Гульмира Даулетказиевна Рыскелдиева



Дата04.07.2018
өлшемі114,82 Kb.
түріСабақ


Гульмира Даулетказиевна Рыскелдиева

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның

1-деңгейлі көшбасшы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Алматы қаласы

ҚАЗІРГІ САБАҚТАРДЫ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ
Сабақ – бұл оқыту үдерісінің ең басты, ең маңызды бөлігі. Қандай әдіс-тәсіл үйренсек те оның іске асатын табысты болатын соңғы нүктесі – сабақ. Сондықтан қазір ұстаздарымыз оқытудың Кембридждік тәсілдерінің мәні мен мақсатын түсініп, өз сабақтарында іске асырып жатыр. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құра алатын деңгейге жетті. Деңгейлік бағдарлама аясында сабаққа жеті модульді кіріктірудің өзі мұғалімнен аса жауапкершілікті, іскерлікті, біліктілікті қажет етеді. Егер мұғалім сабағын сауатты талдай алса, онда тиімді сабақты іске асыра алады. Міне, осы жолда қазіргі жаңа форматтағы сабақтарды талдай аламыз ба? Бұл сұрақ бәріміздің көкейімізде жүргені де рас. Сондықтан мен көшбасшы мұғалім ретінде дәстүрлі сабақтарды талдаудың керекті элементтерін сақтап, жаңа жүйенің талаптарын кіріктіре отырып, сабақ талдау жүйесін жасап көрдім. Пайдаланып көрген әріптестерім пайдасы бар екенін, тіпті жаңа жүйені үйренуге алгоритм болғандығын айтты. Сондықтан басқа да әріптестеріммен жұмысты бөліскім келеді. Бастапқы бөліктері бізге бұрыннан таныс. Мұндағы өзгеріс сабақ сапасын талдау жүйесіне енді.
Сабаққа талдау

Күні ----------- Сыныбы-------- Мұғалімі ---------------- Пәні ----------------- Оқушы саны ----- Қатыспағаны ----

Сабақ тақырыбы -----------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сабақ мақсаты --------------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қатысу мақсаты ------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ кезеңдері мен жұмыс түрлері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ескерту
















Сабақ сапасын бағалау



Параметрлер мен өлшемдер

Іске асырылу деңгейі

Ұпай

1-5

1.

Сабақ мақсатының қолжетімділігі







2.

Қолданылған әдіс-тәсілдердің сабақ мақсатына сәйкестігі







3.

Сабақты жоспарлауы. Рефлексивті күнделік жүргізуі.







4.

Белсенді оқу мен оқыту тәсілдерін пайдалануы.







5.

Топтық жұмыс (құру, ереже, ынтымақтастық, талқылау, шешім қабылдау, бағалау) «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі







6.

Жұптық жұмыс (оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы, бір-бірімен ой бөлісуі, тақырыпты бір-біріне айтып беруі, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме). Мұғалімнің сұрақ қоюы (ашық, жабық, қайта бағыттау, жоғары дәрежелі сұрақтар). «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі







7.

Мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауды дамытуы (СТО-ның қай әдісін пайдаланды?) «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» модулі







8.

Блумның толық меңгерту теориясын пайдалануы. (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру) «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» модулі







9.

Критериалды бағалауды қолдануы (тапсырмаларға критерий, дескриптор құрастыра білуі, қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдануы, өзіндік бағалау, өзара бағалау, топтық бағалау, бірін бірі бағалаудың болуы) («Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулі)







10.

АКТ-ны пайдалануы. «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» модулі







11.

АВС деңгейлі баламен жұмыс. Оқытудағы саралау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу.







12.

Сабақ барысында талантты және дарынды баламен жұмысы. «Талантты және дарынды балаларға білім беру» модулі







13.

Мұғалімнің сыныпты басқару деңгейі. «Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулі







14.

Кері байланыс (уақытында іске асырылуы, оқушыларды мұқият тыңдауы)







15.

Сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдалануы (әр тапсырманы уақытпен істеуі, оқушылардың уақытқа дағдылануы, мұғалімнің уақытты басқаруы)







16.

Үй тапсырмасының берілуі (диагностикалығы, оқушыларды саралауы, көлемі т.б.).







17.

Рефлексияны басқаруы. (Жеке, ұжымдық рефлексия, көңіл-күй, оқу материалының рефлексиясы, іс-әрекет рефлексиясы) «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі






65-85 ұпай – «өте жақсы», 64-45 ұпай – «жақсы», 44-30 ұпай – «қанағаттанарлық», 29-0 ұпай – «толық жақсарту қажет»


Қорытынды:-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ұсыныс: ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Енді осы сабақ талдау өлшемдерінің әрқайсысын талдап түсіндіретін болсам, кез-келген сабаққа кіру және оны талдау, кіру мақсатынан басталады. Қазіргі жүйедегі сабақтарға кіру мақсаттары төмендегідей болуы мүмкін:


  1. Мұғалімнің сабақта рефлексиялық әрекеттерді жүзеге асыруын бақылау;

  2. Мұғалімнің сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдалануын бақылау;

  3. Мұғалімнің үй тапсырмасын беру жүйесін бақылау;

  4. Мұғалімнің сабақ барысындағы көшбасшылық қызметін бақылау;

  5. Мұғалімнің сабақ барысында талантты және дарынды балалармен жұмыс жасауын бақылау;

  6. Мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай әсер етуін бақылау;

  7. Мұғалімнің сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануына талдау;

  8. Мұғалімнің сабақ барысында критериалды бағалау жүйесін пайдалана білуіне талдау;

  9. Мұғалімнің сабақ барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретуін бақылау;

  10. Мұғалімнің сабақ барысында диалогтік оқытуды пайдалануы мен сұрақ қоя білу деңгейін бақылау;

  11. Сабақтағы топтық жұмыс, оның танымдық, әлеуметтік, эмоциялық мақсаттарының орындалуын бақылау;

  12. Сабақ мақсатының қолжетімділігі, оның орындалуына талдау, т.б.

Осы мақсаттар бойынша сабақты талдау қорытындысын жазамыз және жақсарту шаралары туралы ұсыныс береміз. Осыған жауап ретінде төмендегі мәселелерді ұсынамын:


Сабақ мақсатының қолжетімділігі, оның орындалуына талдау және үйрену

Бағдарламалық талаптарға сәйкестігі

Сабақ мазмұнына сәйкестігі

Оқушылардың білім, білік дағдыларын ескеруі

Сыныптың дайындық деңгейін ескеруі

Нақтылығы, шынайылығы, қолжетімдігі, түсініктілігі

Сабаққа мақсат қою туралы: Бірінші деңгейдің мұғалімге арналаған нұсқаулығында: «Оқушыға бағытталуы керек, белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек...», – делінген.

( МАН. Бірінші (ілгері) деңгей 33-бет.)



Мұғалімнің рефлексиялық әрекеттерді жүзеге асыруын бақылау және үйрену

Рефлексия түрлерінің жүзеге асуы (жеке, ұжымдық)

Қызметіне қарай қай түрлерінің іске асуы (көңіл-күй,оқу материалы, іс-әрекет)

Рефлексия тәсілдері

Оқушы үшін тиімділігі

Мұғалім үшін тиімділігі

Қазіргі сабақта рефлексиялық әрекет маңызды. Себебі қазіргі оқушы оқу материалының мазмұнын ғана түсініп қоймауы керек, сонымен бірге өз жұмысының тәсілдерін де білуі керек. Соның ішінен өзіне тиімдісін таңдай алуы тиіс.

Мұғалімнің сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдалануын бақылау және үйрену


Жеке жұмыс кезіндегі уақыттың тиімділігі

Жұптық жұмыс кезіндегі уақыттың тиімділігі

Топтық жұмыс кезіндегі уақыттың тиімділігі

Оқушылардың уақытқа жұмыс істеуге дағдылануы

Мұғалімнің сабақ уақытын басқаруы

Уақыт қашанда маңызды. Ең маңызды жоғалпауға тиіс құндылығымыз. «Уақыт – қылыш, сен оны кеспесең, ол сені кеседі». Сабақта уақытқа жұмыс жасаған оқушы да, мұғалім де ұтады. Бәсекеге қабілеттілік, мәдениеттілік, жауапкершілік, іскерлік, адалдық – бәрі осы арқылы қалыптасды.

Сабақтағы топтық жұмыс, оның танымдық, әлеуметтік, эмоциялық мақсаттарының орындалуын бақылау және үйрену

Топтық ынтымақтастық (құру, ережеге бағыну);

Топтық талқылау, шешм қабылдау;

Топтық жұмыстың танымдық мақсатының орындалуы;

Топтық жұмыстың әлеуметтік мақсатының орындалуы;

Топтық жұмыстың эмоциялық мақсатының орындалуы.

Топтық жұмыс жасауда оны құру, ережеге бағыну, топтық талқылаудың шынайы болуы, ортақ шешім қабылдау, оны қорғауды ұйымдастырудың астарында оның танымдық, әлеуметтік, эмоциялық мақсаттарының шешілуі жатқанын білу де маңызды. Оның әрқайсысы – бір-бір мақалаға сиятын мәселелер.

Мұғалімнің сабақ барысында диалогтік оқытуды пайдалануы мен сұрақ қоя білу деңгейін бақылау және үйрену


Жұппен жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы

Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы

Мұғалімнің сұрақ қою жүйесі

Сабақта зерттеушлік әңгіменің болуы

Әңгіме дебаттың болуы

Диалогтік оқыту әр сабақта іске асып жатады. Кез келген мәселені оқушы алдымен өзі ойланады, оны жұбымен бөліседі, ортаға салады. Ары қарай мұғалім жасырын идеяны табуға жетелейді, міне, осы жолда ол жағдаят туғызуы мүмкін, зерттеушілік әңгімеге тартуы мүмкін, осының бәрі – мұғалімнің сұрақ қоя білу шеберлігінде. Өйткені ақылды адамды оның жауаптарынан гөрі қойған сұрақтарынан танимыз.

Мұғалімнің сабақ барысында критериалды бағалау жүйесін пайдалана білуіне талдау және үйрену

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Оқушылардың бір-бірін бағалауы

Топтардың өзара бағалауы

Тапсырмаға құрылған критерийлердің сапалылығы

Дескрипторларды сауатты пайдалануы

Оқушылар нақты критерийлермен өзін-өзі бағалағанда нені жақсартуы керектігін түсінеді, оларда жақсаруға деген ұмтылыс пайда болады, бірін-бірі бағалағанда өзара ақпарат алмасады, жауапкершлік пайда болады, топтың бір мүшесі екенін сезінеді, өзінде жоқ мәселеге көңіл аударады, қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді. Топтар бірін-бірі бағалағанда жақсы мен жаманды айырады, идея алмасады, бір мәселені бірнеше қырынан таниды. Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті, сапалы тапсырма ұсыну, алдын ала критерийлер беру, жұмысты ұйымдастыру.

Қорыта айтқанда, «Өзгелерді оқыта жүріп, өзіміз де үйренеміз», – деп Сенека айтпақшы, сабаққа сапалы талдау арқылы біз сабақ беру үдерісін тиімді іске асыруды үйренеміз.


Пайдаланылған әдебиет: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей.33б
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу