Грамматика Зат есім. Жалпы және жалқы зат есімдер, күрделі атаулар. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп,
кім? не? деген сұраққа
жауап беретін
сөз табы.
Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді
ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар
мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:
құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар,
жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана д еген сөздер
де зат есімге жатады
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы
адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (
кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (
әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық
иелерінің атауларын (
әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр
алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (
директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (
Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән
атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-
жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Зат есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки существительного) I. Мағынасына қарай (По значению): 1.
Жалпы есімдер (Нарицательные) деп тілдегі әр алуан деректі және
дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы:
ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
2.