Сабақ: Толықтауыш. Мектеп: №45 «1Май» КҮНІ: Мұғалімнің есімі: Кавлашова З



Дата25.02.2022
өлшемі88,5 Kb.
#133365
түріСабақ

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Толықтауыш.

Мектеп: №45 «1Май»

КҮНІ:

Мұғалімнің есімі: Кавлашова З

СЫНЫП:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

  • Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін біледі.

  • Сөйлемнің ішінен толықтауыштарды таба алады.

Толықтауыштарды қатыстырып сөйлемдер құрай алады.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлемнің ішінен толықтауыштарды таба алады.



Кейбір оқушылар: Толықтауыштарды қатыстырып сөйлемдер құрай алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар: Толықтауыштың сұрағына жауап беретін сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тұрлаусыз мүше, толықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1. Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
2. Сұраулы сөйлемдерге толықтауышты қатыстырып жауап береді.



Талқылауға арналған тармақтар:
Сіз неліктен толықтауыш деп аталатынын айта аласыз ба?






Жазылым бойынша ұсыныстар: Құрамында толықтауыш қатысқан мақал-мәтелдер жазу, және оларға сұрақ қою.

Алдыңғы оқу

Тіл ұстарту

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар



Басталуы(Кіріспе)
10мин



1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;
г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Әрбір адам?- Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? –Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
3.Топқа бөліну
Ал енді үстелдің үстінде тұрған парақшаларды таңдайды.Тұрлаулы және тұрлаусыз топтарға келіп отырады.
Тұрлаулы
Ата- кім? бастауыш.
Ұйықтау- не істеу? Баяндауыш.
Қар- не? Бастауыш
Мұхтар- кім? Бастауыш
Жауды – не істеді? Баяндауыш
Жүгірді – не істеді? Баяндауыш.
Тұрлаусыз
Әдемі – қандай? Анықтауыш
Досыммен – кіммен? Толықтауыш
Ауылдан – қайдан? Пысықтауыш
Жылдам – қалай? Пысықтауыш
Салқын – қандай? Анықтауыш
Досын – кімді? Толықтауыш
4. Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген сабақтарды қайталау
«Конверт» әдісі
1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
2. Бастауыш туралы айт.
3. Баяндауыш қандай сүрақтарға жауап береді?
4. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
5. Сөйлем қалай жасалады?
6. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
7. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
8. Лепті сөйлем туралы не білесің?
9. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
10. Жігіттер ауылға жақындай берді. –деген сөйлемнің бастауышын тап.
11. Күн жылына бастады. –деген сөйлемнің ішінен баяндауышын тап.
Жарайсыңдар! Өткен сабақтарды да қайталап алдық.

А4 парағы, маркер






5. Жаңа сабаққа көшу кезеңі


1.Оқушылар биыл президентіміздің жолдауы бойынша рухани жаңғыру аясында кімді танып білуіміз қажет?
2.М. Әуезов кімге арнап роман жазды?
3. Пушкин қазақ ақындарынан кіммен дос болды?
- Жарайсыңдар! Оқушылар мен бағанадан бері қандай сұрақтарды көп қолданып жатырмын? Олар сөйлемді бастап тұр ма, баяндап тұр ма әлде толықтап, анықтап, пысықтап тұр ма?
Өте жақсы олар сөйлемді толықтап тұр. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Толықтауыш» деп аталады.






Ортасы
Негізгі бөлім
25мин

6. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы
Толықтауыш
Проблемалық сұрақтар.
Оқушылар толықтауыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
-Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
-Толықтауышты есте сақтау оңай, өйткені ол септіктің сұрақтарына жауап береді.
- Толықтауыш тұрлаулы сөйлемнің қатарына жатпайды.
-Күнделікті сөз қолданыста көп пайдаланамыз.
- Мақал- мәтелдерде жиі кездеседі.


Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері мыналар:

  1. Толықтауыш(атау жіне ілік септіктерден басқа) барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып, заттық нысанды танытып, меңзеп тұрады.

  2. Енді бірде толық мағыналы сөзге туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесіп, түрленуі арқылы жасалады.



Толықтауыш болатын септіктер

Сұрақтары

Мағынасына қарай түрлері

Барыс септік

Кімге?Неге?

Жанама

Табыс септік

Кімді?Нені?

Тура

Жатыс септік

Кімде?Неде?

Жанама

Шығыс септік

Кімнен?Неден?

Жанама

Көмектес септік

Кіммен?Немен?

Жанама

Толықтауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Дара толықтауыш: Татулықта (неде?)табыс мол. Күрделі толықтауыш: Жүз –жиырма беске (неге?) бөлінеді. Үйірлі толықтауыш: Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
7. Тақтамен жұмыс.
2 топтан екі оқушы тақтаға шығып, 1-тура толықтауышты қатыстырып, 2- жанама толықтауышты қатыстырып сөйлемдер құрайды және сөйлем мүшелеріне талдайды.
8. Жаттығумен жұмыс.
93-жаттығу «Кім жылдам?» ойыны. 5минуттың ішінде кім қанша сұраққа жауап жазып, толықтауыштың мағынасына қарай түрлерін ажыратып береді?Тапсырманы жазбаша орындау керек.
(Кімге?) көмектесемін. (Нені?) орындадым. (Неде?) жоқ. (Неден?) түстік.(Немен?) таныстық.


Критерий
1. Көркем жазылуы.
2. Сұраққа дұрыс жауап берілуі.
3. Мағынасын ажыратуы


9. Сергіту сәті.
«Домино» ойыны.
Қағаз қиындыларындағы сөздерді реттестіріп жинайды сонда Адайдың өлеңінің бір шумағы келіп шығады.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы.
10. Сабақты қорытындылау. «5-5-1» әдісі
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендігі жайлы білу мақсатында 5 мақал-мәтел жазады.
1.
2.
3.
4.
5.
Содан кейін сол мақал-мәтелдерді 5 сөзге қысқартады
1.
2.
3.
4.
5.
Сосын бүгінгі сабағымыздың түйінін анықтайтын 1сөзді алады және оған сұрақ қойып, толықтауыштың мағыналық түрін анықтайды.


11. Рефлексия

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не құнды болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?










Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды


12.Үйге тапсырма
99-жаттығу. Көп нүктенің орнына толықтауыштарды қойып, өз мысалдарыңмен толықтырыңдар.



Презентация, плакат, стикер


А4 қағазына сызылған кесте




Қосымша ақпарат: 55 сабақ тест жұмысы,

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және қорғау ережелері
АКТ –мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Семантикалық картамен жұмыс.
Шығармашылық жұмыспен шұғылдану арқылы оқушы жан-жақты ізденісте болады. Оқулықтан тыс жаңа дүниемен таныса отырып, шығармашылық қабілеті артады

  • Топтық бағалау.

  • Өзін-өзі бағалау.

  • Әдебиеттік оқу және дүниетану.

Интербелсенді тақта.



Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?




Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет