Графика. Орфография. Орфоэпия


Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы



Pdf көрінісі
бет74/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы 





Б, 
в, 
д
дыбыстарына 
аяқталатын 
сөздер 
к, 
п, 
х
дыбыстарын
а аяқталатын 
сөздер
 
қосарлы 
дауыссыздар
ға 
аяқталатын 
сөздер
 
рк, нк, ск, кс, 
нт, кт, мб, фт, 
мп 
дыбыстар 
тізбегіне 
аяқталатын 
сөздер 
 
ст, 
вт
дыбыстар 
тізбегіне 
аяқталатын 
сөздер
 
клуб,
клуб-
қа, клуб-ы,
штаб,
штаб-
қа, штаб-ы,
архив,
архив-ке, 
архив-і, 
завод,
завод-
қа, завод-ы 
блок,
блогы 
механик,
механигі 
полковник,
полковнигі 
принцип,
принципі
тип,
типі 
телескоп,
телескопы 
альманах,
альманахы 
металл,
металдың, 
металмен 
класс,
класқа, клас-
ы 
грамм
, грам-
ға, грам-мен 
ватт,
ват-
тың, ватқа 
парк,
парк-ке, 
парк-і 
танк,
танк-ке, 
танк-і 
киоск
, киоск-
іге, киоск-і-сі 
бокс,
бокс-ке, 
бокс-і 
винт,
винт-ке, 
винт-і 
пункт,
пункт-
ке, пункт-і 
текст,
текс-
ке, текс-і 
бюст,
бюс-
ке, бюс-і 
альпинист,
альпиниске, 
альпинис-і 
космонавт,
космонавқа, 
космонав-ы 
терапевт,
терапев-ке, 


шах,
шахы 
штрих,
штрихі 
антракт,
антракт-і-ге, 
антракт-і-сі 
проспект,
проспекті-ге, 
проспект-і-сі 
ромб,
ромб-ы-
ға, ромб-ы-сы 
шрифт,
шрифт-і-ге, 
шрифт-і-сі 
штамп,
штамп-
ы-ға, штамп-ы-
сы 
терапев-і
 




10 
нд, зд, рд, нг, 
дж 
ыбыстары 
тізбегіне 
аяқталатын 
сөздер
 
-ость,
-арь, 
-ерь 
дыбыстарын
а 
біткен 
сөздер
 
-оид 
дыбыстарына 
біткен сөздер
 
-ер 
дыбыстарына 
біткен сөздер
 
-ий 
дыбыстары
на 
біткен 
сөздер
 
фонд,
фонд-
ы-ға, фонд-ы-
сы 
стенд
, стенд-
і-ге, стенд-і-
сі 
 
Бірақ:
голланд,
голланд-қа, 
голландтар 
исланд,
исланд-қа, 
исландтар 
таиланд,
таиланд-қа, 
таиландтар 
поезд
, поезд-
ға, поез-ы 
митинг,
митинг-іге, 
митинг-і-сі 
лорд,
лорд-
қа, лорд-ы 
колледж,
ведомость,
ведомосқа, 
ведомос-ы 
 
секретарь, 
секретарь-ға, 
секретар-ы
 
календарь, 
календарь-
ға, календар-
ы 
гиперболоид
гиперболоид-
ке, 
гиперболоид-
і 
целлулоид,
целлулоид-
ке, 
целлулоид-і 
металлоид,
металлоид-
ке, 
металлоид-і 
дирижер,
дирижер-ге, 
дирижер-і 
модельер,
модельер-ге, 
модельер-і 
шофер,
шофер-
ге, шофер-і 
шахтер,
шахтер-ге, 
шахтер-і 
репортер

репортер-ге, 
репортер-і
 
санаторий,
санаторий-
ге, 
санаторий-і 
лекторий, 
лекторий-
ге, 
лекторий-і 
сценарий,
сценарий-
ге, 
сценарий-і
 


колледж-ге, 
колледж-і 
коттедж,
коттедж-ге, 
коттедж-і
 
11 
12 
13 
14 
-аль
дыбыстарына 
аяқталатын 
сөздер 
-оль
дыбыстарына 
аяқталатын 
сөздер 
-уль
дыбыстарына 
аяқталатын сөздер 
-ель
дыбыстарына 
аяқталатын 
сөздер 
медаль,
медаль-ға, 
бірақ: медал-і 
мораль

мораль-ға, 
бірақ: морал-і 
фестиваль

фестиваль-ға, 
бірақ: 
фестивал-і 
февраль,
февраль-ға,
бірақ: феврал-і 
гастроль,
гастроль-ге, 
гастрол-і 
пароль

пароль-ге, 
парол-і 
король,
король-ге, 
корол-і 
модуль,
модуль-ге, 
модул-і 
циркуль
, циркуль-
ге, циркул-і 
патруль
, патруль-ге, 
патрул-і 
акварель,
акварель-ге, 
акварел-і 
артель,
артель-
ге, 
артел-і 
гантель

гантель-ге, 
гантел-і 
сөз тудырушы қосымшалары ұлт тілдеріндегі (-чи/-чі, -шы/-ші, -лық/-лік т.б.) 
эквиваленттерімен беріледі. Және де 
-ист, -изм, -ер, -щина, -вед, -ив, -ант 
арқылы жасалған сөздердің беретін терминдік мағынасына нұқсан келмейтін 
жағдайда ғана бұл қосымшалар ұлт тілдеріндегі тиісті формаларымен 
ауыстырылады. Мысалы, 
коммунист, турист, машинист, фигурист және 
тракторист – тракторшы, штангист – штангашы, репортер, монтер, 
модельер, шахтер және комбайнер – комбайншы, боксер – боксші,
 
Бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
 


акр
, акр-ға, акр-ы 
акт,
акт-і-ге, акт-і-сі 
альт
, альт-қа, альт-ы 
бант
, бант-қа, бант-ы 
бинт
, бинт-ке, бинт-і 
бюст
, бюс-ке, бюс-і 
вальс
, вальс-ке, вальс-і 
верфь,
верфь-ке, верф-і 
винт
, винт-ке, винт-і 
фунт
, фунт-қа, фунт-ы 
шарф,
шарф-қа, шарф-ы 
шарж
, шарж-ға, шарж-ы 
шах
, шах-қа, шах-ы 
цех,
цех-қа, цех-ы 


вист
, вис-ке, вис-і 
вуаль
, вуаль-ға, вуал-і 
гимн
, гимн-ге, гимн-і 
гонг
, гонг-і-ге, гонг-і-сі 
диск
, диск-і-ге, диск-ісі 
жест
, жес-ке, жес-і 
князь
, князь-ға, княз-ы 
лорд,
лорд-қа, лорд-ы 
матч,
матч-қа, матч-ы 
нерв
, нерв-ке, нерв-і 
пост
, пос-қа, пос-ы 
ткань,
ткань-ге, ткан-і 
тост
, тос-қа, тос-ы 
факт,
факт-і-ге, факт-і-сі 
ферзь
, ферзі-ге, ферз-і-сі 
фильм,
фильм-ге, фильм-і 
спортсмен – спортшы, рекордсмен – рекордшы
және 
конгрессмен, 
бизнесмен; прогрессивный – прогресшіл, флективный – флексиялық; 
экспрессивный – экспрессиялық
т.б. Осы заңдылықтар ізімен жазуда әр 
түрліліктер мен жарыспалылықты болдырмас үшін 
-альн, -льн
дыбыстарына 
аяқталатын сөздердің де емлесін екі ыңғайда топтастыруға болады:
 
документті – документальды – документальді 
варианттарының алғашқысы 
– әдеби норма; 
экспериментті – эксперименталды – эксперименталь
ды 
қатарларының біріншісі – әдеби доминант сөз және т.б.; өйткені бұл 
лексикалық единицалардың түбірлері жеке қолданылып, қазақ тілінің сөз 
тудырушы, сөз түрлендіруші морфемаларымен өзгере алады. Ал 
дифференциалды, профессионалдық, натуралды, коммуналды, универсалды 
тәрізді сын есімдердің түбірлері де (
дифференциал, универсал, натурал, 
коммунал) 
қолданылатындықтан, сөз соңында жіңішкелік 
белгісі 
жазылмайды; яғни
дифференциаль-ды 
емес, 
дифференциалды, натураль-ды 
емес, натуралды; коммунальды
емес, 
коммуналды 
және т.б. 
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің орфографиясы 
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамында шығыс халықтары 
тілдерінен ауысқан болып есептелетін (араб және иран тілдерінен енген және 
түркі, монғол тілдеріне ортақ сөздер) бір топ қабат бар. Бұл топтағы сөздер 
ішінде қазақ тілі білімінде әсіресе араб-парсы тілдерінен енген сөздер 
көбірек зерттеліп келеді; соңғы жылдардың өзінде бірнеше түсіндірме 
сөздіктер [70 ]және ғылыми еңбек [71] жарық көрді. 
Басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қазақ тілінің сөздік 
құрамында араб-парсы элементтері онша көп емес. Зерттеуші Л.З.Рүстемов 
қазіргі қазақ әдеби тілінде әдеби нормаға түсіп қалыптасқан және активті 
қолданылатын араб-парсы сөздерінің саны не бәрі 15 процентке жуық екенін 
айтады. 


Түркі тілдеріне араб-парсы тілдерінің мейілінше ықпал еткен кезеңі – 
өткен ғасырлар. Ал өткен ғасырларда түркі халықтарына қарым-қатынас 
жасауда тілдің ауызша сөйлеу формасының рөлі жоғары болғандығы белгілі. 
Сондықтан да түркі тілдерінің көпшілігінде араб-парсы тілдеріне тән сөздер 
фонетикалық та, графикалық та түрін өзгертіп, қабылдаушы тілдердің 
дыбыстық – фонетикалық заңдылықтарына бейімделіп қалыптасқан. Бұл 
сипат қазақ тіліне де тән; көне жазба ескерткіштерде, қисса-дастандарда, өзге 
де жазба тіл нұсқаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің өзі «қазақ тіліне 
онша сіңісе қоймағанымен», түпнұсқа қалпын, араб-парсылық графикасын 
толық дәрежеде сақтамай, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес, айтылу-
естілу ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан.
Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да араб-парсы 
елдерімен тікелей немесе жанама қоғамдық-мәдени байланыстары өткен 
кезеңдерде ғана болып, қазір тоқатағандықтан, сөз ауысу процесі де 
бәсеңдеп, саябырлады.
Ал қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы байырғы араб-парсылық 
сөздер – тілдің қарым-қатынас жасау қызметтеріндегі аса активті 
элементтердің бірі. Әсіресе оқу ағарту, білім, мәдениет салаларына қатысты 
терминдік атаулардың жасалуында немесе төл сөздердің айрықша стильдік 
реңкті синонимдік қатары болып жұмсалуда да бұл қабаттың мүмкіншілдігі 
мол. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің қазақ тілінде әр түрлі 
дыбысталуы нәтижесінде пайда болған вариант қатарлардың кейбір үлгілері 
семантикалық дифференциялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың, 
түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың баламасы ретінде қалыптасып 
орнықты, мысалы, 
өкімет 
(власть) – 
үкімет
(правительство), 
өкіл 
(представитель) – 
уәкіл
(уполномоченный), 
ілім
(учение) – 
ғылым
(наука), 
қазір – әзір, хал – әл, ауа – әуе
т.б. осы ізбен 
уәде – уағда
(алғашқысы 
бейтарап мағынада, ал екінші сыңары 
уағдаластық, уағдаласу
сияқты 
қоғамдық-саяси мәндегі терминдердің жасалуына негіз болып отыр), 
мәлімет 
– мағлұмат, оқиға – уақиға
варианттары да дара мағыналармен сараланып 
келеді. Сондай-ақ араб-парсы тілдеріндегі бір сөздердің жекеше-көпше 
тұлғаларының қазақ тіліндегі қатар қолданыстарының бір тобы әр түрлі 
мағыналармен ажыратылса, (мысалы, 
хал – ахуал
(қоғамдық-саяси термин), 
хабар – ақпар, ғалым – ғұлама, лұғат – ұлағат, тарап – атырап, рай – 
арай
), енді бір тобы төл сөздермен синонимдік қатар түзеп, сөз байлығын 
толықтыруға қатысады; мысалы, 
ишара, ишарат, нышан, нышана
т.б. Араб-
парсылық 
-нама, -паз, -хана
сөз-жұрнақтары қазақ тілінде жаңа сөз, термин 
жасау процесіне өнімді араласады. 
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы енгендіктен, араб-парсы сөздері графикалық 
та, дыбыстық түрлерін өзгертіп, ауызекі тілде айтылуы бойынша жазылады. 
Жалпы, қазақ тіліндегі бұл қабатқа топтастырылатын сөздер емлесінде басқа 
түркі тілдері мен салыстыра қарағанда, қиындықтар мен ала-құлалықтар жоқ 
[72, 89б.].
Дегенмен, қазіргі жазу практикасында бірнеше түрде жазылып жүрген 
фонетикалық варианттардың негізгі дені араб-парсы тілдерінен ауысқан 


сөздер екенін көруге болады. Арнайы сөздік-құралдардың өзінде де екі не үш 
түрлі жазылған сөздер саны едәуір (мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы 
сөздері» атты кітапта фонетикалық варианттар 130-дан асады, ал «Парсыша-
қазақша түсіндірме сөздікте» олардың саны – шамамен 75-ке жуық). 
Мейлінше дамыған, әдеби нормалары айқындалған, орфографиясы 
кемелденген тілдің өзінде де варианттылық құбылысы кездеспей 
қоймайтындығы белгілі. Варианттылық – жеке бір тілдің тарихына және 
оның даму ерекшеліктеріне байланысты құбылыс, сондықтан оларды 
нормалауда, реттеуде осы жайт ескеріледі.
Жарыспалылық, әсіресе фонетикалық варианттар – тілдің әдеби 
нормасына, орныққан, қалыпты емлесіне нұқсан келтіретін, кедергі 
тудыратын фактілердің бірі. Бұл құбылысты реттеуде статистикалық әдіс 
ұсынылып жүр, бұл әріптің 
балуан – палуан
тәрізді дыбыстық варианттармен 
бірге, лексикалық, морфологиялық дублет қатарларды саралауда үлкен 
көмегі бар. Жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары варианттарды есепке алу 
арқылы, сонымен қатар, белгілі бір стильдік реңкі байқалатын, сондықтан да 
әдеби тіл кәдесіне асатын сөздерді де айқын ажыратуға мүмкіндік туады. Тіл 
тәжірибесінде жиірек жұмсалып жүрген сыңарларын тіркеп, ескерудің 
нәтижесінде, мәселен, «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» алғашқы 
басылымында (1963) берілген түп төркіні араб-парсылық дублет сөздердің 
емлесі сөздіктің кейінгі басылымында (1978) бірқатар түзетілді: алғашқы 
басылымда 
гіл, ғадауат, ғадет
түрінде жазылған сөздер кейінгі басылымда 
кіл, әділет, әдет (ғадет
емес) болып жазылып, дұрыс ұсынылған. Егер 
фонетикалық варианттардың бір сыңарын қолданыс жиілігіне қарай нормаға 
айналдыру мүмкін болса, онда аталған сөздіктің екінші басылымында норма 
ретінде берілген 
ажуа, аумесер, әзезіл, бәдеуи, жадыгөй
сияқты араб-парсы 
сөздерінің қазіргі жазба тіл үлгілерінде 
әжуа, әумесер, әзәзіл, бәдәуи, 
жәдігөй
сияқты варианттарының жиі қолданылатыны да ескерілуге тиіс.
Жазу практикасында және арнаулы нормативті құралдарда әлі де болса 
қатар жұмсалып жүрген сөздер бар. Олардың ішінде 
абжад – әбжад,
парапар – барабар, батсайы – патсайы, пейіш – бейіш, бейсауат – 
бейсеубет – бейсауы
т (және 
бей
– префиксі арқылы жасалған өзге де 
элементтер), 
зәрезап – заразап – зәрезеп, жады – жәді, дихан – диқан, 
сұхбат – сұқбат, пайым – байым, қадім – қадым, кібісе – кәбиса, қазірет – 
әзірет, қасірет – қасырет, тақсірет – тақсырет, қаріп – кәріп – қарып – 
ғаріп, нәсіп – несіп, фәни – пәни, кәусар – кәусе
р тәрізді варианттар легінің 
алдынғы сыңарларының жұмсалу жиілігі жоғары екендігі байқалады, ал 
мақсат – мақсұт, заман – замана, дәрі – дару
қатарлары стильдік өрістерге 
қарай (бірі – бейтарап стильде, екіншісі – көтеріңкі стильде) топтасып, 
сараланса, 
қадам – адым, ынсап – нысап, разы – ырза – риза, ризық – ырзық – 
рызық, лағынет – нәлет, зирек – зерек 
параллельдері синонимдік қатарлар 
құрап, тең дәрежеде қолданылып келеді.
Қазақ тіліндегі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің емлесін 
қалыптастыру, әдеби тілге қажетті, ұтымды сыңарларын талғау немесе 


мағыналық айырыммен, белгілі бір стильдік бояумен жұмсалуға икемділерін 
саралау ұзақ мерзімді және мұқияттылықты талап етеді. 
Қазақ тіліндегі негізгі төркіні араб-парсылық сөздерді жинақтап 
көрсететін жоғарыда аталған сөздіктерде вариант сөздерді нормаландыру 
принципі көзделмейді. Соның нәтижесінде, мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-
парсы сөздері» сөздігінде екі сыңары да әдеби норма ретінде танылатын 
фонетикалық варианттармен қатар (
тозақ – дозақ, балуан – палуан
), әдеби 
тілде толық орныққан сөздің бейәдеби екінші сыңары (олар көбінесе 
жергілікті жерде немесе ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалады) да берілген. 
Мысалы
, айла – ила, ақық – ахық, араб – ғараб, еш – һеш, нөкер – нөгер, 
раушан – рәушан, рақым – рахим, тайпа – тайфа, жақұт – якут, ізет – 
іззет, сүре – суре, қасірет – ғасірет, ділда – ділдә, әділет – ғадалат – 
ғаділет, пенде – бенде – бәнде, әмісе – һәмиша
т. б. Бұл қатарлардың соңғы 
сыңары қазіргі әдеби тіл қолданысында жоқ екендігі, ал алдыңғы 
сыңарларының тұрақты әдеби норма екендігі ешбір дау туғызбайды. 
«Парсыша-қазақша сөздікте» де осындай жайттар бар. Бұнда 
батсайы – 
патсайы, аждаһа – айдаһар, апырай – япырай 
тәрізді екі сыңары да 
тұрақталған жарыспалы сөздер дұрыс көрсетіле отырып, орфографиясы 
жағынан сұрыпталған, жазылуы толық орныққан дублеттердің бейәдеби түрі 
де беріледі: 
патша – патса, парша – барша(мата), пұшайман – пышайман, 
палау – балау, болат – полат, пешене – пышана – бешене, бесін – песін, 
дұшпан – дұсман, биқасап – биқасам, дегдар – текдар, қожа – хожа, 
талшын – даршын
т. б. Бұл параллельдердің екіншілері жырлар мен 
эпостарда, өткен дәуірлердегі жазба тіл нұсқаларында кездеседі, кейбірі 
диалектизм ретінде қазір де қолданылуы мүмкін. Бұндай жағдайда арнаулы 
сөздіктерде жарыспалы элементтердің стильдік белгілермен ажыратылып 
көрсетілуі орынды. 
Қазақ тіліндегі фонетикалық дублеттердің жасалу себептері шығыс 
тілдерінен ауысқан сөздердің ауызекі тіл арқылы енгендігімен байланысты. 
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән емес араб-парсылық ﺝ (дж), ﻩ (һа), ﻑ 
(ф), ﺀ (хамза), ﺡ (х), ﻉ (әйн) дыбыстарының қазақша айтылуда өзгеруі және 
қабылдаушы тілдің төл дыбыстарымен берілуі – заңды құбылыс. Араб-парсы 
тілінде фонемалдық рөлі күшті дауысты дыбыстардың (қысқа және 
созылыңқы дауыстылар) ерекшеліктері де қазақ тіліне енген сөздердің 
бірнеше вариантта айтылуын туғызды.
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, бірнеше тұлғада айтылып және 
жазылып жүрген варианттардың жасалу себептерін былайша топтауға 
болады: 
1.
Араб-парсылық дыбыстар қазақ тілінің айтылу заңдарына қарай 
бейімделгенінде, төл тілдегі сол дыбыстарға жуық бірнеше фонемалармен 
алмасады, олардың ішінде әсіресе 
б – п, қ – х
дыбыстарының алмасуы 
арқылы пайда болған варианттар жиі кездеседі.
«Қазақ және қырғыз тілдерінде 
п
дыбысынан басталатын сөздер өте аз, - 
деп көрсетеді Н.Қ.Дмитриев, – олар негізінен шет тілдерден енген және 
дыбыстық еліктеуден пайда болған сөздер. Сондықтан осы топқа түркі 


тілдерінің көпшілігіне тән емес ﻑ (фә) дыбысынан басталатын араб-
парсылық сөздер де енеді» [73, 270б.]. Бұған 
пешене, пітір, пияз, пейіл, 
пейіш, пенде, пақыр, пәтуа, пұл
және басқа да әдеби лексикалық 
единицалардың 
б
дыбысынан басталатын, жергілікті тіл ерекшеліктерінде 
және ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын жарыспалы тұлғалары, сондай-ақ 
екі сыңары әдеби нормаға айналған 
балуан – палуан, парапар – барабар, 
патсайы – батсайы
сөздері дәлел бола алады.
Араб-парсылық
ﺡ (ха) дыбысының қазақ тілінде өзгеріске ұшырауынан 
жасалған фонетикалық варианттардың бір тобы (
диқан – дихан, рақмет – 
рахмет, әрекет – қарекет, сұқбат – сұхбат, әкім – хакім
) жазуда әлі де 
болса нормалана қойған жоқ.
ﺡ (ха) дыбысының орыс тіліндегі 
х
дыбысынан айырмасы бар және 
бұған сәйкес келетін дыбыс қазақ тілінде жоқ. Сондықтан да бұл дыбыс тіл 
арты спиранты 
қ
дауыссызы арқылы беріледі.
Қате, құлық, қапа, қызмет, 
қасиет, қаржы, құпия, қасірет, қаражат
тәрізді сөздер осылай жасалған. 
Бұл сөздердің қазіргі қазақ емлесінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет