Графика. Орфография. Орфоэпия


Қысқарған сөздердің жазылуы



Pdf көрінісі
бет79/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

2.10
Қысқарған сөздердің жазылуы 
Күрделі атауларды ықшамдап қысқартып қолдану – тіл дамуындағы 
жаңа құбылыстардың бірі. Бірқатар зерттеулерде қысқарған сөздердің тілдің 
қазіргі қоғамдық-әлеуметтік қызметіндегі аса ыңғайлы, қажетті элементтер 
екендігі дәлелденіледі [74].
Шындығында да коммуникативтік актіде 
сөздерді қысқартып қолдану амалының тиімді тұстары бар; негізінен
ғылыми стильде, ресми-публицистикалық материалдарда, газет-журналдар 
және радио-телевизия тілдерінде қолданылатын қысқарған сөздер айтар ойды 
нақты, тұжырымды етіп беруге, сонымен бірге орын, уақыт үнемдеуге де 
әсер етеді. Мысалы, «Қазақ Совет Энциклопедиясының» 1-томын жасауда 
күрделі атауларды қысқартып жазудың көмегі арқылы 300 000 таңбадай 
орын үнемделіп, соның нәтижесінде том жаңа, үстеме мағлұматтармен 
байытылған; ал «Социалистік Қазақстан» гезетінің бір номерінде 9000 
таңбадай орын үнемделген, бұл өзге материалдардың жариялануына 
мүмкіндік туғызған [75, 63б.]. 
Қазақ тілінде күрделі атаулар төрт түрлі жолмен қысқаратындығы мәлім 
[76, 130б.]. Жеке сөз, дара лексикалық единица болғандықтан, қысқарған 
сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрленуі белгілі бір 
қағидаларға сүйенілуге тиіс. Қазіргі қазақ жазуында бұл жайт нақтыланып, 
қалыптасып бір арнаға түсті: күрделі атаулардың бастапқы дыбыстарынан 
қысқарған сөздер бас әріппен, бірге жазылады (мысалы, КПСС, ВЛКСМ, 
ЭВМ); күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарының 
(және күрделі атаудың екінші сөзі толық алынған жағдайда да) 
ықшамдалуынан жасалған қысқарған сөздер біркелкі, кіші әріптермен бірге 
жазылады (мысалы
, совхоз, пединститут, интербригада
); оларға қазақ 
тілінің қосымшалары соңғы буынға үндесе жалғанады. 


Қазіргі жазу тәжірибесінде әріптік аббревиатуралардың қазақ тілі 
қосымшаларымен өзгеруінде орфографиялық ағаттықтар байқалады. «Негізгі 
ережелерде» сөздердің басқы дыбыстарынан алынған қысқарған сөздерге
қосымшалар соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай жалғанып, дефис 
арқылы жазылатындығы көрсетілген, бұл – қысқарған сөздердің айтылу, 
оқылу, жазылу заңдылықтары толық ескеріле отырып жасалған қағида. Бірақ 
жазба тіл үлгілерінде 
ҚазТАГ-тың – ҚазТАГ-тің; ГДР-дегі – ГДР-дағы
Қырғыз ССР-інің – Қырғыз ССР-ының 
т.б. тәрізді әр түрлі орфограммалар 
беріліп жүр. Бұл жағдай негізінен қысқарған сөздердің айтылу 
ерекшеліктерін ескермеуден туады.
Әріптік қысқарған сөздердің екі түрі бар: бірі – әріптердің аттары 
бойынша оқылатын аббревиатуралар, мысалы: СССР, айтылуы – эс-эс-эс-эр; 
БКП, айтылуы – бе-ка-пе; ЭВМ, айтылуы – Э-ве-эм т.б.; екіншісі-әріптердің 
дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздер, мысалы, ТАСС, айтылуы 
– тасс; ГРЭС, айтылуы – грэс т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет