Құндылық тұғыры. Қазіргі білім беру жүйесіндегі реформаның басты міндеті болашақ ұрпақтың алған білім, біліктерін өмірде шығармашылықпен қолдана алатын, рухани құндылықтар негізінде құзертті тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарастары мен тәжірибесінің, еңбектегі құндылықтарының жоғары деңгейде қалыптасуына жағдай жасау көзделіп отыр.
Жүйелілік тұғыры – зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйелері және қатынастар шеңберінде қалыптасатын жүйелер (қайта құрушы-белсенді, қайта жасаушы-орындаушы, тұтынушы-дара немесе әрекеттік-жасаушы және т.б.). Бұл жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан жеке болмайды, солар арқылы жүзеге асады. Осы контексте педагогикалық жүйе ретіндегі оқыту-тәрбиелеу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.
Тарихи көзқарас (тұғырлар) бұл.... А) нақты-тарихи генезисі мен дамуын, зерттеу нысанын зерттеуге бағдарлайды; +
B) философиялық, әлеуметтанымдық, психологиялық-педагогикалық және өзге де әдебиеттерге арқа сүйеу;
C)көпшілік және жаңашыл педагогикалық тәжірибені жинақтау бойынша салыстырып талдауға арқа сүйеу;
D) оқу-тәрбие үрдісін табиғат пен адамның жалпы даму заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
E) педагогикалық құбылысты оны зерттеу кезіндегі даму жағдайында зерттеуді қарастырады;
Мәдениеттанымдық көзқарас (тұғырлар) бұл.... А) зерттеушінің адам туралы барлық ғылымдардың мәліметтерін пайдалануы және оларды оқу-тәрбие үрдісін құру мен жүзеге асыруда есепке алуы; +
B) зерттеушіні құбылыстар тобын жиынтықтап қарастыруға бағыттайды ;
C) жеке тұлғаға мақсат, субъект және оның тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде бағдар ұстауды;
D) оқу-тәрбие үрдісін табиғат пен адамның жалпы даму заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
E) гуманистік педагогика әдіснамасының мәнін құрайды, ал соның арқасында өзара даму мен өзін-өзі дамытудың;
Полисубъективті (диалогиялық) көзқарас (тұғырлар) бұл....
А) гуманистік педагогика әдіснамасының мәнін құрайды, ал соның арқасында өзара даму мен өзін-өзі дамытудың, бірін бірі тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің шығармашылық үрдісі құрылады; +
B) оқу-тәрбие үрдісін табиғат пен адамның жалпы даму заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
C) зерттеушіні құбылыстар тобын жиынтықтап қарастыруға бағыттайды ;
D) жеке тұлғаға мақсат, субъект және оның тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде бағдар ұстауды;
E) зерттеушіні оқушылардың оқу, қоғамдық пайдалы, рухани және өзге де іс-әрекет түрлерінің құрылымына талдау жасауға;