Тақырыбы
|
Заттың атын білдіретін сөздер
|
Сыныбы
|
1 «А»
|
Күні
|
01.03.16ж
|
Мақсаты
|
Заттың атын білдіретін сөздер жайында түсінік бере отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру
|
Міндеттері
|
Заттың атын білдіретін сөздер жайында білімдерін кеңейту
Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата алуда сыни ойлауын дамыту
Сөйлем ішінен саналы түрде табуға және пайдалана білуге үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Заттың атын білдіретін сөздер жайында білімдерін арттырады
Сыни ойлауда өз ойын еркін жеткізеді
АКТ-ны қолдану барысын кеңейтеді
|
Түрі
|
Аралас сабақ
|
Әдістері
|
СТО элементтері
|
Пәнаралық байланысы
|
Дүниетану, математика, еңбекке баулу
|
Ресурстар
|
АКТ ,бейнебаян, маркер, стикер,плакат,суреттер, оқулық
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру
|
І. Сәлемдесу
ІІ. Топқа бөлу
Сенімді қарым –қатынас :
|
Сәлемдеседі
Сөздер арқылы топқа бөлінеді
І- топ Әке
ІІ- топ Ана
ІІІ- топ Бала
Ынтымақтастықта жұмыс жасау
Бір- бірімізді тыңдау
Белсенді атсалысу
Жағымсыз көңіл – күйді қоқыс жәшігіне тастау
|
Сәттілік тілеймін!
|
Өткен материалды еске түсіру
«Білу»
|
«Лотерея» әдісін пайдалану арқылы өткенге шолу жасату
|
Ұяшықтағы сұрақтарға жауап бере отырып, өтілген материалдарды қайталайды, білімдерін тиянақтайды.
|
Жарайсыңдар! Өте жақсы!
Формативті бағалау
|
Жаңа сабақ
«Түсіну»
|
«Көрікті көктем» бейнебаянын көрсету
Бейнебаян бойынша пысықтау сұрақтарын қою.
не байқадыңдар?
қандай мезгілге
тән құбылыстар?
мерекелер тойланады?
көрген зат есімдерді атаңдар.
|
Бейнебаянды көре отырып көктем туралы түсінеді, ойларын айтып, ортаға салады.
Бейнебаяннан байқаған зат есімдерді атайды. сұрақтарға жауап береді.
|
Жарайсыңдар, епті екенсіңдер!
|
«Қолдану»
|
Заттың атын білдіретін сөздерге байланысты тапсырмалар беріледі.
І- топ: Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып жазыңдар.
ІІ- топ: Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді ажыратыңдар.
ІІІ- топ: Адасқан сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазыңдар.
|
Көктем туды. Жаңбыр жиі жауды. Балалар доп ойнады. Мал өріске шықты. Малшылар көктеуде отыр. Егіншілер егін екті.
Кім? Не?
жұмысшы сүт
әже уыз
аға ірімшік
инженер
мұғалім
Сара апасына көмектесті. Қол орамалдарды жуды. еденді сыпырды. Ол кішкентай көмекші.
|
Тамаша, өте жақсы!
Формативті бағалау
|
«Талдау»
Оқулықпен жұмыс
|
Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын ашады. Ішінен заттың атын білдіретін сөздерді атайды. дәптерлеріне көшіріп жазады.
|
І- топ:
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
«Құлпыртып» сөзін буынға бөлу, буын түрлерін анықтау
ІІ- топ:
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
«Көктемде» сөзіне дыбыстық талдау жасау
ІІІ- топ:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір- бірден
Анаға сыйлаймыз.
«Сыйлаймыз» сөзін бірнеше түрде тасымалдау
|
Жарайсыңдар, епті екенсіңдер!
|
«Жинақтау»
|
Атауларын жазуға берілген тапсырмалар
|
І- топ: Туыстық атауларын анықтап, аттарын жазу арқылы бәйшешектің бейнесін құрастырады.
ІІ- топ: Дастарханға қойылатын ұлттық тағамдар атауын жазу арқылы жылқының бейнесін құрастыру
ІІІ- топ: Артық сөзді табу арқылы күннің бейнесін құрастыру
|
Өте жақсы!
Формативті бағалау
|
«Бағалау»
|
Алған білімдерін өмірмен байланыстыру
|
І- топ: Мектептегі кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу
ІІ- топ: Мектептегі нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу
ІІІ- топ: Мектеп пен үйдің ортасы аралығындағы көрген бейнелерінің атауын жазу
|
Жарайсыңдар, өте жақсы!
|
Үйге тапсырма
|
Ережелерді жаттау
Анаға сыйлаймыз өлеңін жаттау
«Анама ақ тілегім» эссе
|
Үй жұмысын жазады
|
|
Бағалау
|
Әр оқушының, жалпы топтың жұлдызшаларын санау арқылы бағалау
|
Топтың бағалауын айтады
Жеке жұлдызшаларын санайды.
|
Жарайсыңдар!
Өте жақсы!
Жақсы!
Әлі де дайындалу керек!
|
Сергіту сәті
Рефлексия
|
«Кірпі биі»
«Мақсат ағашы»
|
Би қимылдарын жасау арқылы, бойларын сергітеді
Сабақта қаншалықты әсер алғанын, қандай білім алғандарын алма жемісінің түстерімен көрсетіп, ағашқа ілу
|
Жарайсыңдар!
|