Гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы


Modus conjunctīvus (Конъюнктив)



бет10/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#42633
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
15 Modus conjunctīvus (Конъюнктив)

Латын тілінің конъюнктивы мағанасы мен формасы жағынан қазақ тілінің екі райын қамтиды: шартты және қалау райларын. Кейде оны үндіеуропа райлары сияқты дейді, себебі латын тілі тілдердің үндіеуропа семьясына кіреді ғой.


Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігін білдіретін етістіктің түрін шартты рай деп аталады.
Іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағанасында айтылған етістіктің түрін қалау райы деп аталады.
Латын тілі грамматикасында әрбір конъюнктивтің мағаналық түріне қарай өз атауы бар.
Тілек және ерікті білдіру үшін Conjunctīvus hortatīvus қолданылады. Мұнда іс-әректті орындаушы адамның өзі қатысады. Сондықтан әрқашан 1-ші жақта көпше түрде тұрады да, praesens қана қолданылады. Мысалы: Gaudeāmus Қуанайық! Amēmus patriam Отанымызды сүйейік!
Келер шақпен байланысты бұйрық, талапты білдіру үшін Conjunctīvus imperatīvus немесе jussīvus қолданылады. 2-ші және 3-ші жақтағы жекеше және көпше түрдегі praesens қолданылады. Мағанасы жағынан бұйрық райының болымды түріне жақын. Мысалы: Audiātur et altěra pars Екінші жақ та тыңдалсын! Dicas Cөйле! Dicātis Сөйлеңдер!
Тыйым салу үшін Conjunctīvus prohibitīvus қолданылады. Мұны бұйрық райының болымсыз түрінің (яғни инфинитивтің noli-мен кездесетін формасы) орнына қолданады. Әдетте 2-ші жақта жекеше және көпше түрде қолданылады. Міндетті түрде болымсыз формадағы ne жұрнағынан кейін қойылады. Praesens немесе perfectum conjunctīvi қолданылады. Мысалы: Ne dicas Айтпасаң игі еді! Айтпа! Tu ne quaesivěris Сен сұрама!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет