Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Оқылым алдындағы тапсырма
Ой қозғау әдісі: Бейнежазбадан суреттер көріп,өлеңді тыңдайды.
Тақырыпты болжайды,өз ойларын айтады.
1.Балалардың іс-әрекетінен нені байқадыңдар?
2.Достар қандай болады?
3.Сендердің достарың бар ма?
4. Балалар арасындағы достық қандай достық екенін анықтай алдыңдар ма?
Топтық жұмыс.Оқылым тапсырмасы.
1-тапсырма.1 топқа «Армандастар» тобына.
«Түртіп алу» әдісі арқылы мәтінді оқып, берілген мәліметті кластер әдісімен түсіндір.
2 топқа. «Құрдастар» тобына
«Қос құты» әдісі. Мәтінді оқып, берілген мәліметті кластер әдісімен түсіндір.
ҚБ: «Ауызша мадақтау» мұғалім тарапынан жүретін бағалау.
2-тапсырма «Еркін жазу» әдісі бойынша
I топ «Армандастар» тобына. Шылау мен еліктеу сөздерді қатыстырып, қысқаша мәтін құрастыру.
II топ «Құрдастар» тобына. «Бестармақ» тәсілімен 5 жол өлең құрастыру.
ҚБ: «Бас бармақ»
Ойлау дағдылары
|
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Білу және түсіну
Қолдану
Талдау
|
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланады.
Факті мен көзқарасты ажырата біледі.
|
Мәтіннің тақырыбы анықталады,постерге түсіреді.
Еліктеу мен шылау сөздерін орынды қолданады.
Мәтін бойынша өз ойларын білдіреді,өмірмен байланыстырады.
|
3- тапсырма
«Армандастар» тобына. Жағдаяттық тапсырма. 3 тақырыптың біреуін таңдап, көрсету.
Досына көмектесу.
Досының қателігін түзеу.
Досының қателігін мойнына алу.
«Құрдастар» тобына. «Кім жүйрік» ойыны. Дос сөзіне мақал-мәтелден жарыс.
4-тапсырма
«Армандастар» және «Құрдастар» тобынан 1-1 оқушы шығып «Менің досым» тақырыбына диалог құрастырады
Сабақты бекіту. Жеке жұмыс
Бейнежазба көру арқылы «Дос таңдай білу» тақырыбын бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Кері байланыс. Оқушылар өздерін кім қай сатыда тұрғандарын стикер арқылы көрсетеді.
Үйге тапсырма . Достық туралы мақал –мәтелдерді қатыстырып, сабақта қарастырған мәселеге байланысты достарыңа хат жазыңдар.
|