Комплексон трилон Б(ЭДТА)-ның титрін анықтау
Трилон Б эквиваленті 1л 0,1н ерітінді дайындау үшін 18,126 г химиялық таза трилон Б ( ) алып, дистилденген суда ерітеді. Ерітінді рН=5. Буферлі ерітінді дайындау үшін 100мл 20% аммоний хлоридінің және 100мл 20% аммиак ерітіндісімен 1 л өлшеуіш құтыда қосып, сумен таңбасына дейін толтырады. Әдетте табиғи суды 0,5н ЭДТА жұмысшы ерітіндісімен титрлейді.
Комплексонның титрін кальций нитраты немесе хлориді бойынша анық-тауға болады. Ол үшін өлшеуіш құтыда 250 мл 0,1 н калций тұзының ерітін-дісін дайындайды. Одан 25 мл тамшуырмен алып, оған 50 мл су, 25 мл аммиакты буферлі қоспасын және 20-30мг құрғақ қара хромоген индика-тормен натрий хлоридінің қоспасын 0,1н титрлейді. Кейде ЭДТА нормаль-дылығын магний сульфатының фиксаналдан дайындалған ері-тіндісімен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |