«Тарихты оқыту әдістемесі» курсының мақсаты:
- мектепте білім беру үдерісін ары қарай жетілдіру мақсатында тарих пәнін оқытудың әдістемесі бойынша студенттердің қажетті теориялық білім көлемін меңгеруі;
- ғылыми пән саласында студенттердің терең білімі мен ой-өрісінің кеңдігін, әдістемелік әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын, ерекше ойлау қабілетін және педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын есепке ала отырып, студенттердің жоғары кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.
«Тарихты оқыту әдістемесі» курсының негізгі міндеттері:
- болашақ мұғалімдердің мектептегі тарих пәнінің қазіргі әдістемесінің іргелі зерттеулері жөнінде білімді меңгеру;
- оқыту әдістерін, олардың жіктелуін және оқу әрекетінің тәсілдерін игеру;
- оқыту, тәрбие беру және тұлғаны дамытудағы білім берудің әдістемелік шарттарын шешу;
- оқытудың дидактикалық және ұйымдастырушылық сипаттамасын білу, оқыту үдерісінде сабақтың дәстүрлі және инновациялық түрлерін қолдана білу;
- оқыту үдерісінде дидактикалық тұрғыдан негізделген ақпараттық-қатысымдық технологияларды, соның ішінде компьютер мен Интернетті пайдалану;
- оқытудың мақсаты мен міндетіне және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын таңдай білу;
- сабаққа дайындалу және түрлі типтегі және формадағы сабақтың жүргізу әдістемесін, оқытудың заманауи технологияларын меңгеру;
- оқыту үдерісіндегі білімді бақылаудың түрлі формаларын, соның ішінде тест түрін білу және пайдалану;
- тәрбиелік, оқу-әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын меңгеру.
«Тарихты оқыту әдістемесі» курсының бағдарламасы Мемлекеттік білім беру стандартына, тарих пәні бойынша жаңа мектеп бағдарламасына, сонымен бірге тарих, педагогика, психология ғылымдарының және тарих пәні мұғалімдерінің озық тәжірибелерінің ең соңғы заманауи жетістіктеріне сәйкес әзірленген.
Достарыңызбен бөлісу: |