Бір жазбаша тілден ауызша тілге қарата сөз етіп отырғаннан кейін,
жоғарыдағы ықшамдалу құбылысы жазуда таңбаланатын дыбыстың айтуда
көмескіленуі туралы ғана болады. Осыған орай селбесу де жазуда
таңбаланған дыбыстың әнтек естілуі, айтылуы туралы. Әйтпесе екі
құбылыстың табиғаты біреу – ол – сәл көмескі естілу, әнтек қана айтылу.
Сонымен, селбесу мынадай екі жағдайда:
1.Сөз басында келге л, р дыбыстарының алдынан әнтек
ы, і, ұ, ү
қысаңдары қосылып айтылады:
лақ – лақ, лай – лай, ләззат – ләзәт, рәсуа –
рәс уә, рұқсат – рұқсат, рахмет – рах мет, рақым – рақым, разы – разы,
риза – рыйза, рет – рет, ырыс – рыс, ләңгі – ләңгі, леп – леп, лепіру – леп рүу,
лек-легімен – лек-легімен, лоқсу – лоқсұу, лайық – лайық, лаң –лаң, лажсыз –
лашшыз, лебіз – лебіз, лоблу – лоблұу
(33 бет)т.с.с. Бірақ еліктеуіш сөздер мен
одан жасалған туынды сөздер бұл қатарға жатпайды. Мысалы:
лақ-лақ, лақ
ету, лап, лапылдау, лап-лап ету
т.с.с.
2. Сөз басында және аяғында қатар келген екі дауыссыз алдына бір
дауысты дыбыс қосылып айтылады: Мысалы: Смағұл – ысмағұл, Смаил –
Ысмайыл, стақан – ыстақан, станса – ыстанса, киоск – киоскіге, митинг –
митингіге, оъект – объектіні. Бірақ мұнда көбіне (стақаннан басқасы)
орфоэпиялық нормаға сәйкес келеді де, айту мен жазу арасында ауытқу
болмайды.
Енді қосар дыбыс таңбасын беретін
Достарыңызбен бөлісу: