К.С.Ислям
ЛАТЫН ТІЛІ
Гуманитария мамандықтарының студенттеріне
арналған оқу құралы
2 Бөлім
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
К. С. Ислям
ЛАТЫН ТІЛІ
Гуманитария мамандықтарының студенттеріне
арналған оқу құралы
2 Бөлім
Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 811.124(075.8)
КБК 81.2Латин-923
И87
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
О. Қ. Жармакин - филология ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры;
З. Х. Латыпова - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Инновациялық еуразия университеті;
Б. А. Нурмагамбетова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
К. С. Ислям
И87 Латын тілі (екінші бөлім): гуманитарлық факультеттердің
студенттеріне арналған оқу құралы / К. С. Ислям . – Павлодар :
Кереку, 2010. – 95 б.
Қолыңыздағы оқулықтың бірінші бөлімі 2007 жылы «Кереку» баспасында басылып шыққан. Ол оқулықты күні бүгінге дейін кеңінен пайдаланып келеміз, бірақ барлық тақырыптар қамтылмағандықтан, оқуға талаптанып жүргендердің дайындалуына қазақ тілінде латын тілі кітабы табылмасы тағы белгілі. Осы жағдайды ескеріп, гуманитарлық факультеттерде оқылатын латын тілінің бағдарламасы мен курсқа қойылатын талаптарды есте ұстай отырып, бірінші бөлімде қамтылмаған материалдарды жинақтап беруді ұйғардық
Оқу құралы гуманитария мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 811.124(075.8)
КБК 81.2 Латин-923
© Ислям К.С., 2010
© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Алғы сөз
Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. "Латын тілі" курсын оқыту міндеті студенттің игеруге тиісті білімнің көлемі мен сипатын анықтайды.
Латын тілін үйрету ең алдымен, тілді басқа оқу пәндермен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі. Латын тілін басқа пәндермен, қоршаған ортамен, музыкамен, бейнелеу өнерімен, еңбекпен т.б. байланыстыра оқыту нәтижесінде ғана қарым-қатынас әрекеті жүзеге асады. Бұл пәндер тілді мәдениеттің бір бөлігі ретінде үйретіп қана қоймай, жалпы адамзаттың мәдениетінен үлгі, тәжірибе алуға, өз елінің мәдениетін бойына жақсы сіңіруге сөйлеу әрекеті арқылы мүмкіндік тудырады. Латын тілі «Аудармашы мамандығына кіріспе», «Тілдің практикалық курсы», «Тіл біліміне кіріспе», «Лексикология», «Грамматика», «Фонетика», «Тіл тарихы», «Тіл теориясы негіздері», «Тарих», «Психология (педагогика)», «Философия», «Социология», «Әлемдік әдебиет және аударманың жалпы мәселелері» пәндерімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |