Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Ерітіндідегі хлордың мөлшерін анықтау (бақылау тапсырмасы)



бет41/44
Дата22.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#132814
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Сандық анализ зерхана жұмыстары

Ерітіндідегі хлордың мөлшерін анықтау (бақылау тапсырмасы)

100мл өлшеуіш құтыға хлорид ертіндісін (1н) құйып, оған белгісіне дейін су құйып араластырады. Титрлеу үшін алынған ерітіндіден 10 мл конустық колбаға бөліп алып, 0,5 мл K2CrO4 ерітіндісін қосады. Колбадағы ерітінді лимон-сары түстен қызыл түске ауысқанша  AgNO3 ерітіндісімен титрлейді. Алынған ерітіндіден хлордын мәнін есептейді:



Фольгард әдісімен хлоридтерді анықтау

KSCN ерітіндісін дайындау. Шамамен 0,05н ерітінді дайындау үшін тех-никалық таразыда өлшенген KSCN тұзын (есептеу бойынша 4,8 г KSCN 1л ерітінді үшін ) қажет мөлшерде сумен ерітеді.
Индикаторды дайындау. 40г темір-аммоний ашудасын (NH4)Fe (SO4)2 2H2O 60мл суда ерітеді. Ерітінді түссізденгенше концентрленген азот қыш-қылын тамшылатып қосады.
KSCN ерітіндісінің нақты нормальдылығын анықтау.
20мл титрленген күміс нитраты ерітіндісіне 1мл индикатор ерітіндісін және 5 мл 6н азот қышқылын қосады. Ерітіндіге 50-60 мл көлем су қосып және жоғалмайтын қызылдау түс пайда болғанша роданид ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу барысында ерітіндіні үнемі шайқап, араластырып отыру керек. Титрлеуді 2-3 рет керекті нәтиже алғанша қайталайды және калий роданидінің нормальдылығын есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет