а
дыбысы, шындығында
а
әріп таңбасы. Әйтпесе бұл жердегі
а
таңбасы
а
мен
ә
дыбысының аралығындағы реңкпен (à) айтылуы тиіс.
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап,
жаттығып көріңіздер:
табиғат – табійғат,
Ахмет – Ах мет
рахмет – рах мет (28 бет)
баиғат – балійғат
Сингормонизм заңының екінші жағы –
ерін үндесімі
. Бұл – бірінші
буындағы ерін дауыстыларының әсерінен
(о, ө, ұ, ү)
екінші-үшінші буындағы
езуліктердің
(ы, і, е)
еріндікке айналып, ұқсап, жуықтап айтылуы. Қазақ
тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай, тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын
құбылыс емес екені белгілі. Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс
таппаған. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. Мысалы.
көбелек – көбөлөк,
құбылыс – құбᵞлұс, сүйініш - сүйᵞнүш, бөдене – бөдөнө, бұрᵞлұс, бүлініс –
бүлᵞнүс, көпене – көпөнө, күйініш – күйᵞнүш, құбылыс – құйᵞлұс.
Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен әлсізіне қарай
орналастырсақ, былай болады:
Достарыңызбен бөлісу: |