Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет45/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, плакаттар, компьютер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдерме балалар! Класта кім жоқ.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ жауап



  1. Презентация дегеніміз не?

  2. Слайд деп нені айтамыз?

  3. Power point програмасын жүктеу қалай орындалады?

  4. «present» сөзінің мағынасы…

ІІІ. Жаңа сабақ.

PO WER POINT программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орандауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. POWER POINT программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады. POWER POINT програмасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдала отырып, өз презентациямызды құруға болады.



Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін POWER POINT программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны(шаблон презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар немесе Формат – слайдты көркемдеу (Формат – Оформление слайд) командасын орындап құруға болады. Осы опция таңдалғаннан кейінЖалпы (Общие), Презентациялық дизайндары (Дизайны презентация), Презентациялар, Web- парақтар (web-страницыастарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл- Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Презентацияның шаблоның тышқан көмегімен белгіліген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көрекмдейміз.



Слайдтарды безендіру элементтері.

Әр бір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:




  • Слайд белгіленуі (Разметка слайда). Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграммалар т.б. формасын айтуға болады.



  • Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Ол үшін Формат – Фон командасын таңдап, пайда болған қосымша тірізеденисключить фон образца өрісін белгілеп, осы өрісте өзімізге қажетті түсті таңдаймыз немесе Қосымша түстер (другие цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады Кәдімгі (Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұхбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті Жаңа (Новый), алдыңғы (Текущйй) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана




слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық слайдтарға беру үшін Барлығын қолдану(Применить ко всем) батырмасын шертеміз.

Со ндай – ақ , слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты обьектілірді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.




Слайдқа мәтін сурет енгізу.

Енгізу – сурет (Вставка- рисунок) командасын орындап:


  1. Картинкалар (Картинки)

  2. Файлдан (Из файла )- файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

  3. Автофигуралар - әртүрлі автофигуралар,

  4. Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма);

  5. WordArt обьектілерін,

  6. Сканерден көшірме (со сканере),

  7. Micrtosoft word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Бос презентация құру .

Бос презентация құру, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін;


  • POWER POINT программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терзенің Презентация құру өрісінде Бос презентация ( Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

  • Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы(Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдай арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасын Құру (создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетінСлайд құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады. POWER POINT програмасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.






Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін, Слайдты көрсету – Анимация қосу (Показ слайда – ностройка анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу (Настройка анимации) сұқбат терезесі ашылады. Эффектілер ішкі бетінде Анимациялар реті (Порядок анимации) өрісінде қажетті элементті белгілеп, эффектіні және элементтерінің пайда болуын және анимациядан кейінгі түсі мен эффектісін таңдай аламыз.

ІV. Бекіту.Оқушыларға тапсырма беру.

Берілген тақырыпта презентацияны құрып болғаннан кейін, өзінің жасаған көрмені сұрай отырып, қосымша мағлұматтар сұрау.

V. Бағалау. ( Жасаған көрме бойынша оқушыларды бағалау).

VI. Үйге тапсырма. (Еркін тақырыпта презентация құруға мәтін дайындап келу)



Бекітемін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет