Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет48/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
ақбөкен
ақ қу
Д
1
К
2
аққу
тас бақа 
К
1
К
1
тасбақа
жау жұмыр
К
2
К
2
жаужұмыр
жау қазын
К
2
К
2
жауқазын 
 
Сөйтіп құрамындағы семалар экстралингвистикалық фактордан (Д
1

алшақтап (Д
2
+ К
1
), және одан қол үзген (К
2
) сайын екі құрамды күрделі есім 
сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түседі. Мұндайда, әсіресе Д
1
Д
1
;
Д
2
Д
1
; Д
1
Д
2
; типтерімен салыстырғанда, Д
1
К
1
;
К 
1
Д
2
; К
2
Д
2
; К
2
К
2
типіндегі тіркестер 
пәлендей қиындықсыз-ақ бірге жазылады. Өйткені, алдыңғыларға 
қарағанда, бұлардың идиомалану сипаты әлде қайда күшті. Олай болса, екі 
құрамды есім тіркестердің идиомалығы артқан сайын, жеке сөздер тәрізді,
олар тұтастай тұлғалануға бейім болып келеді.
Күрделі атауларды бірге немесе бөлек таңбалауды тек жазудағы 
шарттылық деп түсінбеу керек. Әдетте қатар келген белгілі бір сөздерді 
босаралықпен, я болмаса босаралықсыз таңбалау олардың мазмұнына 
қатысты визуалды ақпарат беріп тұрады. Таңбалар арасындағы босаралық 
олардың 
әрқайсының 
мағыналық, 
формалық 
дербестігін, 
ал 
босаралықсыздық бұлардың біртұтастығын көрсетеді. Осымен байланысты 
күрделі таңбалық құрылымдарды босаралықпен/босаралықсыз таңбалауды 
форма мен мазмұннның бірлігі тұрғысынан қарауға тура келеді. 


Біріккен сөз екі таңбаның жай ғана механикалық тұрғыдағы 
қосындысы емес. Екі таңба (А,В) бірігіп, жай сипаттағы (С) таңбаға айналу 
үшін, бірігуге тиіс екі таңба әр түрлі деңгейдегі азды-көпті а) мағыналық ә) 
формалық (материалдық) өзгеріске ұшырауы шарт. Сондықтан біріккен 
сөздерді анықтау үшін оларды алдымен мазмұнмеже, тұрпатмеже 
тұрғысынан қарастыру қажет. Олай болса, бірігуге тиіс таңбалардың 
семантикалық құрылымын денотат, сигнификат теориясы тұрғысынан 
қараудың мәні айрықша. Бұл ретте бірігуге тиіс белгілі бір екі таңбаның 
әрқайсының семантикалық құрылымындағы денотаттық, сигнификаттық 
компоненттерді өзара салыстырып көруге болады. 
Сөз мағынасы – бірнеше компоненттік қабаттардан тұратын күрделі 
семантикалық құрылым. Бұл құрылым ақиқат дүниемен де, идеалды 
дүниемен де байланысты. 
Қайсыбір сөздің ақиқат дүниеде меншіктеп алған «басыбайлы»
денотаты болады. Лексикалық бірліктің белгілі бір обьектіні меңзеуі оның 
денотаттық мағынасы болып табылады. Денотаттық мағына заттық 
ойлаумен, деректі ойлаумен байланысты. Денотаттық мағына тек 
материалдық мағынаны ғана емес, сезім, эмоция, психикалық күй, 
қатыстылық тәрізді т.б. материалдық емес нәрселерді де білдіреді. 
Сөз мағынасындағы денотат ақиқаттағы обьектіні, яғни обьективті 
мәнділікті, ал сигнификат сол обьектінің өзі емес, оның мәнді белгілерінің 
санадағы сәулеленуінің нәтижесін, яғни идеалды мәнділікті меңзейді. Сөйтіп, 
сөз мағынасының семантикалық құрылымы негізгі екі қабаттан, я болмаса екі 
компоненттен құралады деуге болады. Әрине, бұл екі қабаттың мағыналық 
құрылымындағы алатын орны барлық сөзде бірдей болып отырмайды. 
Мысалы, деректі, заттық мәндегі сөздердің мағына құрылымында денотат 
қабат басым болса, абстракты лексикада сигнификат қабат басым.
Лексикалық мағынадағы сигнификаттық қабат дегеніміз – индивид 
санасындағы ақиқат дүние фрагментінің бейнеленуі туралы ақпарат. 
Сигнификат – заттың, ситуацияның өзі емес, бірақ сол заттарды, 
құбылыстарды, ситуацияларды мәнді белгілері арқылы бір класқа 
біріктіретін, оларды өзге класқа енетін зат, құбылыс, ситуациялардан 
ажыратып тұратын қасиет, белгілері туралы ақпарат. 
Сөз ақиқат дүниедегі белгілі бір затты, ситуацияны атап қана 
қоймайды, сонымен бірге ол рационалды танымның нәтижесі ретінде сол 
заттың адам санасындағы абстракциялануын да таңбалайды. 
Адам санасындағы рационалды танымның нәтижесі ретінде ақиқаттағы 
заттың дерексізденген түрдегі бейнесі сөз арқылы орнығып, тиянақ табады.
Индивид санасында ақиқаттағы нәрсе, зат, ситуация тұтас күйінде 
(фотодағыдай) бейнеленбейді, бірақ олардың мәнді саналатын қайсыбір 
белгілері ғана көрініс табады. Сөйтіп, адам санасында, я болмаса тілдік 
ұжымның санасында ақиқат өмірдің идеалды түрі пайда болады. Міне, 
ақиқаттағы заттың, нәрсенің, ситуацияның индивид санасында орныққан 
идеалды бейнесі сөздің сигнификаттық мағынасы болып табылады. 
Сигнификат қабат сөз мағынасының негізгі компоненті деп саналады. 


Сөз мағынасының семантикалық құрылымындағы сигнификаттық 
компонент – таным процесінің нәтижесі. Таным процесі – өте күрделі 
құбылыс. Мысалы, ақиқат дүниедегі зат, құбылыс, уақиға, ситуация 
рецепторлық мүшелердің бірін тітіркендірудің барысында санада сол 
нәрсенің бейнесі пайда болады. Бірақ ол айнаға түскендей ақиқаттың 
«көшірмесі» емес. Ол белгілі бір объектінің санадағы ойша суреті мен 
ойбейнесі (фото емес, картинка). Мысалы, адам санасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет