сауықтыру – сауұқтұрұу
Сонымен, біз қазақ тілі айтылу нормасының
басты екі заңдылығы тіл
үндесімі мен ерін үндесімі жайлы айттық. Енді ықшамдау құбылысын, яғни
дауысты дыбыстың түсіріліп, сусып, көмескі
айтылуы туралы әңгіме
қозғайық.
Қазақ тілінде құрама сөз (біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз). Сөз
аралығында қатар келген екі дауыстының алдыңғысын (көбіне қысаң
дауыстылар) т ү с і р і п а й т у – заңды құбылыс. Мысалы:
қара ала ат –
қарʼалʼт, алты атар – алтʼатар, екі ағайынды - екʼағайынды, төргʼүй,
қараауыз – қарʼауұз, саптыаяқ – саптʼайақ, келсап – келʼсап, кертартпа –
керʼтартпа, сарытікен – сарʼтікен, сарымай – сарʼмай, сарыағаш –
сарʼағаш, сары садақ – сарʼсадақ т.б.
Бір
дауыстының ықшамдалып, қысқарылуын жазуда да таңбалайтын
кездер бар. Мұндай сөздер – көбіне нақты
бір деректі заттың атауы
болатындар. Қалған жағдайда айтылымда түсірілгенмен, жазуда әр сөздің
түбірі сақталып жазылады. Сөздің түбірін
қысқартып жазу, қалай дұрыс
болмаса, сөз аралығындағы екі дауыстыны қатар айту сондай «сорақы».
Сонымен, түсіріліп айтылатындар көбіне қысаң дауыстылар болады.
Мысалы:
ары отыр! – арʼотұр, келе алмады – келʼалмады, бері әкел –
берʼәкел, ешкіемер – ешкʼемес, сары өрік – сарʼөрүк, алтыаяқ – алтʼайақ,
сарысадақ – сарʼсадақ, сарысояу – сарʼсойау.
Мұнда қысаң дауысты бірінші
тұрса да, соңында келсе де бәрібір. Мысалы,
не істедің?
– неʼстедің дегенде
қысаң дыбыс екінші келіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: