Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Өсімдіктердің құрамынан микроэлементтерді анықтау



бет16/44
Дата22.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#132814
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Сандық анализ зерхана жұмыстары

Өсімдіктердің құрамынан микроэлементтерді анықтау

Өсімдіктердің құрамынан микроэлементтерді анықтауды алдымен алына-тын үлгіні (өлшендіні) алу және оны өңдеу болып табылады. Талдауды тканьдердің органикалық негізін бұзудан бастайды. Ол үшін 5000С құрғақ күлдеу (өртеу) әдісі немесе ылғалды (сұйық) күлдеу концентрлі күкірт (неме-се азот, хлор) қышқылымен әсер етеді. Микроэлементтердің шығынын азайту үшін кейбір тұздарды Mg(NO3)2 қосады.


Кейбір жағдайларда күлдеуден кейін ерітіндіден элементтерді концентр-лейді. Күлдің ерітіндісімен немесе концентрлеуден кейін алынған ерітіндіден микрокомпоненттерді химиялық, физика-химиялық немесе физикалық әдіс-терді қолдана отырып микроанализ жүргізеді. Әдісті таңдау талдаудың қоя-тын талаптарына сай, анықталынатын элементтің қасиеті мен концентрация-сына байланысты болады.
Жануарлардың түрлі органдарындағы микроэлементтерді анықтау олар-дың әр түрлі органда шамалары да өзгеше болуына байланысты (мысалы, адам бауырында 1,68 10-4%, бұлшық еттерде 9,1 10-6%). Талдауға алынатын орган немесе тканьдарды дұрыс таңдау өте жауапты және эксперимент нәти-жесінің дәлдігін қамтамасыз етеді.
Жануарлар тканьдерінің үлгілерін алу әдісі өсімдіктердің гүлденуі сияқты жүргізіледі. Егер жануар тканьдерінде көп мөлшерде май болатын болса, оларды эфирмен шаймалап (экстракциялап), бөліп алады.
Микроэлементтерді анықтауда кететін түрлі қателіктер салдарын алынған нәтиже өте дәл болмауы мүмкін. Ол қателерді (реагенттердің ластығы, бөлу, күлдеу, өлшеу, еріту кезінде) азайту үшін:

  1. анализге ең таза реагент алу керек;

  2. зертханада сыналған әдісті қолдана отырып тазалау керек;

  3. анализге қажетті ерітінділерді жаңадан дайындау керек;

  4. реагенттің ең аз мөлшерімен жұмыс жүргізу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет