Токугав сегунатының орнығуы. 1603 жылы Токугав Иэясу Сегун атағын алып, Жапонияда феодалдық династияны орнатып, елдегі билікті қолына алды. XVII ғасырдың басында елде 260 үлкенді-кішілі княздық болды, халық саны 28 миллионға жетіп, олардың 80 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысты. 1590 жылы өзіне Токугав Иэясу бұрынғы Жапония басшысы Хидэесиден мақтау қағазын алып, Канто облысының 8 провинциясы бойынша елде ең мықты феодалға айналған. Сол кезден бастап байыған феодал өзінің билігін күшейтіп, басқа княздықтарға көз тіге бастады. Токугав жанұясына елдің территориясының төрттен бірі берілді.
Токугав халықты 4 сословиеге бөлді. Бұл әлеуметтік жіктелу си-но-ко-се деп аталды. Си-самурайлар, но-шаруалар ко-қолөнершілер, се-саудагер, көпестер болды. Жапонияда император-«тірі құдай» билік етеді, бірақ елді басқару ісі сегунның қолында болды. Сегунның айналасындағы жақындары және самурайлар жоғары сатыда тұрды. Импетратор өзінің астанасы Киотода өмір сүрді, оның сарайында онымен бірге өз елігінде жерлері жоқ ақсүйектер тұрды. Олар-кугэлер деп аталды. Ірі княздықтар феодал Токугавтың үйіне 1 жылда әкелетін күріштің көлемі бойынша жіктелді. Күріш ең қыбат өнім болды. Орта феодалдық княздықтар жылына 10 мың коку күріш Токугав үйіне төледі. Бүкіл елге 11 миллион коку күшін жиналса, оның 4 миллионы Токугав үйіне тиесілі болды. Ең бай феодалдық княздықтар, мысалы, Мори, Маэда, Уэсуги сияқты жер иеленушілер жолына 1 миллион 200 мың коку күріш жинады.
«фудай дайме» (мұрагер даймелер)-Токугавтың сегун болмай тұрғаннан бері келе жатқан жақтастары. Токугав сегун атағын алғаннан кейін олар оның сенімді серіктерімен тірегіне айналды.
«тодзама дайме» (бөтен даймелер)-Токугавқа қарсы күресіп келген ауқатты княздар. Олар өз істерін басқаруда еркін болған. Бұларды Токугав өзінің қарсылыстары ретінде үнемі қадағалап отырды, өйткені олар фудай даймелер сияқты сегунның экономикалық күшіне көп бағына қоймады. Тодзама даймелерге билік орындарында қызмет етуге рұқсат берілмеді. Кюсю, сихоку және онтүстік хансюдің алыс аудандарында тодзама даймелер еркін билік етті, олар сегунның билігіне қарсылық көрсету үшін орталық билік құрды.