз не?

7.Табиғи материалмен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?

Жаңа сабақ

Оқушылар айтыңдаршы жаңа жыл дегенде ойымызға не келеді?


Ақшақар аққала




Жаңа жыл
Аяз ата

Жаңа жыл

Шырша шырша ойыншықтары


Сыйлықтар

Олай болса оқушылар алдымызда әлемдегі қуанышқа толы, сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке Жаңа 2016 жыл келе жатыр.Бәріміз жаңа жылдан жарқын ертегі , жаңа бақыт күтеміз.

Жаңа жыл мерекесін осы аталған шыршасыз,Аяз ата, Ақшақар және сыйлықтарсыз елестету мүмкін емес.Олай болса, бүгін біз табиғи материалмен жұмыс түрі «Жаңа жылдық»композициясын жасап үйренейік.

Сергіту сәті

Сарамандық жұмыс

Қажетті заттар:Қатты картон,желім, қайшы, шырша бұтақтары, ағаш бұтақтары, шырша ойыншықтары, жылтырақтар, жасанды гүлдер, ленталар, жылтырақ лак, т.б.

Жасалу жолы:


  1. Арнайы дөңгелек етіп қиылған картон қағазынын бір шетіне желіммен шырша бұтақтарын жапсырамыз.

  2. Оның қасына бір қатар шырша ойыншықтарын,бір қатар итмұрын бұтақтарын жапсырамыз.

  3. Одан соң жасанды гүлдерді,алманы,гирляндамызды жапсырамыз.

  4. Соңынынан жылтырақ лак себеміз.

Қорытындылау: 3 топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғайды.

Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.


-Табиғи материалдар қайдан алынады?

-Қандай түрлерін білеміз?

-Қандай бұйымдар жасауға болады?

-Қауіпсіздік ережесін айт.



Бағалау:Оқушыларды қағаздан қиып жасалған, шырша ойыншықтары арқылы бағалаймын.

Көк-5


Жасыл-4

Сары-3


Шырша ойыншықтарына өздерінің тілектерін жазып, тақтада ілініп тұрған шырша макетіне апарып іледі.

Үйге тапсырма: Табиғи материалдардан «Шырша» композициясын құрастыру
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет