Тақырыбы: Қысқы ауа райы. 6 сынып.
Сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, қысқы ауа райы тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді,өз ойларын жинақтап айтуға үйрету.Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Сабақта танысқан жаңа сөздерді қолдана алады
Қыс туралы өз ойларын жаңа сөздерді қатыстырып жеткізе алады
Жай сөйлемдермен қыс мезгіліне қатысты шағын әңгіме құрастыра алу
Ресурстар:, аудиотаспа,оқулық, дәптер, суреттер, нөмірлер
Белсенді лексика:аула, қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың
Балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
1) Өткенді қайталау
2) Қысқы ауа райы тақырыбына қатысты жаңа сөздермен танысу
3) Тапсырмалар орындау
Өткенді қайталау мақсатында 1-флипчартта берілген сөздерді тиісті жыл мезгілдері суреттерімен байланыстыру. (1 немесе 2 рет қайталануы мүмкін)
Негізгі бөлім
1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді оқу,мағынасын түсіндіру.
Жаңа сөздер: аула,қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың.
Әр жаңа сөз Флипчартта жазылып тұрады,балалар сөзді оқиды,сөздің мағынасын ашатын сурет жасырынып тұрады.
Сөздік жұмысы осылайша жүргізіледі. Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады.
2. Аудиотаспадан «Кыс» туралы әңгіме тыңдайды.
-Әңгіме не туралы?
-Әңгімеден не білдіңдер?
3.Мәтінмен жұмыс. №1 тапсырма, 104 бет.( ақпан – ақ боран айы)
Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, сол сөздер бар сөйлемдерді оқиды.Мысалы:Қар қалың.
4.«Қарлы кесек» ойыны:
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Қар тәрізді ақ қағазды мұғалім оқушыға лақтырады, оқушы ашып, сондағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар жоғарыда оқыған мәтіндегі әр сөйлемге құрастырылған.Ойын қағаз әбден таусылғанша ойнатылады.(8сұрақ,8қарлы кесек)
5.Топтық жұмыс.
Екі оқушыдан тұратын топ оқушылары өздеріне берілген нөмір бойынша суретті тауып, сол суретте бейнеленген сюжет бойынша тиісті сөйлемді мәтіннен көшіріп жазады. Мұғалім 2 минут уақыт береді. Уақыт біткенде балалар жұмысын тоқтатады да суреттерін алып, орындарына отырады. Бір топ тақтаға шығады, суреттерін көрсетіп, жазған сөйлемдерін оқиды. Басқа топтар суреттерге қарап,бірінші топтың жауабын тыңдайды, бағалайды.
6.Сөзжұмбақты шешу.
7. «Қысқы ауа райы» атты диалогті оқу.
8. Қорытындылау.
Мұғалім тақтаға сабақты қорыту үшін төменде берілген сабақтың қысқаша жоспарын жазып қояды. Оқушылармен бірге оқи отырып, орындалған жұмыстың тұсына белгі қояды.
Біз бүгін сабақта не істедік? не білдік? Белгі қою.( )
1.Өткенді қайталадық.
2.Жаңа сөздермен таныстық.
3.Тапсырмалар орындадық.
Келесі сабақта:Келесі сабақта қысқы ауа райы мен қысқы демалыс тақырыбын сабақтастыру. Қыс туралы өз ойларын жеткізуге тапсырмалар дайындау.
|
Оқушының аты
|
Не істедік
|
Не білдік
|
баға
|
1.
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
Оқушының аты
|
Не істедік
|
Не білдік
|
баға
|
1.
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
Оқушының аты
|
Не істедік
|
Не білдік
|
баға
|
1.
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |