Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет20/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика

Пәні: Компьютерлік графика 1 топ

Сабақ: №7 Уақыты:15,16.10.2021

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графиканы қолдану салалары. 

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;

3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV.Сарамандық жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Бекіту сұрақтары:

• Компьютер жанындағы өсімдік .

• Баспаға шығару құрылғысы .

• Жалпы желіге қосылу үшін не керек?

• WordPad-ты іске қосу.

• Ақпарат (информация) қай тілден шыққан?

• Вирусқа қарсы программа.

• Дыбыс шығару құрылғысы.

• Бос орын қалдыру пернесі.

• Capslock-тың қызметі.

• Мәтіннің қаріпін, өлшемін қалай өзгертеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға

арналған.

Редактор:

1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға ;

2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға ,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Редакторды іске қосу үшін:

a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.

b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.

c. Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.

d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.

Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.

Сурет салу кезендері

1. Құралды таңдап алу керек.

Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар.

1. Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

2. белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;

4. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;

5. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;

6. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

7. Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;

8. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған.

9. Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;

10. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.

11. Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;

12. Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;

13. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;

14. Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;

15. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;

16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

3. Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз.

4. Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істеген қажет.

ІҮ. Перфокартамен жұмыс жасаймыз.

V. Сарамандық жұмыс

Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал

Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.

VІ. Үйге тапсырма:

VІІ. Оқушыларды бағалау



Бекітемін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет