Палодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Гуманитарлық факультеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Киіміне қарап қарсы ал, мінезіне қарай шығарып сал.
Орындаған: Абдазимова Гулбахор
Қабылдады: Айжан Шукирқызы
Палодар 2019 ж
Киім тек қана адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. "Адам көркі шүберек" демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды.
“Киіміне қарап күтіп алады,біліміне қарап шығарып салады” дейді ғой қазақта. Негізі адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайтынымыз шындық. Одан кейін барып сөйлеу манеріне, мінезіне мəн береміз. Тиянақты киінген адам кімге ұнамайды дейсіз? Ал қымбат, арзан киінуіне келер болсақ: киімнің бағасы маңызды емес. Оны киген адамға байланысты. Арзан киінген адамның жан дүниесі қымбат болуы мүмкін. Киімге қарап бағалау қателік. Істемейтін сағат күніне екі рет дұрыс уақыт көрсететіні сияқты, кейбір адамдардың киімі жан дүниесі секілді қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше.
Қазіргі таңда “қыз ба, жігіт пе?” мәселесі пайда болған. Ауыр әскерлік етіктер, камуфляж түсті киім, жігіттерге сай күңгірт түстер... Осындай киім киген қыздар өзінің табиғи нәзіктігін жоққа шығарғарады. Бұндай қыздар берген уәделеріне берік, сенуге тұрарлық жандар. Өз сезімталдығын "жігітше киімнің" астына тығып, адамдарға жан дүниесін ашпайды. Қысқа белдемше, ашық кеуде, биік өкше, шілтер не мөлдір киім... Гардеробыңызда осындай бір-екі зат болуы әбден мүмкін. Ал киімінің бәрі тек осындай "ұятты" болса ше? Тым ашық киінетін қыздардың жалғыз мақсаты - жігіттердің көңілін тарту. Ол ортасының әшкерлеуін елемейді, аңсаған мақсатына кез келген жолмен жете алады.
Ал адамды адам қылатын ең маңызды нәрсе ол оның мінезі. Жақсы адамды бәріне сөзсіз ұнайды, оны бәрі құрметтейді. Барлық жақс адамдар да жеткілікті ақша бола бермйді сәнді киінуге. Мысал үшін менің физика мен орыс тілі пәні мұғалімдерімді алсақ болады. Ақ көңіл физика пәні мұғалімі бізге жақсы мәміледе болып, бізбен сыпайы сөйлесетін еді, киіну үлгісіне келетін болсақ қарапайым, елеулі киінетін болатын, біз ол кісіні бүкіл сынып жақсы көретінбіз. Ал орыс тілі пәні мұғалімі соңғы сән үлгісінде киінседе, оқушылар ортасында құрметке ие болмаған. Бұл ол кісінің тәкаппарлығына байланысты болған.
Қысқаша айтқанда, жақсы көрінгеннің бәрі алтын, қарапайым көрінгеннің бәрі нашар емес.
Достарыңызбен бөлісу: |