Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару (қайталау сабағы) Мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі248,9 Kb.
#19551
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі мектебі

Төлегенова Лиза Жеткергенқызы физика – математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару (қайталау сабағы)

Мақсаты:


1. Білімділік: Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана білу,өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,тез есептей білуге үйрету.

3. Тәрбиелілік: Дәлдікке,ұқыптылыққа,ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: Оқушылардың білімін жүйелеу сабағы

Сабақтың әдісі: Сұраққа жауап алу,ойын,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: таблицалар,перфокарталар,нөмірленген

жетондар, жедел хат,көмекші құралдар

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)

ІІІ.Есептер шығару(30 мин)

ІV.Пәнаралық байланыс орнату(5 мин)

V.Үйге тапсырма беру(1 мин)

VI. Сабақты қорытындылау(1 мин)

VII.Бағалау(1 мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру

ә)Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлеміз:

1.Жай сандар тобы

2.Құрама сандар тобы

3.Натурал сандар тобы

Топ жетекшілерін тағайындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру


Ондық бөлшектерді қосу

Бөлшек сандардың ондық жазылуы

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерді азайту

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Ондық бөлшектерді салыстыру

Өтілген 5 тақырып бойынша жеке-жеке таблица жасап,мысалдар арқылы түсіндіре отырып,еске түсіру

ІІІ. Есептер шығару

«Шыңға жету» ойынын ойнаймыз

1-тур. «Бәйге»
№1060 есеп

1) 6,3-2,3+7,5=11.5

2) 8,1+1,9-3,8=6.2

3) 12,9-5,7+6,031=13,231

4) 9,5-5,3+3,3=7.5

5) 16-2,3+4,5=18,2

6) 17,5-2,5+13,82=28.82

Үш топтан 3 оқушы шығып, 2 есептен шығарады.Үлестірме қағаздағы сұрақтарға жауап береді.(Оқушылардың есепті шығаруына,сұраққа жауап берулеріне байланысты, үшбұрыш - «3», төртбұрыш -«4», дөңгелек -«5» ұпай көлеміндегі фигураларды беремін.Олар топ жетекшілеріне беріп отырады.

2-тур. «Көкпар»

№1061


1) 5,6+8,03-7,99=5.64

2) 11.8-5.7+8.65=14.75

3) (8,12+16,9)-15,086=9.934

4) (95,83-76,9)+41,333=60.263

5) (146,03-97,8)+18,091=66.321

6) (101,9+0,653)-72,111=30.442

3 оқушыға ұпайлар беріледі.

3-тур. «Аламан»

( Топ басшыларына перфокарта түрінде тестер таратылады)

1.Ондық бөлшек түрінде жаз: (8,7)

2.Ең үлкен санды тап: (71,3)

3.Ондық бөлшектерді қос: (15,3)

4.Ондық бөлшектерді азайтуды орында: (2,02)

5.Ондық бөлшекті оқы: (4,7)

5- еуіне дұрыс жауап берсе «5» ұпай т.с.с.

Қалған оқушылар есептер шығарады:

№1064 №1068

Барлығы 4,7кг 1) 0,8; 1,4;2 2)2,6; 3;3,4

Мырыш 1,9кг2,6; 3,2; 3,8 3,8; 4,2;4,6

Мыс х кг 4,4; 5;5,6 5; 5,4;5,8

Шешуі: х=4,7-1,9=2.8

( 6 фигура таратылады)

ІV. Жедел хаттағы сұрақтарға жауап беру

Пәнаралық байланыс орнату

1.Жай санға да құрама санға да жатпайтын сан (1)

2.Мына сандардың ішінен қасиетті санды табыңдар:

16; 19; 45; 80; 8; 7;15 (7)

3.Дүние жүзінде неше мұхит бар?(4)

4.Үшбұрышта неше қабырға бар?(3)

5.Ұлыстың ұлы күні наурыз айының қай күні? (22)

6.Түйеқұс бір аяғымен тұрғанда 10 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг болады? (10 кг)

7.Қосындыны тап: 12,5+6,5 (19)

8.Шаршы қабырғасы 5см , ауданы қанша болады? (25)

( 8 фигура таратылады)

Аты аталған сандар топтарынан шығып,рет-ретімен тұрады.Оларға сәйкесті әріптер алдын ала жазылып қосылады. Сонда «8-наурыз» деген сөзді оқимыз. (Құттықтау айтылады)

V. Үйге тапсырма беру

№1061 есеп(7;8)

№1063 есеп


VІ. Сабақты қорытындылау:

Жиналған ұпайлары арқылы жеңіске жеткен топты анықтау

VII.Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі мектебі

Төлегенова Лиза Жеткергенқызы физика – математика пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: «Математика ғылымдар патшасы, информатика ақпараттар ғылымы»

Мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау;

2) Ғылым мен техника жетістіктеріне көздерін жеткізе отырып, пәнге

деген қызығушылықтарын арттыру

3) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, іскерлікке

дағдыландыру

Көрнекілігі: плакаттар, спорттық құралдар

Пәнаралық байланыс: математика, физика, информатика, дене тәрбиесі, әдебиет

Жоспары:

«Біліктілік» сауалнамасы

Логикалық сауалнамалар

Математика – информатика айтысы

«Сыр сандық» кезеңі

«Математикалық терминдер» сайысы

«Пингвиндер» сайысы

«Блиц-турнир» сайысы (капитандар сайысы)

Қорытынды

1-жүргізуші. Айдан хабар алғызар

Зәулім уйді салғызған

Теңіз суын каналмен

Шөл далаға барғызған

Математика емей немене?

2-жүргізуші. Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай адамды

Тік бітіріп сойлескен

Компьютер емей немене?

1-жүргізуші. Табиғат сырын аштырған

Токпен қазан астырған

Миллион гектар астықты

Комбайнмен бастырған

Математика емей немене?

2-жүргізуші. Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене?

1-жүргізуші. Шындықты алғаш таратқан

Жыл-күнінді санатқан

Тауып ғажап жаналық

Жоқтан барды жаратқан

Математика емей немене?

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік. Әділ қазы алқасының сайлайық

Мықты болсаң – алдағыны басып оз

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

«Біліктілік» сауалнамасы 1-бөлім.

І-нұсқа. (а)

Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)

Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)

Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар (натурал)

369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

5/3-ке кері сан (3/5)

Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады? (құрама)

Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

І-нұсқа. (б)

Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақтар)

Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы)

Бит деп нені айтады? (екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды)

Компьютердің атасы деп кімді атайды? (Чарльз Бэббидж)

Баспа құрылғысы (принтер)

Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық)

Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. (процессор, монитор, пернетақта, тышқан)

Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне? (курсор)

Файл дегеніміз не? (программалық деректер және олардың бөліктері)

Компьютердің жанындағы өсімдік? (кактус)

ІІ-нұсқа. (а)

Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді (диаметр)

Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

1 километрде неше метр бар? (1000)

Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

48 санының ½үлесі қанша? (24)

Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 радиус)

Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)

ІІ-нұсқа. (б)

Операциялық жүйе дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы прогрмма)

Дыбыс шығару құрылғысы (фонограф)

ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен)

Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)

Көрсеткі әйнек (монитор)

Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

Аз батырмалы құрылғы (тышқан)

Ұн қалталы қорап (картридж)

Үлкен темір жәшік (жүйелі блок)

Сиялы қорап (бүріккіш принтер)

ІІІ-нұсқа (а)

Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (дөңгелек)

Квадраттың функцияның графигі (парабола)

Бағытталған кесінді (вектор)

Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең (3,14)

Координаталық түзуден санақ басына дейінгі қашықтық? (модель)

Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер (айқас)

Жуықтап алғанда 1 радиан неше градусқа тең? (57 градус)

Периодсыз ақырсыз ондық бөлшек түрінде көрсетуге болатын сан? (иррационал сан)

Түбір астындағы 225 неге тең ? (15-ке)

3-ші дәрежелі функцияның графигі (кубтық парабола)

ІІІ-нұсқа (б)

Ақпарат жинақтаушы (қатты диск)

Сазгер қорап (сазтаған-колонкалар)

Оқығыш құрылғы (сканер)

Экрандағы қозғалыстарды басқарушы құрылғы (джойстик)

Зиянкес программа (вирус)

Компьютер жиыны (желі)

Енгізу құрылғысының бөлігі (перне)

Ақпарат жинақтаушы (диск)

айлдар жиыны (бума,папка)

Есте сақтау құрылғысы (винчестер)

Логикалық сұрақтар 2-бөлім.

1 Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды. /екеуі/

2 Барлық арап цифрларының көбейтіндісі неге тең. /нөлге/

3.Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады /бесбұрыш /

4 .16-шы қабатқа көтерлу жолы 4-ші қабатқа көтерлу жолынан неше есе көп /бесбұрыш/

5.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлнеді /ноль/

2- топ

Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады . Екі аяғымен тұрса неше кг тартады /3кг/



Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қойды . Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса , ақ жолақтар саны қанша болғаны /31/

Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан /Әл-жебір/

4.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі шығып тұруы мүмкін бе /жоқ/

5.Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады . Әрқайсысы неше сағаттан ойнады /2 сағаттан/



3-бөлім. Математика-информатика айтысы.

4-бөлім. Сыр сандық кезеңі.



Мұнда математикалық мақал-мәтелдің және информатикалық сөилемнің жалғасын табу керек.

1.Бір жылы сөз .... /көп күнге азық/

2.Жерді екі рет жыртқан.... /өнімді екі есе көп алар/

3.Не-компьютердің ақыл –ойы тәріздес. /процессор/

4.Не -ақпаратты автоматты түрде компьютерге енгізуге арналған электрондық-оптикалық құрылғы. /сканер/

2-топ


1.Не -компьютердегі ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы. /монитор/

2.Зиянкес программа /вирус/


3. Дос егіз болса ... /дұшпан сегіз болады/

4.Отыз күн оразаның /бір күн айты бар/



5-бөлім. Математикалық терминдер сайысы.

Екі топқа да бірдей тапсырма,яғни екеуіне де К әрпінен басталатын математикалық терминдер жазу керек.

Мысалы: квадрат ,куб, конус, көлем , көбейту,калькулятор ....т/б.


6-бөлім.Пингвиндер сайысы.

Тақтада әр топқа екі-екіден есеп жазылған.Сайыскер допты аяғына қыстырып алып , түсіріп алмай есептерді шығарады.Әр топтың бір сайыскеріне бір есептен.

3,8+1,5+2,5=7,8 3,2+0,8+5,7=9,7

84-50+11 =2 27+53+49=129

7-бөлім.Билиц –турнир сайысы. Капитандар сайысы.

Әр топ капитанына 5сұрақтан беріледі.

1-топ.

1.1 метр 1 дециметрден неше сантиметрге артық? /90 см/



2.1минут 1 сағаттан неше минут кем? /59 мин/

3.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек ?

4.Спутник жершарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат неше минутта айналып өтті. /1 сағ 43 мин/

5.Жаңа туған пілдің баласы бір тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туған пілдің баласы неше кг тартады?

2-топ

1.Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем? /23 сағ/



2.Кит 250000 кг. Ол неше тонна? /250 тонна/

3. Бір тоннада неше кг бар? /1000 кг /

4. Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді.Неше метр неше дециметр неше сантиметр?

/2 м 8 дм 8 см/

5.1 секунд 1минуттан неше секунд кем?
8-бөлім. Қортынды. Кешті қортындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі

Жеңген топ марапатталады.



Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады ,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі,

Болса егер көңілі жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл кешке ,

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге ,

Айтамыз біз рахмет .


Осымен Математика –ғылымдар патшасы, Информатика-ақпараттар әлемі атты кешіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Сау болыңыздар

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Дүкен негізгі мектебі

Төлегенова Лиза Жеткергенқызы физика – математика пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің әдіс-тәсілдерін

түсіндіре отырып, есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын,

белсенділіктерін арттырып, математикалық сөйлеу мәдениетін

дамыту.

Тәрбиелілігі:Тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге,

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, жекелеме тапсырмалар орындау, СТО технологияла-

рының стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты формулалар, кестелер, таратпа материалдар,

білім айнасы.

Сабақтың айдары: Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,

Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.

Есепсіз өмір деген мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі

Қымбатты оқушылар! «Болашақ бүгіннен басталады» дейміз. Сол жарқын болашақ иелері сіздерсіздер. Жарқын болашаққа қадам басу үшін, бізге білімді де алғыр, қабілетті шәкірт керек. Олай болса, біз бүгін математика пәнінен білімімізді көрсетейік. Сендер үшеуің де озат оқушысыңдар. Сондықтан бүгінгі сабақты жарыс түрінде өткізіп, үшеуіңнің білімдеріңді сынаймыз.Еркін отырып, сабақта білімдеріңді көрсетіңдер.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру№1003 №1004 есептерді орындарынан тексеремін.

ІІІ.Ассоциация стратегиясы:өткен сабақты қорытып, жаңа сабаққа дайындық жасау.

Әр топ мүшелері берілген сан аралығының атын, сан аралығының координаталық түзудегі кескінін, теңсіздікпен жазылуын жазады. Содан соң әрбір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.

1



Сан аралығыныңбелгіленуі

[ -3; 2]

(-; 4)

(1; 6)

(-2; +)

(-1;3]

Сан аралығының аты
















Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
















Теңсіздікпен жазылуы















2




Сан аралығыныңбелгіленуі

(-4; 5)

(-; 2]

[-1; 3]

(-6; 8]

(-2;)

Сан аралығының аты
















Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
















Теңсіздікпен жазылуы















3



Сан аралығыныңбелгіленуі

(-; 4)

(-2;7]

[ -1; 6]

(-4; 3)

(-5; +)

Сан аралығының аты
















Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
















Теңсіздікпен жазылуы

















ІҮ. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

Жаңа сабақ:

5x-2<8; X-5>0; 3X+5>21-X – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

ax>b; ax

а, в- қандайда бір сандар

X-айнымалы

Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.

Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.

Теңсіздік мәндес теңсіздіктерге түрленеді, егер:

1.Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама –қарсы таңбамен көшірілсе;

2.Теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бір ғана оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе;

3.Теңсіздіктің екі жақ бөлігінде бір ғана теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама-қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:

1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;

2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;

3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;

4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;

5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.

Мысалы:

1.4(х-3)+5х3х 2 .7(х+1)-4х>3х+16

4х-12+5х3х 7х+7-4х>3х+16

4х+5х-3х12 3х-3х>16-7

6х12 0х>9

х2 Жауабы: шешімдері жоқ

Жауабы: [2; + ) немесе х2
2
3. 6х+17>2(3х+4)

6х+17>6х+8

6х-6х>8-17

0х>-9

Жауабы: Кез келген сан.

Ү. Ойнай отырып, ойлана білейік. Сергіту.

«Жаңылмаймын» ойыны

3-ке еселік сандарды атамай ретімен санаймыз.

ҮІ. «Кім жылдам?» Ауызша есептер

1008



ҮІІ. Білімдіге биіктен орын.

Кітаппен жұмыс. № 1010

3х-18 5у - 8х

х-6 у х
-8х 6,5у>13 7,5х

х у>2 х

1011



1013 есептер

3х-7<х+1 2+х>8-х 1-х

3х-х<1+7 х+х>8-2 -х-2х

2х<8 2х>6 -3х

х<4 х>3 х
ҮІІІ.Тапқыр болсаң, тауып көр.

1012



Теңсіздіктерді шешіп, шешімдерін координаталық түзуде кескіндеңдер.

1 оқушы

2 оқушы

3 оқушы

Х-3

9х-7> -25

Х+1

4х+5

Х+3>5

2х+7<11

1015



Берілген жұп санмен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар.

Б – х х+3х < 32

К – 3х 4х < 32

Х < 8


8

ІХ. Іздеген жетер мұратқа.

Тест

1.(-; 5] сан аралығының аты

А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле



2.Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді.

А) (1; 4) Б) [ 1; 4] В) ( 1; 4 ] Г) [ 1; 4)



3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап; (4; 7]

А) 4;5;6 Б) 4;5;6;7 В)5;6 Г) 5;6;7



4. Белгіленуімен жаз; 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал

А) (1;3] Б) [ 1; 3] В) ( 1; 3) Г) [ 1; 3)



5.Теңсіздіктер шешімін сан арлығымен жаз; 2

А) [ 2;6 ] Б) (2;6) В) [ 2; 6) Г) ( 2; 6 ]



6. [ 4; 9 ] сан аралығының аты

А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал



7. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейін интервал

А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7)



8. [ -4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап.

А) -4 және 3 Б) -4 және 4 В) -4 және 5 Г) -3 және 5



9. Белгіленуімен жаз --тен 6-ға дейінгі ашық сәуле

А) [ 6; + ) Б) ( 6; + ) В) (- Г) (-; 6]


Х. Үйге тапсырма: §5. 7 Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу № 1016, №1023

ХІ. Бағалау: Жеңімпаз оқушыларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет