Алайда жоғарыда, сөз басында айтқанымыздай, мәселенің тек
мазмұндық жағымен шектелу біріккен сөз фонемін табу үшін жеткіліксіз.
Сондықтан форма (материалдық) тұрғыдағы өзгеріске де назар аударуымыз
керек. Өйткені белгілі бір таңбаның мазмұнындағы сапалық өзгеріс өзінің
«жекеменшік» формасының болуын қалайды. «Жекеменшік» формасы
болмаса, ондай мазмұн жаңа сападағы құбылыс ретінде танылмауға тиіс.
Сөйтіп, мазмұндағы өзгеріс практикалық сұранысқа байланысты қалайда
формадағы өзгерістің болуын қажетсінеді.
Енді жоғарыда айтылған мысалға форма тұрғысынан қарастыру үшін
қайта оралайық. Мысалы, «бұтағында алмасы бар жеміс ағашы» деген
аталым – ақиқат дүние үзігінің когнитивтік санадағы ойсурет түріндегі
бейнесі. Сезімдік қабылау арқылы алынған ақпараттар білімге айналады да,
объекті және оның элементтері, сол элементтердің өзара қатынасы білім
мазмұнын құрайды. Білім мазмұны лексемалар, грамматикалық тұлғалар
арқылы объективтенеді. Бұл – ақиқат дүние фрагментінің үйірлі сөзбен
берілген аталымы (номинациясы). Осы аталған
Достарыңызбен бөлісу: