Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет71/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика

Пәні: Компьютерлік графика 1топ

Сабақ: №27 Уақыты: 05.04.2019

Сабақтың тақырыбы: Кестелер құру. Кестелерді өңдеу.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға жұмыс істеуге үйрету
Түйінді идеялар:
Кестелер, кестелерді құру, кестелерді кірістіру және салу, деректерді енгізу, кестелердің бойымен жылжыту.
Оқыту нәтижелері:
Компьютердің даму бағыттарын түсінеді.
Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Көрнекілік:компьютер, оқулық, практикум,интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдері:
Топтық, АКТ, сұрақ қою техникалары, сыни ойлау
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті.Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу.Ұйымдастыру.
Сабақ барысымен таныстыру.
Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Топқа бөліну
топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады.
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
Миға шабуыл әдісі:
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
Жаңа құжат әрекеттері
Файл менюін ашу
Құру (Создать) батырмасын басу
Жаңа құжат (Новый документ) элементтеріне тінтуір батырмасын екі рет басу.
Құжатты жою әрекеттері
Файл менюін ашу
Ашу (Открыть) батырмасын басу
Өшіретін файлды табу
Файлға тінтуір апарып, оң жақ батырмасын басқаннан кейін пайда болған жанама менюден Жою (Удалить) командасын таңда.
Құжатты сақтау (бірінші рет) әрекеттері
Файл менюін ашып, сақтау батырмасын бас
Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесінде Файл атауы (Имя файла) аймағына құжаттың атауын енгіз.
Үнсіз келісім бойынша Файл типі (Тип файла) аймағынан құжат Word типін таңда.
Файлды сақтайтын орынды таңда.
Сақтау батырмасын бас.
Қаріптің негізгі сипаттамасы – гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әрекетте гарнитураның аты қолданылады. Мысалы: Time New Roman гарнитурасы.
5.Мәтінді терудің жалпы ережелері:
CapsLock – барлық мәтіндерді тергенде тұрақты түрде бас әріптерге ауысуы.
Shift + әріп – бас әріптерге уақытша ауысуы.
Enter- бір жолдағы сөзді екіге бөлу.
Baskspace – меңзер алдындағы әріпті өшіру.
Delete – меңзерден кейінгі әріпті өтеді.
Тыныс белгілері сөзден кейін қойылады.
Тырнақша және жақшаларды жазу барысында олардан кейін бос орын қойылады.
Рим цифрін енгізу үшін латын әліпбиіндегі бас әрптерді пайдаланады.
Барлық тақырыптарды тақырыптармен, тақырыпшаларға бөлуге болады.
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Жұмбақ. Тақтада жұмбақ беріледі. Осы жұмбақты табу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашады.
Топпен ақылдасып шешуін табады.
Мағынаны тану 
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
MS Word редакторында кесте ұғымымен танысу, кесте құру тәсілдерін және ұяшықтарды біріктіру, бөлуді үйрену.
Сабақтың негізгі бөлімі (10 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Кесте. Кесте құру тақырыбын оқыту.
/Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/ 
Назар аударатынымыз
Кесте құру;
Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;
Кестенің жолын/бағанын қою;
Кестенің жолын/бағанын жою;
а) Жаңа ұғымдар: 
Кесте дегеніміз бағандар мен жолдарда реттеліп берілген ақпарат. Ұяшық дегеніміз бағандар мен жолдардың қиылысуынан тұрады.
Word мәтіндік процессорында кестелерді үш түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және нарисовать таблицу және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица ( Вставить ( Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. 
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады. 
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді. 
Оқушылар бірін-бірі бақылап жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы тақырыпты оқиды. 
Оқушылар өздері оқыған тақырыпты түсіндіреді.
Практикалық жұмыс (12 мин)
Деңгейлік тапсырмалар 
86 беттегі Кейбір заттардың қасиеттері атты тақырыптағы кестені сызу.
2 тапсырма Менің сабақ кестем 
Компьютерде әркім өз бетімен орындайды.
Информатикалық диктант
Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. 
Кесте жолдар және бағандардан тұрады. 
Баған мен қатардың біріккен жерін ұяшық деп атаймыз. 
Ұяшықтан ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. 
Оқушылар дәптерге диктант жазады
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Жаңа сабақты бекіту. Сен - маған, мен - саған әдісі
Оқушыларға өз бетінше сұрақ дайындап отыруға тапсырма беріледі. Әр қайсысы қарсылас топтағы оқушыға сұрағын қояды. Жауап бере алса ұпай топқа қосылады. Жауап бере алмаса сұрақ берушіге жауап беруге мүмкіндік беріліп ұпай өзінде қалады. 
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Рефлексия (2 мин.)
Оқушының іс-әрекеті
Ой толғаныс сатысы 
Кері байланыс 
Оқушыларға стикер тарату. 
Бүгінгі сабақта саған не ұнады\ұнамады? 
Сенің пікірің немесе ұсынысың
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үйге Кесте. Кесте құру тақырыбын оқып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Бекітемін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет