келетінін, таңбалап, басқа буындағысын бас буынның әсері деп, жазуда
елемейтіні, мысалы
күлкі
(
күлкү
емес), ғалымның осы ұстанымын көрсетеді.
Дәстүрлі көзқарас бойынша
күлкі, үлкен
деген сөздердің екінші
буындағы <і>, <е> фонемалары өздерінің негізгі реңкі бойынша таңбаланған,
ал олардың [ү], [ө] түрінде дыбысталуы бірінші
буындағы еріндіктің әсері
деп түсіндіріледі.
Алайда екінші, үшінші буындағы, одан әрі қарайғы буындардағы
дауыстылар езуліктер емес, әуелден түптұлғалық еріндіктер мәртебесіндегі
бірліктер дейтін де көзқарас бар. Бұл жерде дәстүрлі ұстанымға басымдылық
береміз. Өйткені, байқауымызша, екінші буында «нағыз» еріндіктердің
солғындап кетуіне әсер ететін фонетикалық жағдай жоқ [87].
Олай болса,
дауыстылардың еріндік белгілерінің өзінен-өзі көмескіленіп кету мүмкіндігі
жоққа тән.
Тағы бір назар аударатын жайт: екінші буындағы дауыстының әуелден
түптұлғалық еріндіктер еместігі. Бұлай деуімізге салыстырмалы-тарихи
фонетиканың материалдары себеп болып отыр: мысалы, қазақ тілінде
үй,
татар тілінде
өй,
қаз.
үйде,
тат. өйдә; қаз.
үйдегі
, тат.
өйдәге
, қаз.
үйдегілерге
,
тат.
өйдәгеләргә
; қаз.
төлерге
, хак.
тӫлирге
; қаз.
көрер
, хак.
кӫрер
; қаз.
күрек
,
әзерб., ұйғ.
күрәк
; қаз.
жүген
, башқ.
югән
, әзерб.
йүйән
, хак., шор
чӱген
; қаз.
жүрек
, ұйғ.
жүрәк
т.б. Бұл мысалдар Ф.Г.Исхаковтың зерттеуінен алынды
[86].
Күлкі
сөзінің екінші буындағы дауысты [к
01
үл
01
к
01
ү] инвариант <і>-нің
әлсіз позициядағы [ү] түрінде репрезентациялануы. Ол күшті позициядағы
[ү]лкен
дегендегі [ү]-ге естілімі жағынан сәйкес келеді. Әлсіз позициядағы
инвариант фонеманың (<і>-нің) әлді позициядағы инвариантқа (<ү>лкен)
ұқсас келуі вариант деп аталады. Ал
күлкілеріміздің
дегендегі үшінші,
төртінші буында еріндік белгілері солғындап кететін дауыстылар <і>
инварианттың әлсіз позициядағы вариациялары болып табылады.
Әдетте варианттар парадигмадағы белгілі
бір фонемаға ұқсас болып
тұрса, вариацияларда ондай ұқсастық болмайды, яғни вариация
парадигмадағы фонеманың бірде-біріне ұқсап тұрмайды. Мысалы,
күлкіміздің
дегендегі соңғы буындардағы дауыстыны парадигмадағы [ү]-мен
бірдей деуге болмайды.
Сонымен,
күлкіміздің
дегендегі бірінші буындағы [ү] инвариант, екінші
буындағы [ү] вариант, ал үшінші және әрі қарайғы буындардағы дауысты [і]
инварианттың вариациялары /ү/ деп танимыз:
К<ү>лк[ү]м[ү]зд/ү/ң.
Алғашқы буында еріндік анық сөз мағынасын
ажыратады және естілімі күшті, яғни сигнификативті және перцевтивті
күшті, екінші буында сөз мағынасын ажыратпайды, естілімі күшті, яғни
сигнификативті әлсіз, ал перцевтивті күшті, үшінші және әрі қарайғы
буындарда
естілімі солғын, яғни сигнификативті және перцевтивті әлсіз
позиция.
Сонымен, еріндік дауыстыдан соң басталатын сөздердің екінші
буынында анық еріндік, ал әрі қарайғы буындардағы дауыстылардың, еріндік
белгілерінің солғындай беретін ерекшелігін ескере келіп, оларды үш жаққа
ажыратып, орфоэпиялық норманың инвариант [ү], вариант [ү] және вариация
/ү/ түрінде кездесетінін көрсеттік.
Біз кодификацияланған нормасы даулы көрінетін жайттарға тоқтала
келіп, олардың әлді, әлсіз позициямен
байланысты инвариант, вариант,
вариация түрінде зерттелу қажеттігіне ерекше назар аудару керектігін баса
айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: