Сабақ Тақырыбы: «Канада. Орталық Америка елдері»



Дата16.08.2017
өлшемі103,43 Kb.
#23687
түріСабақ
«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Ашық сабақ


Тақырыбы: « Канада. Орталық Америка елдері»

Пән мұғалімі: Д. Тлеулиева

Сыныбы: 7 «Ә»

2012-2013 оқу жылы


Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Канаданың географиялық орны, геологиялық құрылысының

ерекшеліктерін ұғыну, климаты, өзен,

көлдері туралы білімдерін тереңдету.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, ғылыми

дүниетанымды қалыптастыра отырып, нақты

қисынды және қисынды сөйлеу дағдыларына үйрету.

Б) Тәрбиелік: Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, қиыншылықтарды

жеңудегі өжеттілікке, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ: түсіндірмелі, сұрақ- жауап, тест жұмысы, ойындар, кескін

картамен жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүние жүзінің саяси картасы, плакаттар,

дидактикалық материалдар, карточкалар, кестелер.




  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың зейінін сабаққа бұра отырып, сабаққа дайындығын, қызығушылығын арттыру.




  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Тест жұмысы
1. Солтүстік Американың байырғы халықтарын кімдер құрайды?

а) ағылшындар, француздар б) үндістер мен эскимостар

ә) орыстар мен ағылшындар г) француздар, үндістер
2. ХVІІ ғасырда қанша үндістер қалды?

а) 5млн б)15млн

ә) 10млн г) 8млн
3. АҚШ-тың негізгі тілі қандай?

а) француз б) ағылшын тілі

ә) орыс тілі г) үнді тілі
4. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал?

а) Мадагаскар б) Гренландия

б) Отты жер г) Тасмания
5. Солтүстік Американың жер көлемі:

а) 24,2млн км2 б) 19млн км2

ә) 30млн км2 г) 5млн км2
6. Солтүстік Американың халқының саны?

а) 450 млн б) 500 млн

ә) 400 млн г) 350 млн
7. АҚШ-тың жер көлемі

а) 9млн 363 мың км2 б) 10 млн км2

ә) 8млн 400 мың км2 г) 7млн 400мың км2
8. АҚШ-тың халқының саны?

а) 275млн б) 400млн

ә) 300млн г) 450млн
9. Солтүстік Америкадағы атақты сарқырама

а) Анхель б) Ниагара

ә) Виктория г) Игуасу
10. АҚШ-тың астанасы

а) Мексика б) Вашингтон

ә) Нью-Йорк г) Канада
11. АҚШ-та қанша штат бар?

а) 70 б) 50

ә) 59 г) 60
12. Солтүстік Америка материгінің ең биік нүктесі

а) Аконкагуа б) Мак-Кинли

ә) Кордильера г) Эверест
13. Солтүстік Американың ең ұзын өзені?

а) Миссисипи б) Макензи

ә) Ниагара г) Колумбия

14. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?

а) арктикалық б)қоңыржай

ә)экваторлық г)субтропиктік


15. Солтүстік Америка материгінде жер бедерінің қандай пішіндері басым?

а) жазықтар б) таулар

ә) таулы қыраттар г) үстірттер

Тест жауаптары


1-Б

2-Б

3-Б

4-Б

5-А

6-А

7-А

8-А

9-Б

10-Б

11-Б

12-Б

13-А

14-Б

15-А

Біз өткен сабағымызда қандай тақырыпқа тоқталған едік? §34 Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары деген тақырыпты өткен болатынбыз. Олай болса сол тақырыбымызды тағы еске түсіріп өтейік.



ІІІ «Кім жылдам?» ойыны


  1. Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді? (Үндістер мен эскимостар)

  2. Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел? (АҚШ)

  3. АҚШ жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр? (Тынық, Атлант, Солтүстік мұзды мұхит)

  4. АҚШ дүние жүзі бойынша нешінші орында? (4)

  5. АҚШ-тың астанасы қалай аталады? (Вашингтон)

  6. АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен? (Миссисипи)

  7. АҚШ-тың ең ірі қаласы? (Нью -Йорк)

  8. Солтүстік Америка материгіндегі елдер? (АҚШ, Канада)

Канада жалпы айтқанда халықтың тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.



Канада- дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км2. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы- Оттава қаласы.

Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы- карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық- эскимостар тұрады.

Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік бөлігінде табиғат жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы болады. Канаданың басты байлығы- көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінен бірінші орын алады. Мұнда Ұлы көлдермен қатар ондаған ірі көл мыңдаған ұсақ көлдер бар. Канада ормандарға бай. Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Барлық жерлерінде дерлік үйеңкі ағашы өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен айналысады. Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкин тайпалары ежелден-ақ үйеңкінің тәтті шырынын қант орнына қолданған. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю-барибал, сілеусін, кайот тіршілік етеді.

Елдің оңтүстік- батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40млн тонна бидай өнімін жинайтындықтан, астықты басқа елдерге де көп сатады. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Канада жерінің батысында Кордильера тау жүйесіне жататын Макензи, Жағалық жоталар, Канаданың сеңгір таулары орналасқан. Канада Кордильерасының биіктігі 6000м-ге жетеді. Мәңгі қар мен мұз басқан тау шыңдарынан басталатын қысқа, мол сулы өзендер жазықтағы көлдерге құяды.

Канаданың жер қойнауы паудалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған. Өз жерінен өндірілетін металдарды пайдаланып жұмыс істейтін зауыттарда реактивті ұшақтар, ірі мұхит кемелері, жеңіл автомашиналар мен ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Елде ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері де жақсы дамыған.

Канада табиғатты қорғауға көп көңіл бөледі. Егер 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.



Орталық Америка елдері: Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гандурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңізінде Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямаика және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел- Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел- Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының тұрмыс- тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.

Ал, енді осы тақырыптан алған білімдеріңді байқау үшін, мынандай тапсырмалар беріледі.



«Топтастыру стратегиясы»

ІҮ «Кім картаны жақсы біледі?» ойыны.


  1. Канаданың астанасын дүние жүзі саяси картадан көрсету. (Оттава)

  2. Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 2-ші орынды алатын мемлекет? (Канада)

  3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)

  4. Орталық Американың материктік бөліктегі ең ірі елі (Мексика)

  5. Орталық Американың аралдық бөліктегі ең ірі елі (Куба)

  6. Канада жерінің тау жүйесі (Кордильера)


«Ия, жоқ» ойыны


  1. Жер көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма? (Ия)

  2. Оңтүстік Америка ең ыстық материк пе? (Жоқ)

  3. Мадагаскар көл ме? (Жоқ)

  4. Гренландия аралы Орталық Америка құрамына енеді ма? (Жоқ)

  5. Дүние жүзіндегі халқының саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? (Ия)

  6. Жердің серігі ай ма? (Ия)

  7. Бес мүхит бар ма? (Жоқ)

  8. «География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген мағынаны білдіреді? (Жоқ)

  9. ТМД елдерге Мексика, Франция кіре ма? (Жоқ)
    10.Дамыған елдерге АҚШ, Германия, Жапония жата ма? (Ия)


ҮІ «Сандар сөйлейді» ойыны

2

9970000 км2

40 млн

6000м

31


4

1Канада дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 2- ші орында.

2 Канада жерінің жер көлемі 9970000 км2.

3Канада жылына 40 млн тонна бидай өнімін жинайды.

4 Канада Кордильерасының биіктігі 6000м.

5 Канадада 31 ұлттық парк бар.

6 4 ірі ұлттық парк бар




ҮІІ қорытындылау: Канада еліне саяхат
1 Канадада неше ұлттық парк бар? Ең ірілерін ата? (31, Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди)

2 Канада қандай пайдалы қазбаларға бай? (Уран, Никель, Алтын, Мыс, Темір)

3 Канаданың басты байлығы (Орман)

4 Канаданың байырғы халқы (Эскимостар)

5 Канадада кездесетін ерекше жануарлар? (Қойөгіз, Карибу бұғысы)

6 Канада елінің мемлекеттік тілдері (Ағылшын, Француз)




VІІІ. Үйге тапсырма: §35 . Канада. Орталық Америка елдері. Реферат жазу.


ІХ. Оқушыларды бағалау:



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет