Графика. Орфография. Орфоэпия


Күрделі сөздердің орфографиясы



Pdf көрінісі
бет103/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Күрделі сөздердің орфографиясы. 
Бөлек және бірге жазылатын 
сөздер қазақ орфографиясындағы аса күрделі мәселелердің бірі болып отыр. 
Әуелден қалыптасқан дәстүр бойынша жеке түрде айтылатын, қолданылатын 
сөздер босаралықпен бөлек жазылады. Лексикографиялық еңбектердегі 
реестрлік қатар түзетін лексикалық бірліктер яғни түбір, туынды түбірлер 
бөлек жазылатын сөздердің ерекше тобына жатады. Жазылымда 
босаралықпен жазылатын сөздерге шылаулар жатады. Сондай-ақ тұрақты сөз 
тіркестерінің әр сыңары босаралықпен таңбаланады. Бұл дәстүр нормаға 
айналып, жазу тәжірибесінде тұрақтана түсті. Алайда сөздердің бірге не 
бөлек тұлғалануы бірте-бірте өз шешімін тауып келеді. Жазу тәжірибесінде 
сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түсті. Бұл үрдістің орфограммасының 
реттелуі белгілі модель арқылы жүзеге асқаны айқындалып отыр. 
Атаулық мән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды 
білдіретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы тұрақталды: 
ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік; ержүрек, ержүректік; басбұзар, 
басбұзарлық; безбүйрек, безбүйректік; ақпейіл, ақпейілділік; аққұлақ, 
аққұлақтану т.б.; бас қатыру – басқатырушылық; тізе қосу – 
тізеқосушылық; көре алмау – көреалмаушылық
т.б.
-лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі 
жұрнақтары арқылы бірге жазылатын 
сөздердің 
қатары 
молайды: 
бұғышаруашылық, 
малшаруашылық; 
жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік; ашатұяқты, сүтқоректі, 
көпшілікқолды, ауырдәулетті т.б. 
Сонымен қатар, 
отқасалар, есікашар, бақанаттар, атқамінер, 
тұсаукесер
т.б. сөздер белгілі модель бойынша жүзеге асырылып келеді. 
Бұлар әуелдегі өзінің 
отқа салу, есік ашу, тұсау кесу
деген денотаттық 
семантикасынан коннотативтік семантикаға көшу арқылы біріккен сөздердің 
типіне жатады. 
Көңілшай, келіншай, шүкіршай, кеңесшай
дегендер де 
біріккен сөздердің осы аталған типін құрайды. 
Бірге жазылатын сөздердің аталмыш типтері ережеде тиісінше
қамтылмақ. 
Ережеде бөлек жазылатын тіркесті атаулар, тіркесті терминдердің әр 
сыңары екпінмен айтылатындықтан, дәстүр бойынша бөлек жазылады. 
Компоненттері грамматикалық, қатынаста яғни анықтауыштық
толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста айтылатындықтан, сөз 
тіркестерінің сыңарлары қалыптасқан дәстүрге сай бөлек жазылады: 
ақ үй, 
боз үй, қара үй, ағаш үй т.б.
бірақ осыларға тұрпат межесі ұқсас, ал мазмұн 
межесі әр басқа 
ақүй аманат, ақмал, аққоянның жұты, іріқара
тәрізді 
атаулар бірге жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет